Ұжымдық шарт


Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі»КММ
2019-2021 жылға

Мазмұны:

  1. тарау. Жалпы ережелер
  2. тарау. Еңбек шарты.Еңбек шартын жасасу және бұзу кезінде берілетін кепілдіктер
  3. тарау. Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктігін арттыру.
  4. тарау. Жұмысшылардың босауы және олардың еңбекпен қамтылуына септік ету.
  5. тарау. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
  6. тарау. Еңбек ақы мен еңбек нормалары
  7.  тарау. Кепілдіктер мен өтемақылар
  8. тарау. Еңбек пен денсаулықты қорғау
  9. тарау.Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
  10. тарау. Кәсіподақтың міндеттемелері
  11. тарау. Білім беру ұйымдарын басқару, әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру және жастар саясаты
  12. тарау. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік –еңбек қақтығыстары мен ереуілдерді  ескерту мен алдын-алу бойынша Ұжымдық шарт  тараптарының іс-әрекетін үйлестіру.
  13. тарау. Ұжымдық шарттың орындалуына бақылау жүргізу. Тараптардың жауапкершілігі.

Ұжымдық шартқа қосымшалар тізімі:

  1. Жұмыс берушілер актілері  мен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек

шарттарын бұзу туралы шешімдер қабылданғанда сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірін ескерту мен Ұжымдық шарт алу тәртібі (№1 қосымша).

  • Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен

демалыс уақытының  режимі туралы Ереже (№2 қосымша).

  • Жыл сайынғы ақылы демалысының ұзақтығы (№3 қосымша)
  • Зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін берілетін жыл

сайынғы қосымша ақылы еңбек  демалысына, қосымша төлемге құқықтары бар қызметкерлердің тізімі (4 қосымша).

  • Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне сыйақы төлеу, материалдық

көмек беру және лауазымдық жалақыларына қосымщалар белгілеу Ережелері (№5 қосымша)

  • Толық материалдық жауапкершілік туралы Ұжымдық шарт шарт үлгісі (№6 қосымша).
  • Қызметкерлерге тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін беру

нормалары мен оларды тарату шарттары (№7 қосымша).

  • Сабын, тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер тізбесі (№8 қосымша).
  • Еңбек қорғау жөніндегі Ұжымдық шарт (9 қосымша).
  • Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы Ереже (№ 10 қосымша).
  • Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы Ереже (№11 қосымша).
  • Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Ұжымдық шарт комиссиясы туралы Ереже (№12 қосымша).

1 тарау

Жалпы ережелер

  1. Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау мақсатында жұмыс беруші Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыс беруші) директоры тұлғасында Нурмаганбетов Кайыржан Ракымжанович қызметкерлер мен мектептің бастауыш кәсіби одағының атынан (бұдан әрі – кәсіподақ) Досмаганбетова Жумагул Тасболатовна өзара бірлесіп, осы Ұжымдық шартын жасасты.
    1. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне  (бұдан әрі-ҚР

ЕК), өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қатынастары тараптарының құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған еңбекке тікелей  байланысты  еңбек қатынастары мен басқа да қатынастар құқығын реттеу, қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтарды белгілеу, сондай-ақ заңдармен,  өзге де нормативтік  құқықтық актілермен,  оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалды.

  1. Ұжымдық шарт тараптары
  2. өкіл атынан кәсіподақ төрайымы болып  табылатын кәсіпорын қызметкерлері–«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
  3. білім беру ұйымы (мекеме басшысы, бұдан әрі-Жұмыс беруші) олардың өкілі  атынан – Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ директоры.
  4. 1.4. Ұжымдық шарттағы негізгі түсініктері:
  5. азаматтық қызметші –Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде  ақы төленетін  штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру  мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асратын адам.
  6. айлық жалақының ең төменгі мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым

(онша күрделі емес)  еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері;

  • арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік

факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, бас киім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;

  • біліктілік санаты (разряд) – орындалатын  жұмыстардың күрделілігін

көрсететін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талапртар деңгейі;

  • демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда

орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілеу бір кезеңгі жұмыстан босату;

  • еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдау

келлісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер мен жұмыс берушінің  (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

  • еңбек жағдайлары – еңбек ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
  • еңбекке ақы төлеу-осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ Ұжымдық шартдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі.
  • еңбек қатынастары — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, Ұжымдық шартдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
  • еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде

еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі;

  1. еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;
  2. еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;
  3. еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ Ұжымдық шартдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;
  4. еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша Ұжымдық шарт, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
  5. жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
  6. жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері;
  7. жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
  8. жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;
  9. қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
  10. өндірістік қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;
  11. өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі – білім алушы) кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер;
  12. тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;
  13. тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыскерге жұмыс берушінің қолданатын тәртіптік ықпал ету шарасы;
  14. тынығу уақыты – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
  15. ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша Ұжымдық шарт нысанындағы құқықтық акт;
  16. іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

            1.5. Кәсіптік одақ  мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер кәсіподақ мүшелеріне қызметкерлердің   мүдделерін ұсынуға құқылы. Қызметкердің жазбаша өтініші негізінде кәсіподақ мүшелері оның мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз етеді.

            1.6. Осы Ұжымдық шарттың күші Жұмыс берушіге, Кәсіподақ ұйымына,  Кәсіподақ мүшесі болып  табылатын қызметкерлерге және оған қосылған тұлғаларға таратылады.

1.7. Осы Ұжымдық шарттың тараптары қызметкерлердің еңбек заңдылығымен және осы Ұжымдық шартпен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауы тиіс.

1.8. Осы Ұжымдық шартер жұмыс берушінің қызметкерлер үшін ұжымдық шартпен қабылданған міндеттемелері мен кепілдіктерін жоғарылату құқықтарын шектемейді.

1.9. Ұжымдық шарттың күші жүретін мерзімде қабылданған және қызметкерлердің жағдайын жақсарта түсетін қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, Ұжымдық шарттың сәйкес нормаларының аясын кеңейте түсуді және сол нормативтік- құқықтық актілер күшіне енген мезгілден бастап қоланылады.

1.10. Тараптар осы Ұжымдық шарт мәтіні, оған қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде білім беру ұйымының басшысы тарапынан қызметкерлердің назарына жеткізілуі қажеттігі туралы келісті.

Кәсіподақ және жұмыс беруші осы Ұжымдық шарт ережелерін түсіндіріп, олардың жүзеге асырылуын септік етуге міндеттенеді.

1.11.  Егер тараптар туындаған дау бойынша өзара қолайлы шешімге келе алмаса, ондай дау еңбек дауын шешу жөніндегі қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіппен шешілуі мүмкін.

            Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және әлеуметтік –еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның құрамын Тараптар өз бетінше дербес анықтайды.

            Комиссия өз отырыстарын қажетіне қарай бірақ күнтізбелік  жылдан кемінде екі рет өткізуі тиіс.

            1.12. Осы Ұжымдық шарт орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар комиссия мен осы Ұжымдық шартқа қол  қойған басшыларды жазбаша түрде хабарландырады.Тараптар берілген ақпаратты талқылайды да тиімті шешім қабылдайды.

1.13. Ұжымдық шарттың күші білім мекемесі және сонымен қатар Кәсіподақ ұйымдық өзгеріске ұшыраған (бірігу, қосылу, бөліну, жіктелу, қайта құрылу) кезеңге сақталады.

1.14. Осы Ұжымдық шартқа енетін қандай да бір білім беру ұйымының меншік иесі ауысқанда Ұжымдық шарттың күші 3 ай мерзімге сақталады. Меншік құқықтары ауысатын үш айлық мерзім ішінде Кәсіподақ пен меншіктік құқықтары ауысатын үш айлық мерзім ішінде Кәсіподақ пен меншіктің жаңа иесі осы Ұжымдық шартты қалдыру немесе жаңа Ұжымдық шарт жасау туралы келіссөздер жүргізуді бастауға құқылы.

