Литературный конкурс

В рамках реализации подпрограммы «Тәрбие және білім» программы «Рухани жаңғыру» с 22 октября по 7 декабря 2018 года проходит конкурс «Литературный конкурс на интернет ресурсах»

Ученики нашей школы предоставили следующие работы

 

Қыс

Айнала ақша қар,

Жауып тұр себелеп.

Балалар жүр ойнап

Бейне бір көбелек.

Сағына біз күткен,

Қыс келді далама.

Аққала соғайық,

Жиналып бар бала.

Рудный қаласы әкімдігінің «№15
орта мектебі» КММ
Бақытбекова Гаухар  4 «Б» сынып
Жетекшісі: Өміржан Т.Ө.

Қыс ертегісі

Ақ ұлпа қар,

Жан досымдай кіршіксіз,

Жауып тұрды бүгін тағы мүлтіксіз.

Айнала қар,

Ақ ұлпаға өрілген,

Ақ бесікте бөпем жатыр бөленген.

Қыстың қатал құшағының суығын,

Сезбеді ғой үйдің ыстық лебімен.

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
Бекназарова Назима 4 «Ә» сынып
Жетекшісі: Молдрахметова Қ.Б.

Хан батыр

Ерте, ерте, ертеде бір күні Ерғазы деген адамның отбасында дүниеге ұл бала келеді. Баланың атын «Хан» деп қояды. «Хан» деп қойған себебі. Балам ержетіп үлкен азамат болсын елін қорғап, елінің тірегі болып, халқының ханы болсын деп үлкен мағынамен қояды.

Көптеген жылдардан соң Хан өсіп ержетеді. Хан сұлу, тәрбиелі, алпамсадай, тепсе темір үзетін азамат болады.

Сөйтіп біраз күнненсоң сол ауылдағы бай өзінің сұлу қызын ең батыр азаматқа беремін дейді. Байдың сұлу қызын алу үшін жан жақтан алпамсадай азаматтар келеді. Батырларға бәйге, күрес, садақ ату, жарыстарын ұйымдастырады. Сол жарыстың бәрінен ең үздік болып Хан шығады. Қызда Ханды көргеннен көздері мөлдіреп, жүректері қайта қайта дүрсілдеп, жігітке бір көргеннен ғашық болады. Бірақ бай ұлдың кедей отбасынан шыққанын біліп қарсылық білдіреді, оған қызы:

— Махаббатты кездестірдім бұл өмірде,

Басқаға, бергім келмейді жүрегімді.

Өлсемде не болсада сүйіп өтеп,

Маңдайыма жазылған тірегімді.

 — деп қыз әкесіне өлең жырлары арқылы өзінің ұлды ұнатып қалғанын жеткізеді.

Сосын әкесі жарайды ақ батамды берейін деп. Қызына ақ батасын беріп Хан батырға қызын тұрмысқа береді. Сөйтіп Хан батыр мен Айсұлу екеуі баянды да бақытты ғұмыр кешеді.

Серікбаева Альбина 9 «Г» сынып
Жетекшісі: Ахметова М.М

Жақсы мен Жаман ертегісі

Бір бар екен, бір жоқ екен, бір ауылда, бір күнде екі жанұяда бала дүниеге келіпті. Біріншісі туылған кезде ауа райы салқындап, жаңбыр жауып, дауыл тұрғанда дүниеге келіпті. Сол үшін оның есімін Жаманбай деп қойыпты. Екіншісі туылғанда күн жылып, жаңбыр тоқтап, дауыл су сепкендей тынып қалыпты. Оның есімін Жақсыбай деп қойыпты. Екеуі де үлкен жігіт болыпты. Бір күні Жаманбай: Жақсыбайға «-сені тойға алып барам» ,- деп алдап, шөлге алып кетіпті.

Сонда Жақсыбай;

-Неге мені мына жерге алып келдін? –деп сұрапты.

-Неге сені барлық адам сені Жақсыбай деп мақтайды. Мен сені бұл жерге өлтіру үшін алып келдім,-депті Жаманбай.

-Жан досым, мені өлтірмеші. Өлтіргеннен гөрі менің екі көзімді ала салшы-депті жылап Жақсыбай. Жаманбай Жақсыбайдың екі көзін ойып, алып өзі ауылға қайтыпты.

Жақсыбай шөлде екі көзі ойылып, ештенені көре алмай аштан-аш жата беріпті.Сабыры таусылып жайлап қозғалып, еңбектеп жүре бастапты. Еңбектеп бір баспалдақтын алдына келіпті. Жайлап баспалдаққа міне бастапты. Ол жерде бір құдық бар екен. Жақсыбай құдықтың қасына келіп жатыпты, мүмкін су алуға келген бір адам маған көмектесер-деп ойлап жата беріпті. Суға келген кісілер Жақсыбайды көріп, оған нан, су беріпті. Солай күндер өте беріпті. Құдықтың жанында бір ағаштың жағасында Жақсыбай ұйықтап жатқан да ағаштың басына төрт тоты құс келіп , өзара әңгіме дүкен құрыпты. Жақсыбай тотылардың сөздерін тыңдап жата беріпті.

Бірінші тоты: -Әлемде қандай жаңалықтар болып жатқаның білесіздер ме? Бір адам көзі ойылып бір жерде жатыр, егер ол осы ағаштың басына шығып, ең жоғарыдағы жапырақты алып көзіне сүртсе, көзі ашылып кетеді, — депті.

