Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы № 2

27.10. 2017 ж.

Қатысты :

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

Тажибаева Жанылсын Кабиденовна, Рудный қалалық аурухана ММ- сінде  медбике, кеңес төрайымы

Медетов Ашим Бакбергенович, АО ССГПО, электр слесарі, төрайым орынбасары

Абдрахова Гулнура Бисенбаевна, жұмыссыз, кеңес хатшысы

Майлыбаев Римхан Бектасович, АО ССГПО, құбыртөсегіш жүргізуші, кеңес мүшесі

Садыков Булат Сулейменович, ТОО «»Самай » Қауіпсіздік қызметі» күзетші, кеңес мүшесі

Нарымбаева Нурдана Батырбековна, Рудный қаласы УВД инспекторы, кеңес мүшесі

Сундетбаева Гульзира Сандибековна,  «№14 орта мектебі» КММ  есепші,

Масабаева Бактыгул Ергалиевна, АО ССГПО, үй-жайларда  өндірістік жинаушы, кеңес мүшесі

Сарсенов Ерболат Серикбаевич, АО ССГПО, жүк тасушы , кеңес мүшесі

 Күн тәртібі:

1.Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы

Баяндамашы: Тажибаева Жанылсын Кабиденовна, Рудный қалалық аурухана ММ- сінде  медбике, кеңес төрайымы

ТЫҢДАЛДЫ: Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген жалпы ереже туралы тоқталып өтті. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы білім беру саласындағы нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Олар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан Республикасы  Заңының 51-бабы 1 тармағының 2) және 3) тармашаларында көрсетілгени адамдар кіргізілмейді деп атап көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің қамқоршылық кеңестері көбінесе ата-аналар комитеттерінің қызметін атқарады» деп көрсетілген.

Мемлекеттік бағдарламада «Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру» бойынша нәтижелер көрсеткіштеріне сәйкес қамқоршылық кеңестер құрған мектептердің үлесі 2017 жылы  — 62%, ал 2019 жылы — 65%  құрауы тиіс деген көрсеткішті айтып өтті.

Мектептегі білім беруді басқаруға мектептердегі қамқоршылық кеңестерді дамыту арқылы қалың жұртшылық тартылатын болады.

Басқа білім беру ұйымдарының басшыларымен бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың еңбекке орналасуына жәрдемдесу жайында сөз қозғады және оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қамқорлыққа мұқтаж оқушыларды мектеп жанындағы лагерге қамтылуын қамтамасыз ету.  Әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту шараларына ықпал ету жайында мәселеге тоқталды.

   ШЕШІМ:

1.Қамқоршылық кеңестің құрамына енген мүшелерінің жұмысын жандандыру

2.Мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа алынған отбасының балаларына көмек қарастыру

3.Мектептің әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету

 Төрайым:                   Тажибаева Ж.

Хатшы:                        Бисенбаева Г.

Хаттама

Перейти к верхней панели