1.15. Білім мекемесі жойылған жағдайда Ұжымдық шарттың күші осы ұйымның барлық қызметкерлерімен еңбек шарты тоқтатылғанға дейін сақталады.  

1.16. Тараптар осы Ұжымдық шартқа өзгертулер мен толықтырулары жеке хаттамамен және қосымша Ұжымдық шартмен рәсімделеді әрі ол осы Ұжымдық шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

1.17. Ұжымдық шарт күшінің таралу мерзімі ішінде тараптардың ешқайсысының өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудан біржақты  бас тартуға құқығы жоқ. 

1. 18. Осы Ұжымдық шарт бойынша  алынған міндеттемелерді қайта қарау білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуіне алып келмеуі тиіс.

1.19.  Осы Ұжымдық шарт оған тараптар қол қойған  кезден бастап күшіне енеді.

1.20. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларын құру міндеттілігі  туралы келісімге келеді. Комиссия құрамы теңқұқылы бастамада әр тараптан сандық құрамы тең өкілдерден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасында туындайтын барлық санаттағы жеке еңбек дауының кез-келген тарапының өтініші бойынша, ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіппен қаралуы мүмкін.

Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы тұрақты жұмыс жасайтын орган болып табылады және заңды тұлғар мәртебесіне  ие, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдері болып табылатын әрбір білім беру және ғылым мекемесіне, кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінен тең құқылы жағдайда жасақталады.

1.21. Тараптар жұмыс берушінің төмендегі актілері бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатыны туралы келісті:

            1) Ішкі еңбек тәртібі ережесі;

            2) оқу сабақтарының кестесі;

            3)демалыс кестелері;

4) педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі;

5) педагогикалық қызметкерлердің қолданыстағы біліктілік санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестатциясын тағайындау туралы шешім;

6) біліктілік санатын төмендету туралы шешім;

7) еңбек қорғау бойынша нұсқаулық

8) еңбек жағдайларының өзгертуі туралы бұйрықтар;

9) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

10) штаттық кестенің қысқару мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

11) көтермелеулер мен тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;

12) сыйақы беру, материалдық көмек көмек туралы бұйрықтар;

13) айырықша жағдайларда қызметкердің Ұжымдық шартсыз демалыс және мерекелік күндері жұмысқа тарту туралы бұйрықтар;

14) жұмыскерді жұмыстан шеттету бойынша бұйрықтары.

            1.22. Тараптар жұмыс берушінің төмендегі актілері мекеме  (ұйым) кәсіподақтық қызметке алынған Кәсіподақ атқару комитетімен келісе отырып қабылданатыны туралы келісімге келеді.

1) жұмысшылар саны немесе штаттың қысқаруы туралы, жұмыс күшінің жаппай бір мезетте бестен он  адамға дейін босауы туралы актілер;

1.23. Ұйымның жойылуы мен он адамнан артық жұмыс күшінің бір мезетте жұмыстан босауы туралы актілер Жергілікті кәсіподақтың облыстық комитетімен келісіледі.

1.24. Кәсіподақ органынан Ұжымдық шарт алынған жағдайда кәсіподақ органы төрағасының қолы қойылған құжаттың бар болуымен анықталады. Кәсіподақтың Ұжымдық шарты мен дәлелді пікірі осы Ұжымдық шарттың тараптарының өзара келіскен тәртібі бойынша сұратылады және шығарылады (№1 қосымша).

2 тарау

Еңбек шарты

2.1. Еңбек шартының мазмұны оны жасау, өзгеру мен бұзу тәртібі ҚР ЕК, өзге де заңнамалық  және нормативтік құқықтық актілер, білім мекемелерінің Жарғыларына (ережелеріне) сәйкес жасалады қызметкерлердің жағдайын  қолданыстағы еңбек заңдылығымен, осы ұжымдық шартпен қол жеткен жағдайлармен салыстырғанда төмендетпеуі тиіс.

2.2. Еңбек шарты жұмысшымен жазбаша түрде екі данада жасалып, оның әрқайсысына жұмыс беруші мен жұмысшы қол қояды. Еңбек шарты оларды есепке алу кітабында тіркеледі. Тараптардың қолы қойылып, мекеменің мөрімен расталған еңбек шартының бір данасы жұмысшының қолына беріледі. Еңбек шартының бір данасын табыс ету жағдайы жұмысшының еңбек шарттарын есепке алу кітабына қол қоюы арқылы нақтыланады.  Еңбек шарты жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға негіз болып табылады.

2.3. Жұмыс сипаты тұрақты болып табылатын жұмыстарға еңбек шарты шектеусіз мерзімге немесе бір жылдан кем болмайтын мерзімге жасалуы мүмкін. Аталған ереже  еңбек шарты қызметтерді біріктіріп  (қоса) атқару шартымен жасалған  қызметкерлерге таратылады.

Еңбек шартының мерзімі аяқталған тараптар оны шектеусіз мерзімге немесе  бір жылдан кем болмайтын мерзімге созуға құқылы.

Еңбек шартының  мерзімі аяқталған жағдайда тараптардың ешқайсысы бір жұмыс күнінің  (ауысымының) барысында еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабарландырмаса, ол еңбек шарты, ҚР еңбек кодексінің 51 б.2т. көзделген өзге жағдайларда, осыған дейін жасалған мерзімге жасалған деп есептеледі.

Бір жылдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзарту екі реттен ауыспауы керек.

Еңбек қатынастары 2 рет ұзартудан кейін жалғасқан жағдайда еңбек шарты шектеусіз мерзімге жасалған болып есептеледі.

Еңбек шарты бір жылдан кем мерзімге тек  қандай да бір нақты жұмысты атқарған жағдайда, жұмыста уақытша жоқ қызметкерді алмастырғанда, маусымдық жұмыстарды атқарған мерзімге жасалады.  Жұмыс беруші мен зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара Ұжымдық шарт болған жағдайда, жұмыс берушілер қолданыстағы еңбек шртына өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жыл сайын ұзартып және бұйрық шығарып отыруға құқылы. Осы жағдайда бұл еңбек шарты ҚР ЕК 52 б. 1 т. 24 т. т.  сәйкес (зейнеткерлік жасқа жету)  бұзу болып есептелмейді және өтемақы төлемі берілмейді. Жұмыс беруші ҚР ЕК 53 б. 9 т. сәйкес өтемақы төлемін еңбек шартын ҚР ЕК 52 б. 1т., 24 т.т.  сәйкес бұзған жағдайда ғана жүргізеді.

Сонымен қатар жұмыс беруші  мен зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмыс берушілер қолданыстағы еңбек шартын  оқу жылы аяқталғаннан кейін  бұзып, оны жыл сайын  қайта жасауға құқылы. Бұл жағдайда  еңбек шарты ҚР ЕК 52 б. 1 т 24 т.т.  сәйкес (зейнеткерлік жасқа жету) бұзылды деп есептеледі де жұмыс беруші ҚР ЕК 53 б. 9 т.  сәйкес, осы Ұжымдық шартмен  және (немесе) Ұжымдық шартпен белгіленген мөлшерде, өтемақы төлемін жүргізеді. Осы ретте зейнет жасына жеткен қызметкермен жасалған еңбек шартының біржылдық мерзімі аяқталғанда еңбек шарты мерзімнің аяқталуына орай  бұзылады және өтемақы төлемі жүргізілмейді.

Зейнет жасына жеткен қызметкерлермен жасалған еңбек шарты жыл сайын ұзартылған жағдайда, еңбек шарты бір жылдық мерзімге жасалады да, аталған қызметкерге  еңбек заңдылығымен көзделген барлық жеңілдіктер  мен кепілдіктер, өтемақылар  (жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс, сауықтыру жәрдемақысы және т.б.) сақталуы тиіс.

