Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды.

Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы — осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық оқу – оқушының ақпараттық құрылғыларды қолдана отырып өз бетімен білім алуы. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа.

Сондай-ақ, төртінші тоқсан басталысымен «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі.

Құрметті ата-аналар, бұл мәселеде сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды! Балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы ғана біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім беруді жүзеге асыра аламыз.

Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!

Құрметті оқушы!

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 6 сәуірден бастап мектеп төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды.

Оқушының міндеттері:

— күн сайын кестеге сәйкес ТВ-сабақтарының трансляциясын көруге міндетті.

— күнделікті тапсырмаларды өз бетінше орындайды, соның ішінде мектеп белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы;

— сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;

— пән мұғалімі түсініктемесінен кейін қателерді орындайды;

— қол жетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

— күн сайын жеке кабинетке электронды күнделікке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді.;

— мұғалімге қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, Whatsappчаттар және т. б.) арқылы орындалған тапсырмаларды сканерлеу (немесе фото) арқылы мұғалімнің талаптарына сәйкес күнделікті орындалған тапсырмаларды ұсынады.);

— оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;

— қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.

Онлайн сабаққа қатысу туралы оқушы нұсқаулығын жіберілген бейне ролик арқылы қарап шығуды сұраймыз.http://school15kaz.kz/?p=2722

Оставьте комментарий

Перейти к верхней панели