Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету

Рудный қаласы әкімдігінің « Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бастамасымен Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ өткізілген әлеуметтік іс-шарасы

Рудный қаласы әкімдігінің « Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бастамасымен 2019 жылдың 15-25 ақпан аралығында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету негізінде Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ директоры Нұрмағанбетов Қ.Р. өз қаражаты есебінен материалдық көмек берді. Атаулы көмек кәмелеттік жасқа толмаған 7 бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана Какенова Гүлзия Бақытжановнаға және 4 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы және жалғыз басты ана Жилкишиева Жанагул Ергешовнаға берілді.

Нұрмағанбетов Қ.Р. берген қаражаты есебінен жоғарыда аталған отбасыларға азық-түлік ретінде көмек көрсетілді
Сонымен қатар жеке кәсіпкер Уркия апа көпбалалы және жалғыз басты ана отбасына материалдық көмек ретінде киім берді.