2.4. Жұмыс қабылданған  жағдайда төмендегі санаттағы қызметкерлерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

-мүгедектер;

-Жұмыс беруші анықтайтын, өзге тұлғалар

2.5. Егер еңбек шартын тоқтату немесе бұзу күнінде Қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында  немесе өзге де демалыста, немесе уақытша еңбекке жарамсыз болса, ол Қызметкермен еңбек шарты, ҚР ЕК 52 б. 1 т. 1), 18), 20) және 23) т.т. көзделген және уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастырған жағдайлардан  өзге жағдайларда, жұмысқа шыққан алғашқы күні бұзылады.

2.6. Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабымен көзделген ерекше еңбек жағдайлары, оның ішінде оқу жүтемесінің көлемі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтылығы, еңбек ақының  мөлшері,  жеңілдіктер мен өтемақылар және өзгелер көрсетіледі.

Еңбек шартында жағдайлар тек тараптардың келісмі бойынша және жазбаша түрде  ғана, ҚР Еңбек кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Білім беру ұйымының басшысы жұмысшыларды және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін қызметкердің еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, сол өзгерістер енгізілгенге дейін бір ай бұрын, жазбаша  түде ескертуге міндетті.

Мүгедек азаматпен жасалатын Еңбек шарты олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындарына қатысты шарттарды қамтуы тиіс.

2.7. Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесін  (педагогикалық  жұмыстың) көлемі оқу жоспарындағы  сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, мекемедегі  өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің  пікірін ескере отырып  белгіленеді.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің мөлшері еңбек шартында белгіленеді және тараптармен қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.

2.8. Осы мекеме негізгі жұмыс орны болып табылатын  мұғалімдер үшін жаңа оқу жылындағы оқу жүктеме мөлшері  мен сыныптарда, топтарда жүргізетін пәндердің  сабақтастығы сақталады.  Мұғалімдерге жаңа оқу жылының басында белгіленген  оқу жүктемесі ағымдағы оқу жылында, сондай-ақ кезекті оқу жылына әкімшіліктің бастамасымен, оқу жоспарлары  мен бағдарламаларға сай сағаттардың қысқарып, сынып  сандарының азаюынан өзге жағдайларда, төмендетіле алмайды.

Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына  сәйкес мұғалімдердің  оқу жүктемесі бірінші және екінші жартыжылдықта әртүрлі болуы мүмкін.

Мұғалімдерге оқу жүктемесінің мөлшері заңдылықпен нормативті түрде  белгіленген артық немесе кем болып белгіленуі тек олардың жазбаша келісімімен жүргізіледі.

2.9. Осы мекемеде жұмыс істеп оқытушылық қызметті негізгі жұмысынан тыс атқаратын  тұлғалар, сондай-ақ өзге де білім мекемелері мен ұйымдары мекемелер  мен  ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері  үшін оқу сағаттары, осы білім  мекемесі негізгі  жұмыс орны болып  табылатын мұғалімдер оқу жүктемесімен, еңбек ақы ставкасынан кем емес мөлшерде, қамтылған жағдайда ғана беріледі.

Басшы қызметкерлерге аталған қоса атқарылатын жұмыс педагогикалық жүктеме осы білім мекемесі негізгі жұмыс орны болып табылатын мұғалімдер  оқу жүктемесімен, еңбек ақы ставкасынан кем емес  мөлшерде, қамтылған жағдайда ғана беріледі.

2.10. Бала күтіміне байланысты, үш жасқа толғанға дейінгі, демалыста  отырған мұғалімдер үшін оқу жүктемесі жалпы ережелер бойынша белгіленеді және осы кезеңге жүктемені орындау өзге мұғалімдерге беріледі.

2.11. Жұмыс емес мереке және демалыс күндеріне оқу жүктемесі жоспарланбайды.

2.12. Мұғалімнің еңбек шартындағы немесе басшы бұйрығындағы оқу жүктемесінің оқу жылы ішінде артуы немесе кемуі тек қана:

А) тараптардың өзара келісімі бойынша;

Б) жұмыс берушінің батамасы бойынша келесі жағдайларда:

— оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша оқу сағаттары азайғанда, сыныптар, топтар саны қысқарғанда;

— өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша жұмыста жоқ қызметкерлерді алмастыру үшін оқу жүктемесі уақытша артқанда (мұндай жағдайда жұмысшының келісімінсіз арттырылған оқу жүктемесімен жұмыс істеу ұзақтылығы күнтізбелік жыл бойында  бір айдан аспауы тиіс);

— еңбек дауын қарайтын органмен бұрын соңды осы оқу жүктемесін орындаған мұғалім  жұмысқа қайта орналасқанда;

— бала күтіміне байланысты демалыста отырған әйелдің, ердің демалысын мерзімінен бұрын үзіп немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа оралғанда жүргізіледі.

— өзге өндірістік қажеттілік.

2.13. Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын елеулі өзгертуге, ережеге сай, тек жана оқу жылына еңбек жағдайларының ұйымдық немесе технологиялық өзгеруімен  (сынып комплектілерінің, топтардың немесе оқитындар (тәрбиеленушілер) санының өзгеруі, оқу жоспарлары бойынша оқу сағаттарының өзгеруі, тәжірибе жүргізуі, мекеме жұмысының ауысымдылығының өзгеруі, сондай-ақ білім бағдарламаларының өзгеруі және т.б.) байланысты, бірақ қызметкер жұмысының еңбек функциясы  өзгерместен жалғасқан жағдайда (белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) жол беріледі.

Оқу жылы ішінде еңбек шартын елеулі өзгертуге тек ерекше, яғни тараптардың қалауынан тыс, жағдайларда ғана жол беріледі.

Еңбек шарттарына елеулі өзгерістердің енгізілетіні туралы қызметкер жұмыс беруші мекемеде оның біліктілігін және денсаулық жағдайына сәйкес өзге жұмысты жазбаша түрде ұсынуға, ал ондай жұмыс болмаған жағдайда, қызметкер өз біліктілігі мен денсаулық жағдайына байланысты атқара алатын – бос тұрған төменгі лауазым немемсе төмен ақылы жұмысты ұсынуға міндетті.

2.14. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі жұмысшымен еңбек шартын жасағанда оны осы ұжымдық шартпен, мекеме Жарғысымен  (Ережемен), ішкі еңбек тәртібі ережелерімен  және мекемеде қолданылатын өзге де локальды  нормативтік актілермен жазбаша түрде таныстыруға міндетті.

2.15. Жұмысшымен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек Кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. Еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен ҚР ЕК 52 б. көзделген  кез-келген негіз бойынша бұзылғанда, 1), 12), 21), 20) және 23) тармақшалармен көзделген жағдайлардан басқа,  Жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ комитетінің алдын-ала дәлелді пікірін алуға міндетті.

2.16. Мемлекеттік мекемелер  мен қазыналық кәсіпорындардың басшылары жұмысқа қабылдау барысында ҚР «Білім туралы»  Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13 шілде 2009 жылғы № 338 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген  тұлғалар лауазымының Үлгілік біліктілік сипаттамаларын басшылыққа алады.

Бұл ретте ҚР Конституциясының  77 бабы 3 тармағының 5 тармақшасымен  және Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 43 бабымен  көзделген жауапкершілікті  белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататындай заңдардың  кері күші болмайды, егер қызметкер жұмысқа, олардың жағдайын нашарлататындай жаңа талаптар  белгілейтін нормативтік құқықтық  актілер қолданысқа  енгенге немесе қолданыстағы актілерге  өзгертулер енгізілгенге дейін қабылданса, сондай-ақ, қабылданған мезгілде  қызметкер  қойылған талаптарға сай болмаса, мұндай қызметкер бастапқы бастапқы қабылдаған лауазым бойынша өзінің педагогикалық қызметін жалғастыруға толық құқығы бар.

