Тамыз конференциясы 2019 жыл

      Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында тамыз конференциясы өтеді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, қаламыздағы білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары №7 мектеп-гимназиясында бас қосты. Бұл жолғы шара «Рудный қаласының білім беру жүйесіндегі білім беру сапасы мен жаһандық құндылықтары» тақырыбы аясында өтті. Жиын барысында, үздіктер “Ы.Алтынсарин” және “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгілерімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, өңірлер қызметінің рейтингтік бағалауының жеңімпаздары анықталып, сыйлықтарға ие болды. Соның ішінде, Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ «2019 жылы білім беру ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалаудың үздік көрсеткіші»  атағына ие болды және де орыс тілі пәні мұғалімі Аханова Айзада Бекенқызы жоғары деңгейдегі жеткен жетістіктері үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Оставьте комментарий

Перейти к верхней панели