Екінші тоты: — Арғы жақта, жалғыз шалдың сақтап жүрген ақшасын бір қоян алып кетіп ойнап жүр, егер қоянды бір ағашпен үркітсе қоян қашып кетеді, ақшаны алса болады,-депті.

Үшінші тоты: — Ауыл шетінде екі аға-іні әкелерінен қалған үйді таласып ұрысып жатыр, егер сол үйді сатып алса, үйдің алдында бір талдың астын қазса, ол жерден бір қап алтын шығады,-депті.

Төртінші тоты: -Ауылымызда бір байдың қызы ауру, ешкім байдың қызын емдей алмай жатыр.Кім байдың қызын емдесе ол қызын сол адамға береді, ол қызға үйіндегі қара мысық ғашық болып қалған, егер сол мысықты сойып қанын қызға жақса аурудан арылады, -депті.

Тотылар ұшып кеткеннен кейін Жақсыбай олардан естігенінің бәрін орындай бастапты. Ол ағашқа шығып жапырақты алып екі көзіне жағып, көзі ашылып кетіпті. Содан соң қоянды тауып ағашпен үркітіп ақшаны алыпты. Аға-ініден үйді сатып алып, талды қазып алтынды алып байып кетіпті. Сөйтіп байдың алдына келіп қызыңды аурудан құтқарамын депті. Бай егер қызым аяққа тұрмаса басыңды аламын дейді, егер тұрса қызымды саған берем депті. Жақсыбай үйіндегі қара мысықты сойып қанын жағыпты қызы аяққа тұрып бай қуанып кетіпті. Үлкен той жасап отырғанда Жаманбай келіп Жақсыбайды көріп таң қалыпты. Досым сен қалай осындай дәрежеге жеттін деп сұрапты. Жақсыбай Жаманбайға қарап болған жайды айтып беріп, оларды да өз қамқорлығына алады. Болған оқиғаларды кешіреді. Сөйтіп Жақсыбай атына сай ұзақ өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті.

Тұрдымұратова Камшат 9 «Г» сынып
Жетекшісі: Ахметова М.М.

Жаңа жыл

Мен күтемін биыл үздік жаңа жылды.

Жаттап айтам керемет жаңа жырды,

Шырша құрып, отбасыммен біз бірге

Қарсы аламыз доңызды, шығарып сап ит жылын.

Сыйлық алып, шат-шадыман боламыз,

Арман қуып, жаңа өмір тілейміз.

Ертегіге, армандарға сенеміз,

Балалығым бақытым, жаңа жылды күтеміз.

Қуантай Бейбарыс 4 «А» сынып

«Үздік жаңа жылдық әңгіме»

Аяжан 3 «А» сыныпта оқиды. Міне Жаңа жылда жақындап қалды. Аяжанның анасы жаңа жылға әдемі көйлек алып берді. Олар жаңа жылға «Орбита» сауықтыру орталығына барды. Ол жердің іші кең, әдемі және өте жарық. Жаңа жылдық шырша ортада әсемделген. Барлығы бір залға жиналды.

Аяжанға «Орбита» сауықтыру орталығы қатты ұнады. Залда балаларға көп қойылымдар көрсетілді. Балалар Аяз атаға дайындап әкелген тақпақтарын, өлеңдерін айтып, би билеп мәз — мейрам болды. «Жаңа жыл ол өте сиқырлы мереке, себебі сағат тура он екі болғанда басталады»- деп хабарлады Ақшақар. Балалар Ақшақармен көп ойындар ойнап, уақыттың қалай өткенін білмей қалды. Бір кезде Аяз Ата келді, балаларға көп сыйлықтар берді. Балалар сыйлықтарға мәз болып, қатты қуанды. Аяжан үйіне келгенде анасына қарап, анашым бұл ең керемет жаңа жыл болды,-деді.

Ойтугарова Гулнур
3 «Б» сынып оқушысы
Жетекшісі: Салтенова Н.С.

Үздік жаңа жылдық әңгіме

Аяжан 3 «А» сыныпта оқиды. Міне Жаңа жылда жақындап қалды. Аяжанның анасы жаңа жылға әдемі көйлек алып берді. Олар жаңа жылға «Орбита» сауықтыру орталығына барды. Ол жердің іші кең, әдемі және өте жарық. Жаңа жылдық шырша ортада әсемделген. Барлығы бір залға жиналды.

Аяжанға «Орбита» сауықтыру орталығы қатты ұнады. Залда балаларға көп қойылымдар көрсетілді. Балалар Аяз атаға дайындап әкелген тақпақтарын, өлеңдерін айтып, би билеп мәз — мейрам болды. Жаңа жыл ол өте сиқырлы мереке, себебі сағат тура он екі болғанда басталады деп хабарлады Ақшақар. Балалар Ақшақармен көп ойындар ойнап, уақыттың қалай өткенін білмей қалды. Бір кезде Аяз Ата келді, балаларға көп сыйлықтар берді. Балалар сыйлықтарға мәз болып, қатты қуанды. Аяжан үйіне келгенде анасына қарап, анашым бұл ең керемет жаңа жыл болды,-деді.

 

Ойтугарова Гулнур

Қыс келді

Қыс келді қаһарланып қабақ түйген,

Аязы бетті шымшып шыдатпайды.

Сонда да бала ойнап қарды үйген.

Шырайы ашық бүгін бақтардың да,

Жыр лебін жүрегіммен ақтардың ба?

Бал тілек, ақшақардай үлпілдеген,

Аққала соғып, ақ қар ақпанында.

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
Молдабекова Үміт 4 «Ә» сынып
Жетекшісі: Молдрахметова Қ.Б.
Перейти к верхней панели