2.17.  Егер мекемеде қызметкерлер туралы жеке мәліметтерді сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығарылмаған  болса білім беру ұйымдарының басшылары 2019 жылдың 1 ақпанына дейін аталған бұйрықтарды шығару туралы міндеттеме қабылдайды.

Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының «Жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы  №94-V Заңына сәйкес қызметкерлердің  жеке мәліметтерін жинауды, өңдеу мен қорғауды қамтамасыз етуге және төмендегі талаптарды  сақтауға міндеттенеді:

  1. Қызметкердің жеке мәліметтерін, оның жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа

хабарламау;

  •  Қызметкердің жеке мәліметтерімен танысуға тек арнайы өкілетті тұлғаларға 

ғана рұқсат беру. Бұл ретте аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орнатуға қажетті мәліметтерін ғана алу құқығына ие болуы тиіс және конфиденциалдық шартты сақтауға міндетті;

  • Қызметкердің мекеме аясындағы  жеке мәліметтерін беру жұмыс берушінің

актісіне сәйкес, онымен жұмысшыны таныстыра отырып, жүргізіледі.

3 тарау

Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру

  • Тараптар келесі шарттар бойынша өзара келісімге келді.
    • Қалалық білім бөлімі білім беру ұйымдарының қажеттілігі үшін кадрлардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлаудың қажеттілігін анықтайды.
    • Жұмыс беруші кәсподақпен келісе отырып кәсіби даярлық, қайта даярлау мен біліктілігін көтеру нысандарын, қажетті мамандықтар мен кәсіптер тізбесін, әр күнтізбелік жылға оқушылар санын белгілейді.
    • Жұмыс беруші келесі міндеттемелерді алады:
      • Барлық қызметкерлердің кәсіби даярлығын, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
      • Бюджет қаражаты есебінен әр бес жылда кемінде бір рет білім беру ұйымдарының педагогикалық және медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырып отырады.
      • Жұмысшылардың босауы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы бір мезетте болған жағдайда босайтын жұмысшыларды жаңа жұмыс орындарына орналастыру мақсатында жедел оқытуды жүзеге асырады.
      • Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарға жолданумен байланысты шығындарын өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережесі» басшылыққа алынады.
      • Білім беру ұйымдарының педагогикалық және педагогикалық емес қызметкерлерінің аттестаттауды  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген  «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестіріген тұлғаларды, және білім және ғылым  саласындағы басқада азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  Ережеге сәйкес ұйымдастырады. Аттестация қорытындылары бойынша педагогикалық қызметкерлерге берілген біліктілік санаттары үшін тиісті қосымшаақылар жаңа жылынан бастап, ал педагогикалық емес қызметкерлерге біліктілік санаты берілген күннен бастап белгіленеді.

Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Оқытушылық қызметтен әдістемелік қызметке ауысқан  кезде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Аудандық, қалалық облыстық әдісстемелік кабинеттердің әдіскерлері аттестациялаудан жалпы негіздемелер бойынша өткізіледі.

Осы норма әдістемелік жұмыстан тәрбиешілік лауазымға  және  керісінше  тәбиешіліктен –әдістемелік жұмысқа ауысқан жағдайда да қолданылады.

Аттестаттау комиссиясының шешімімен келісспеген жағдайда қызметкер оған сот тәртібінде шағымдана алады.

  • Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде

мынадай жағдайларда үш жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:

  1. педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
  2. жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
  3. қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының тыс жерде оқуды (тағлымдамада) болуы.
  4. Тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдық қызметіне қайта келуі;
  5. Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс орнының ауысуы;
  6. Білімін, еңбек өтілімен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шетелдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы;
  7. Білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан  ауысады.
    1. Зейнеткерлік жасқа дейін 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда оның біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады. Бұл жағдайда педагог қызметкер өзінің біліктілік санатын зейнет жасына жету мерзіміне дейін сақтау және кезекті санат беруден  (растаудан) босату туралы білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді. Зейнет жасындағы педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымының штатында, сонымен қатар еңбек шарты бойынша да бір жылдан көп уақыт жұмыс атқаратын болса, аттестациядан жалпы негізде өтеді.
    1. Егер педагогикалық қызметкер объективті себептерге байланысты, осы Ұжымдық шарттың 3.3. тармақшамен көрсетілген жағдайлардан өзге, заңнамамен көзделген мерзімде аттестаттау процедурасын өтпеген болса, мұнда қызметкердің біліктілік санаты  бір деңгейге төмендетіліп, аттестатциялау Ережесіне сәйкес сол біліктілік санатын растауға немесе жоғары біліктілік санатына алуға өтініш беру құқығы сақталады.
    1. Сонымен қатар тараптар, егер педагогикалық қызметкердің педагогикалық қызметі білім туралы дипломында көрсетілмеген мамандықбойынша жүзеге асырылса, дегенмен ол қызметкер жұмысқа қабылданға мезгілде заң талаптары білім туралы дипломында көрсетілмеген мамандық бойынша жұмыс атқаруға және сол лауазымына сәйкес біліктілік санатын көтеруге мүмкіндік берген болса, сондай-ақ ондай қызметкер, заң талаптары күшейтілген (өзгерген) мезгілге дейін, жүргізетін пәні бойынша  (2,1 немесе жоғары) біліктілік санатына ие болған жағдайда, аттестаттау білім беру ұйымдарында біліктілік көтеру немесе қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алынған сертификаты негізінде отқарып отырған лауазымы бойынша жүргізілетіндігімен келісті.
    1. Сонымен қатар тараптар, аттестатталушы қызметкер аттестация кезеңінде уақытша жұмыста болмаса аттестациялық комиссия (оның ішінде эксперттік топ) педагогикалық қызметкер жұмысының өтінішінде көрсетілген біліктілік санатына сәйкестігін аттестациялау Ережесімен белгіленген мерзімде тапсырылған құжаттары негізінде қарастыру туралы келісті.
    1. Егер педагогикалық қызметкер басқа білім беру ұйымына ауыстырылып, бірақ аттестатциялау Ережесімен белгіленген мерзімде бұрынғы жұмыс орны бойынша тиісті растау құжаттарына қоса тіркеп аттестаттау туралы өтініш берген болса, сәйкес деңгейдегі аттестаттау комиссиясы педагогикалық қызметкер жұмысының өтінішінде көрсетілген біліктілік санатына сәйкестігін бұрынғы жұмыс орнындағы аттестаттау комиссиясына тапсырылған құжаттарынегізінде қарастыру туралы келісті.
    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.

Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттарын ұзарту (сақтау, төмендету) туралы барлық шешімдер, аттестациялық комиссия шешімінің негізінде, жұмыс берушінің шешімімен қабылданады және рәсімделеді.

Медициналық қызметкерлерді аттестаттау денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған заңнамамен көзделген тәртіппен жүргізіледі.

  • Жұмыс берушілер өзіне орта кәсіби білімі бар, сәйкес мамандығы мен атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары кәсіби білім алушы педагогикалық қызметкерлерге біліктілікті арттыру тәртібімен ақылы оқу демалыстарын беру туралы міндеттеме алады.
    •  Жұмыс берушінің жолдамасымен кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілік артыруға жіберу жұмыс берушінің  қаржысы есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы есебінен оқыту шартына сәйкес жүзеге асырылады (№14 қосымша).

Оқыту шарты мыналардан тұруға тиіс:

  1. Оқумен қамтылған тұлға алатын нақты кәсіп, мамандық, біліктілік және (немесе)

біліктілік курсының атауы көрсетіледі;

  • Жұмыс беруші мен оқитынның құқықтары мен міндеттері;
  • Оқу мерзімі мен оқу аяқталған соң жұмыс берушіде өтелуі тиіс жұмыс мерзімі;
  • Оқытумен байланысты жұмыс берушінің, өтелмеген жұмыс мерзіміне сәйкес, шығындарын қалпына келтіру тәртібі мен шарттары;
  • Оқытумен байланысты кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер;
  • Тараптардың жауапкершілігі.

