Рухани жаңғыру. Ұлы даланың жеті қыры. Мұражайға саяхат!

Ұлы дала жерімде,

Тарихым терең сақталған.

Киелі жеті санымен,

Жеті қырым табылған.

Ұлы даланың жеті қыры, бұл- тарихқа деген ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектерімізде жеткілікті. Ең бастысы- біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауымызға тиіспіз.Ұлы даланың жеті қырымен танысу үшін МЕН №15 орта мектебінің 8 А сынып оқушыларымен бірге қалалық мұражайға экскурсияға барған болатынбыз. Экскурсиядан алған әсеріміз керемет. Барлығымызға белгілі Ұлы даланың жеті қыры мынадай бөлімдерден тұрады: Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы және Қазақстан-Алма мен Қызғалдақтың Отаны. Экскурсия барысында біз барлығымен жеке-жеке танысып шыққан болатынбыз. Экскурсия барлығына қатты ұнады,балалар ерекше әсер алып, рухани байлығымызды кеңейтіп қайттық.

Рудный қаласы

15 орта мектебінің оқушысы

10 сынып оқушысы

 Нурмуратова Аружан.

Оставьте комментарий

Перейти к верхней панели