Оқыту шарты Ұжымдық шарт тараптарымен белгіленген (ҚР ЕК 118 б.) өзге де шарттар мен талаптары көзделуі мүмкін.

Егер оқу шарты жасалмаған жағдайда, бірақ оқумен қамтылғандардың кәсіби даярлығы, қайта даярлануы мен біліктілігін көтеру жұмыс берушінің жолдауы бойынша жүргізілсе, ондай оқыту жұмыс берушінің қаржысы есебінен, өзге жерде оқытумен байланысты іссапар шығындарын өтеуді ескере отырып, жүргізілуі тиіс.

4 тарау

Жұмысшылардың босау  және олардың еңбекпен қамтылуына септік ету.

  • Жұмыс беруші міндеттемелер алады:
    • Жұмыс берушілер бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін жұмысшылар саны немесе штаттық қысқаруы туралы оның басталуынан кемінде бір ай бұрын, ал жұмысшылардың жаппай босауына  (5-тен 10 адамға дейін бір ай ағымында) алып келетін жағдайларда Кәсіподақтың аумақтық ұйымын, оның басталуына кемінде бір жарым ай бұрын, ал білім ұйымы жойылған немесе жұмысшылардың жаппай босауына (10-нан астамы бір айдың ішінде) алып келетін жағдайда Кәсіподақ, оның басталуынан екі ай мерзім бұрын жазбаша хабарландырады.
    • ҚР ЕК 52 бабының 1т. 1 және 2 т.т. сәйкес  (жұмысшылар немесе штат санының қысқаруы, ұйымның жойылуы) жұмыстан босатылуы туралы  хабарлама алған тұлғаларға, өз бетінше жаңа жұмыс іздеу үшін, жұмыстан бос уақытта, аптасына 5 сағаттан кем болмайтын жалақысы сақталатын уақыт беріледі.
    • Тараптар келесі жағдайлар бойынша өзара келіседі:
      • Штат немесе сандық қысқару болатын жағдайда қызметкерлердің төмендегі санаттары жұмыста қалуға алғашқы кезектегі талассыз құқыққа ие болады:
  • зейнеталдындағы жастағы қызметкерлер (зейнетке үш жыл қалған болса);
  • осы мекемеде 10 және одан да артық жыл еңбек еткендер;
  • көп балалы (төрт және оданда көп) ата-аналар;
  • жоғары сапалы еңбек көрсеткіштері бар қызметкерлер.
    •  Босатылған жұмысшыларға штат және сандық қысқару болғанда

қолданыстағы заңдылықпен көзделген кепілдіктер мен өтемақылар, сондай-ақ бос орындар пайда болған жағдайда жұмысқа қабылданудың басымдылықты құқықтары беріледі.

  • Жұмыс беруші мекемеде жаңа жұмыс орындары ашылған жағдайда, оның ішінде шектеулі мерзімге де, бұрын сонды жауапкершілікпен жұмыс істеген, штат және сандық қысқаруға байланысты жұмыстан босатылғандарға мекемеге қайта келіп, жұмысқа орналасуға басымдық беруді қамтамасыз етеді.
    • Жұмыс орындарын (лауазымдар) қысқару қажеттілігі  болғанда ең алдымен төмендете көрсетілген ретке сәйкес шараларды қабылдайды:
  • бос орындарды жою, қызметтерді қоса атқаратындарды жұмыстан  босату;
  • әкімшілік-басқару құрамының санын қысқарту;
  • лауазым мен кәсіптерді біріктіріп атқаруға шектеу  қою (тыйым салу);
  • босауға ұшырайтын қызметкерлерді, олардың біліктілігіне қарай, бос орындарға ішкі ауыстыру жүргізу.

5 тарау

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

  • Тараптар келесі жағдайлар бойынша келісімге келді:
    • Қызметкерлердің жұмыс уақыты  жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымныңы кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекіткен мекменің ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен  (№2 қосымша), сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік  оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартымен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және оларға мекеме Жарғысымен (Ереже) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді.
    • Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын   жұмыс уақытының қысқартылған  ұзақтығы белгіленеді (ҚР ЕК 69 б. 3 т.).

Білім беру ұйымы өз қызметін алты күндік  жұмыс аптасымен, оқу сабақтарын бес күндікте  жүргізгенде, жоғарыда аталған қызметкерлердің жұмыс уақыты оқу-тәрбие процесі барысындағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыс берушінің актілерімен, ішкі еңбек тәртіп Ережелерімен және әлеуметтік әріптестік актілерімен (ұжымдық шартпен) реттеледі және нақтыланады.

  • Қызметкерлер үшін нақты жұмыс уақытының ұзақтығы еңбекақы  төлемі мөлшерлемесімен белгіленген педагогикалық жұмыстың  сағаттар нормасын, оқу жүктемесінің көлемін, Жарғымен және ішкі еңбек тәртібінің ережесімен жұмыскерлерге жүктелген қосымша міндеттерді орындауын ескере отырып белгіленеді.
    • Толық емес жұмыс уақыты – толық емес жұмыс күні немесе жұмыс аптасы келесі жағдайларда белгіленеді:
  • жұмыс беруші  мен жұмысшының келісімі бойынша;
  • жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі баласы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баласы) бар ата-аналардың  (қамқоршы, заңды өкіл) бірінің, сондай дәрігерлік қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне қарап отырған тұлғалардың өтініші бойынша.

Толық емес жұмыс уақты жағдайында жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтылығын шектеуге негіз бола алмайды (ҚР ЕК 70 б. 2 т.)

  • Сабақ кестесін құру педагог қызметкердің жұмыс уақытын ұтымды қолдануын есепке ала отырып іске асырылады. Сабақтар арасында үзіліс ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
    • Оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлерге, белгіленген оқу жүктемесінің мөлшеріне сәйкес, әдістемелік жұмыс пен біліктілікті арттыру үшін аптасына бір бос күн беру көзделеді. Әдістемелік күн беру туралы шешім Жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.
    • Білім беру ұйымдарының жоспарларымен қарастырылған сабақ өткізуден,

кезекшіліктен, сабақтан тыс шараларға қатысудан бос сағаттарлы (педагогикалық кеңес отырысы, ата-аналар жиналысы және т.б.) педагогикалық қызметкер өз қарауы бойынша білім беру ұйымында пайдалануға құқылы.

  • Білім беру ұйымдарының қызметкерлерін демалыс және жұмыс емес мереке күндері жұмысқа тарту тек олардың жазбаша Ұжымдық шарті  немесе олардың өтініші негізінде ҚР ЕК 85 б.1 т. сәйкес жұмыс берушінің жазбаша бұйрығы бойынша ғана жол беріледі. Бұл ретте ҚР ЕК 86 б. Көзделгеннен өзге, яғни жұмысқа қызметкердің Ұжымдық шартінсізтартуға болатын, төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:
  • Төтенше жағдайлардың, зілзала мен өндірістік апаттардың алдын алу немесе

олардың салдарын жедел түрде жою;

  • жазатайым жағдайлардың, адам өлімі немес мүліктің бүлінуін алдын алу,

болдырмау және тергеу;

  • кейінге қалдыруға болмайтын, алдын-ала ескерілмеген және оның жедел

орындалуынан  бүкіл ұйым немес оның жекелеген бөлімшелерінің қызметі байланысты болатын жұмыстарды атқару.

            ҚР ЕК 109 б. негізінде демалыс және жұмыс емес мереке күндегі жұмыс үшін ақы, еңбек немесе ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде көзделген жоғарылатылған мөлшерде, жұмысшының күндік (сағаттық) ставкасын ескере отырып, бір жарым еселік көлемнен кем емес мөлшерде төленеді.

  • Жұмыс беруші жұмысшыларды үстеме жұмысқа, ҚР ЕК 77 б. көзделген жағдайларда, тек олардың жазбаша келісімі бойынша, 18 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер, жүкті әйелдер,  үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер үшін көзделген шектеулер мен кепілдіктерді ескере отырып тарта алады.
    • Қызметкерлерді еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықтармен көзделмеген жұмыстарға тартуға тек жұмысшының жазбаша келісімі  бойынша Жұмыс берушінің бұйрығымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығымен көзделген тәртіп бойынша қосымша төлем жасау арқылы жол беріледі.
    • Кезекті демалыспен  сәйкес келмейтін күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезеңдері мекеменің педагогикалық  және өзге қызметкерлері үшін, қоса атқару шартымен жұмыс атқаратын қызметкерлер үшін  де жұмыс уақыты болып табылады.

Бұл кезеңдерге жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерді педагогикалық және ұйымдастыру жұмыстарына,  каникул басталғанға дейінгі оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шеңберінде тартылады.  Каникул кездеріндегі жұмыс кестесі жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының  кәсіподақ комитетінің пікірі ескерілген бұйрығымен бекітіледі.

Педагогикалық қызметкерлерге негізгі демалыспен сәйкес келмейтін каникулдық кезеңде, өз келісімі бойынша, бір ай шегінде жұмыс уақытының жиынтықталған есебі белгіленуі мүмкін.

  • Каникулдық кезеңде оқу-көмек беру мен қызмет көрсету құрамдағы жұмысшылар  арнайы білімді қажет етпейтін  (шағын жөндеу жұмыстар, мекеме аумағында жұмыс, мекеме күзету және т.б.) шаруашылық жұмыстарды атқаруға сол қызметкерлерге белгіленген жұмыс уақытының шегінде тартылады.
    • Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстардың берілуі кезектілігі жыл сайын жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ  комитетімен келісе отырып, күнтізбелік жылдың басталуынан он күн кешіктірілмей бекітілген демалыс кестесіне сәйкес белгіленеді.

Демалыстың басталу мезгілі туралы жұмысшы оның басталуынан екі ай бұрын

ескерілуі тиіс.

            Демалыс кестесіне өзгертулер енгізілген жағдайда қызметкер ол туралы демалыс басталғаннан екі апта бұрын хабардар болуы тиіс.

            Жыл сайынғы еңбек демалысын жаз мезгілінде немесе кез-келген қолайлы  уақытта алумен байланысты талассыз құқыққа төмендегі қызметкерлер санаты ие:

            а) кәмелетке толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған (қамқоршы, қараушы) ата-аналар;

б) үш және одан көп балалары бар әйелдер;

в) еңбек жарақатын алған қызметкерлер;

г) қолында емделу жолдамасы бар кез-келген қызметкерлер.

Демалысты созу, ауыстыру, бөлу және одан кері шақыру жұмысшының Ұжымдық шартімен ҚР ЕК 93-95 б.б. көзделген жағдайларда жүргізіледі.

  • Жұмыс беруші келесі міндеттемелерді алады:
    • Қызметкерге сәйкес ұзақтылығымен жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысын беру  (№3 қосымша).

Жұмысқа тамыз айынын бастап қазан айы аралығында қабылданған педагогикалық

қызметкерлерге оқу жылының аяқталуы бойынша бірінші еңбек жылы үшін  ақылы еңбек

демалысы жазғы кезеңде толық көлемде беріледі.

            Қызметкерге жазғы каникул  кезеңінде демалысты, оның өз жазбаша келісімі болмаса, нақты жұмыс атқарған  мезгілі үшін беруге жол берілмейді.

  •  ҚР ЕК 89 б. 1 т. 1 т.т.  сәйкес зиянды және  (немесе) қауіпті еңбек

жағдайлары бар жұмыстарда қамтылған қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс (№4 қосымша).

— ҚР ЕК 89 б. 1 т. 2 т.т. сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектеріне ұзақтылығы

алты күнтізбелік күннен кем  болмайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.

  • Төменгі жағдайларда жұмысшыларға, оларға жазбаша өтініштері бойынша, жалақы сақталмайтын демалыс беріледі:
  • отбасында бала туылғанда -7 күнге дейін;
  • жаңа  мекен-жайға көшумен байланысты – 10 күнге дейін;
  • балаларды әскер қатарына шығарып салғанда – 5 күнге дейін;
  • жұмысшының жеке өзінің (балаларының) үйлену тойымен байланысты 10 күнге дейін;
  • әскери қызмет міндеттерін орындау барысында қаза болған немесе жарақаттан қайтыс болған, контузия немесе мүгедектілікке алып келген, сондай-ақ әскери қызметпен байланысты науқасқа шалдыққан әскери қызметкердің ата-аналрына, жұбайларына немесе зайыптарына  — 15 күнге дейін;
  • жұмыс істеп жүрген мүгедектерге -10 күнге дейін;
  • бастауыш кәсіподақ ұйымының босатылмаған негізде жұмыс атқаратын төрағасына  — 3 күнге дейін.
    • Қызметкерге жақын туыстарының (ата-анасы, баласы, қызы, бауырлары, жұбайы, зайыбы, атасы, енесі) қазасына байланысты, олардың жазбаша өтініштері бойынша сәйкес құжаттар негізінде үш күнге дейін ақылы демалыс беріледі.

5.3.Жалпы орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, қосымша  білім

берумен байланысты оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелер арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін жалпы ережелер бойынша алты  күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Сонымен қатар оқушылармен (білім алушылармен) нақты оқу сабақтарын жүргізу  уақытын ескере отырып аталған білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін  де сондай-ақ  әкімшілік-шаруашылық, оқу-әдістемелік  және қосалқы персонал қыметкерлері үшін  бес күндік жұмыс аптасы  белгіленуі мүмкін. Бес күндік жұмыс аптасы басқарма ұйымдары,білім беруді әдістемелік және техникалық қамтамасыз етуші мекемелер үшін бес күндік жұмыс аптасы белгеленді. Жалпы демалыс күні болып жексенбі есептеледі.Бес күндік жұмыс аптасы режиміндегі ұйымар үшін демалыс күндер болып сенбі мен жексенбі есептеледі. Білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен жекелеген қызметкерлер үшін бес күндік жұмыс аптасы бегіленуі мүмкін.

Алты күндік жұмыс аптасымен  жұмыс істейтін педагогикалық қыметкерлер, сондай-ақ оқу процессінде қамтылмаған өзге де қызметкерлер үшін каникул кезеңінде екі демалыс күні бар  сенбі және жексенбі –бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Алты күндік жұмыс аптасынан бескүндік жұмыс аптасына көшу жұмыс берушінің актісі негізінде қызметкерлердің еңбек шарттарына, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне,  жұмыс, ауысым кестелеріне, ал қажет жағдайда ұйымның құрылтай құжаттарына  (ереже, жарғы және т.б.) өзгертулер енгізе отырып жүргізіледі.

Егер білім беру ұйымы өз қызметін алты күндік жұмыс аптасымен, бірақ білім білім алушылармен оқу сабақтары бес жұмыс күнінде жүргізілетін болса, оқу-тәрбие қызметіне тікелей қамтылған педагогикалық қызметкерлер өз  сабақтарын бес жұмыс күнінде немесе сабақ кестесіне сәйкес белгілі бір күндер ішінде жүргізіледі.

Аталған педагогикалық қызметкерле, егер аптаның алтыншы (сенбі) күні сабақтары және (немесе) қызметкерлердің  лауазымдық  міндеттерімен  көзделген шаралар өткізілмесе, өз біліктілігін арттыруға, өз бетінше оқумен айналысуға  және өз қалауы бойынша жұмыс орнында сабақтарға даярлануға  құқылы.

Бұл ретте, қызметкерлердің еңбекақы мөлшері,  демалыс күндерінің саны өзгеріссіз қалады және оқу-тәрбие процесімен тікелей байланысты педаогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымында, еңбек шартымен көзделген, өз  оқу жүктемесін толық көлемде орындау барысындағы күндерінің санына ешқандай әсер етпейді.

  • Демалумен тамақану үшін берілетін үзіліс уақыты, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің мекеме бойынша кезекшілік ету кестесі, демалыс және жұмыс емес мереке күндердегі жұмыс ішкі еңбек тәртібі Ережелеріме белгіленді.

Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерге жұмыс уақытында, оның ішінде сабақ арасындағы үзілістерде, оқитынармен бір мезгілде демалу мен тамақтануға мүмкіндік береді. Өзге қызметкерлер үшін демалу мен тамақтану уақыты ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен белгіленеді және 30 минуттан болмауы тиіс.

  • Педагогикалық қызметкерлердің мекеме ішіндегі кезекшілігі сабақ басталғанға дейінгі 20 минутан ерте болмауы және сабақтар аяқталғаннан кейін 20 минуттан аспауы тиіс.
    • Тараптар жұмыс уақытының жиынтықталған есебі қарауыл, тәрбиешілер, режим жөніндегі кезекшілер, жатақхана кезекшілері, қазандық операторы, от жағушылар, тәрбиеші көмекшілері, медбикелер, дәрігерлер, вахтерлер  үшін енгізілетіні туралы келіседі. Аталған санаттағы қызметкерлерді жұмыс уақытының жиынтықтаған есебіне көшіру  білім беру ұйымы басшысың бұйрығымен кәсіподақ органының дәлелді пікірін  ескере отырып жүргізіледі. Бұл ретте есепті мерзімге тоқсан алынып, ауысымның ұзақтылығы, ауысым аралық демалыс  12 сағаттан кем болматын жағдайды ескере отырып белгіленеді. 

6 тарау

Еңбек ақы мен еңбек нормалары

6.1. Тараптар білім беру ұйымының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген  «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі» және осы Ұжымдық шарттың шарттары негізінде жүргізілетіндігін растайды.

6.2. Білім беру ұйымының педагогикалық, медициналық, кітапхана қызметкерлерінің еңбекақысы экономиканың сәйкес салаларындағы осындай қызметкерлер санаттар үшін белгіленген түрде, ал жұмысшылар қатарындағы еңбеккерлерге қызметкерлердің осы санаттары үшін белгіленген разряд бойынша төленеді.

6.3. Қызметкерлерге еңбек ақы жұмыс істейтін орын бойынша әр сайын ақшалай түрде төленеді. Қызметкерлерге еңбек ақы  өткен айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі.

6.4.  Еңбек ақы жалақы төлеу жүйесі бойынша есептеледі және құрамына келесі көрсеткіштер енеді:

— лауазымдық жалақы (тарифтік ставка);

— мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен ұсталатын білім беру ұйымдарының, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге еңбек жағдайлары үшін берілетін қосымшалар мен үстемақылардың көтерілуі;

— қолданыстағы заңдылықпен, білім беру ұйымының локальді актілерімен және осы Ұжымдық шартпен көзделген өзге де төлемдер.

6.5. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбек жағдайлары үшін ІЛЖ –дан  (іргелі лауазымдық жалақы), ҚР заңнамасымен және осы Ұжымдық шартпен көзделген, төмен мөлшерде қосымшалар мен үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттенеді:

6.5.1 сынып жетекшілері үшін  (топ жетекшілігі): 1-4 сыныптардағы мұғалімдерге, оқытушыларға және өзге де қызметкерлерге  -25%, 5-11 (12) сыныптарда -30%,; кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарында -25%.;

6.5.2. дәптер және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы: 1-4 сыныптарда – 20%;  орыс тілді мектептерде (сыныптарда) қазақ және өзге ұлттық тілдердің мұғалімдеріне және ұлттық тілдерді оқытатын мектептердегі  (сыныптардағы) орыс тілі мұғлімдеріне,  осы пәндерді жүргізетіндерге 1-4 сыныптарда -25%,; 5-11 (12) сынып мұғалімдеріне, кәсіптік және техникалық ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына жазбаша жұмыстарды тексергені үшін: қазақ, орыс тілдері, ұлттық тілдер мен әдебиеті бойынша -25%;  математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, конструктор лау (құрастыру), техникалық механика -20%.

Мектептер мен метеп-интернатындағы (даму және оқу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан, сондай-ақ жәй мектептердегі түзету сыныптарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына  (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы төлеу көрсетілген қосымша ақылардың белгіленген мөлшерінен 5 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сондай–ақ сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.

6.5.3. мектептегі оқу кабинеттеріне  (зертханалар, шеберханалар, оқыту-кеңес беру орталықтары)  жетекшілік үшін қосымша төлем мектептерде, мектеп-интернаттары мен  балалар үйлерінде -20%,; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында -25%,  біріктірілген (комбинированный)шеберханалар болған жағдайда -30 %.

6.5.4. кәсіптерді біріктіріп атқару (қызмет ету аумағының артуы) үшін қосымша төлем:

— білім мекемелерінің оқытушыларына, мұғалімдеріне және өзге де қызметкерлеріне кешкі, сырттай бөлімшелерге, арнайы бөлімшелерге меңгерушілік еткені үшін -30%;

— директорға күндізгі-сырттай оқу нысанындағы сыныптарға жетекшілік еткені үшін, күндізгі жалпы білім беру мектептер жанында, кешкі  (ауысымды) жалпы білім беретін мектептер жанында жұмыс істейтін жастарға -20%;

— педагогикалық қызметкерлерге мектепке (сыныптарға), оның ішінде музыкалық, көркем сурет, өнер мектебіне және т.б. жетекшілік еткені үшін, яғни директор лауазымы қаралмаған білім мекемесінде -20%.

— жеті жылдық музыкалық мектептерде, өнер және көркем сурет мектептерінде, яғни директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы қалмаған білім мекемелерінде, оқу жұмысына жетекшілік жүргізетін мұғалімге -20%.

— барлық үлгідегі және аталымдағы мектептер мен мектеп-интернаттарындағы оқушылардың кітапхана қорымен жұмыс жүргізетін, кітапханашы лауазымы қаралмаған білім мекемелерінде, мұғалімдерге, оқытушыларға және өзге де қызметкерлерге -30%.

Барлық түрдегі және аталымдағы мектептері мектеп-интернаттарының (лицейлер, гимназиялар), сондай-ақ орта музыкалық және көркемсурет мектептерінің директорларына  (директор лауазымы қаралмаған мектептердің мұғалімдеріне) оқу орны жанындағы интернатқа жетекшілік еткені үшін, егер интернат меңгерушісі лауазымы қаралмаса, қосымша ақы белгіленеді -25%.

— мектепте ұзартылған күн жұмысына жетекшілік ету жүктелген директор немесе директор орынбасарларына -20%.

— ерекше жағдайда тәрбиелеуді, ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға (тәрбиеленушілерге, балаларға) арналған екіден кем емес тобы (сыныбы) бар жалпы түрдегі және нысандағы оқыту тәрбиелеу ұйымының басшыларына -30%;

— жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс үшін-30%;

— мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарындағы тәрбиеші көмекшілеріне залалсыздандыру құралдарымен жұмыс үшін -30%;

— білім беру ұйымдарының дамуы мен оқу мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде үйде оқытылуы тиіс, сондай-ақ  ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдер жұмыс атқаратын қызметкерлерге -40%;

— психоневрологиялық патологиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін-50%.

— кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық–атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (аусымдық) жалпы орта білім беру мектептеріндегі және оқу консультатциялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелерде оқытылатындармен жұмыс істегені үшін-30%;

— оқытушылық жұмыспен айналысатын оқушыларға, мұғалімдерге өндірістік оқыту шеберлеріне және өзге қызметкерлерге әдістемелік, циклдік және пәндік комиссияларға жетекшілік еткені  үшін – 25%;

— жоғарыда аталған педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік, циклдық және пәндік комиссияларға жетекшілік еткені үшін қосымша төлем жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығында мазмұндалған аталған комиссияларға жетекшілік етуге қажетті жұмыс ауқымын орындаумен байланысты беріледі.

6.5.5. Білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне оқулықтардың кітапхана қорымен жұмыс үшін – 30%

6.5.6. өндірістік оқыту шеберлерінде өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін -100%;

6.5.7. ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті  (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары бар жұмыстарға қамтылған қызметкерлерге –БЕА 30%: аспаздарға ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысының 18 к Қосымшасының 9.т. 1т. Негізінде; (4 қосымша), залалсыздандыру құралдарын пайдаланатын қызметтік бөлмелерді тазалаушыларға – 20%  және дәретханаларды тазалауға қамтылған залалсыздандыру құралдарын пайдаланатын қызметтік бөлме тазалаушыларына – 30%;

 Қызметкерлерге ЛЖ (лауазымдық жалақы) есептеліп төленетін қосымша төлемдер мен үстемақылар:

6.5.8. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілік арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  мұғалімдеріне:

-бірінші (ілгері) деңгейдегі –ЛЖ –дан 100%;

— екінші (негізгі) деңгейдегі –ЛЖ-дан 70%;

Үшінші (базалық) деңгейдегі ЛЖ-дан 30%.

Аталған қосымша ақы «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын қызметшілерге, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес лауазымдық жалақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес мөлшерде төленеді.

Бұл ретте, егер осы қосымша ақыны алу құқығына ие қызметкер өзге білім беру ұйымында, жұмыс берушімен жасалған еңбек шарттары негізінде, қызметтерді, жұмыстарды қоса атқарса, онда өзге жұмыс орны бойынша да аталған қосымша ақы сәйкес лауазымдық жалақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес мөлшерде, негізгі жұмыс орнында төленетін қосымша ақыға қарамастан беріледі.

Көрсетілген қосымша төлемдер педагогикалық қызметкерге аталған қосымша ақы үйде оқыту түрінде сабақтарды жүргізгенде де төленуі тиіс.

Бұл қомсымша ақы бойынша төлемдер бекітілген емтиханын 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тапсырған мұғалімдерге сертификат мерзімінің аяқталуына дейін жүргізіледі.

6.5.9. мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне ерекше жағдайдағы жұмысы үшін үстемеақы-ЛЖ 10%.

6.5.10. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық лауазымдарда жұмыс атқаратын ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерге: 

— ғылым кандидаттарына, (PhD)философия докторларына, профиль бойынша докторларға -1 ЕАЖМ,

-ғылым докторларына 2 ЕАЖМ (заңнамамен белгіленген ең төменгі айлық жалақы мөлшері).

Аталған қосымша ақы жоғарғы біліктіліктегі ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы өкілетті органмен берілген тиісті диплом болғанда белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша жүргізіледі. Егер негізгі жұмыс орны бойынша аталған қосымша ақы белгіленбеген жағдайда, бұл қосымша ақыны төлеу қоса атқару шартымен қызмет атқаратын жұмыс орны бойынша жүрзіледі. Бұл жағдайда аталған қосымша ақы тек бір ғана қоса атқарушы шартымен жұмыс жасайтын жері бойынша белгіленеді және төленеді.

6.6. Тараптар оқытуды жүргізетін мұғалімдер мен өзге педагогикалық қызметкерлердің, білім беру ұйымдарының басшыларын қоса есептелгенде, оқу жүктемесінің артуын кәсіптерді біріктіріп атқару немесе қызмет ету аумағының артуы деп қарастырмау туралы келісімге келеді. Аталған тұлғалар үшін нақты оқу жүктемесінің артуы жұмыстарды қоса атқару түрінде қабылданып, одан туындайтын барлық құқықтық нормалар сақталады.

Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес:

  1. қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында

еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;

  • жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысынан бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы –лауазымдық қоса атқару
  • жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің

жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде осындай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындау – қызмет көрсету аймағын кеңейту.

  • Жұмыскердің еңбек шартында  (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қызметкерлерге лауазымды қоса атқарумен (қызмет көрсету аймағын  кеңейту) байланысты қосымша жұмыстарды негізгі лауазымы (кәсібі) бойынша жұмыс уақытының шегінде атқарған жағдайда қосымша ақы қызметкердің өзінің лауазымдық жалақысының 50% дейінгі мөлшерінде төленеді. Бұл қосымша ақы мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшылары мен орынбасарларына олардың лауазымдық міндеттерімен көзделген қосымша жұмыстарды атқарғанда төленбейді.

Уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін негізгі жұмыс уақытынан бос кезде орындайтын қызметкерлерге, көп жағдайда мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне, қосымша ақы қызметкердің өз лауазымдық жалақысының 50%  көлемінде тағайындалады және төленеді. Орындалатын жұмыстың нақты көлемі қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша анықталады, жұмыс берушінің бұйрығында көрсетіледі және егер уақытша жоқ қызметкердің міндеттері толық көлемде орындалса, онда 100% мөлшерде белгіленуі мүмкін.

Негізгі жұмысынан бос уақытта уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындаушы қызметкерлер үшін, әсіресе мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері үшін қосымша төлем қызметкердің лауазымдық еңбекақысының 100% мөлшерінде тағайындалады және төленеді.

6.7. Тараптар кабинет (зертханалар, шеберханалар) меңгерушілігі үшін қосымша төлем олардың білім беру ұйымдарының комиссиясы, әр жыл сайын қыркүйектің 1-нен 4-не дейін жүргізетін аттестация нәтижелері бойынша тағайындалатыны туралы келісімге келді. Кабинетті (зертхана, шеберхана) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Егер, оқу жылының басына аттестация өткізілмесе, қосымша ақы тағайындау оның алдындағы аттестация нәтижелері бойынша жүргізіледі.

6.8. Тараптар оқу мен даму мүмкіншілігі шектеулі, сондай-ақ ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдермен:

— білім беру ұйымдарының басшылары;

— барлық лауазымдар мен мамандықтардағы педагогикалық қызметкерлер

сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс үшін қосымша ақы алатындар тізімі туралы келісті:

— білім беру ұйымдарының басшылары;

— барлық лауазымдар мен мамандықтардағы педагогикалық қызметкерлер

Педагогикалық емес қызметекрлер:тәрбиеші көмекшілері, зертханашылар, барлық лауазымдағы медицина қызметкерлері, кітапхана меңгерушісі, кітапханашылар, бас бухгалтер, бухгалтер, аудармашы, бас аспазшы, жабдықтау бойынша инженер, хатшы, экспедитор, вахтер, аяқ киім тігуші, сыпырушы, ас үй жұмысшысы, ыдыс-аяқ жуушы, қоймашы, кастелянша, кір жуу машинасының операторы, үй-жайларын жинаушы, тігінші, жүк тиеуші, кешенді қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыскер, электромонтер, ағаш ұстасы, шаштараз,  жүргізуші, аспазшы.

Тараптар бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына 36 сағат жұмыс істегенімен еңбек ақы толық көлемде төленетініне келісті.

6.9. Тараптар ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен белгіленген төмендегі қосымша төлемдер мен үстемақылар педагогикалық қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне пропорционалды  мөлшерде төленетіндігімен келісті:

— барлық түрдегі және аталымдағы мектеп-интернаттарының, 1-4 сынып мұғалімдерінен басқа, мұғалімдер мен оқытушыларға дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін (барлық түрдегі және аталымдағы мектеп-интернаттарының 1-4 сынып мұғалімдеріне дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы негізгі мұғалімге оқу жүктемесінің көлеміне қарамастан төленеді);

— дарынды баларға арналған арнайы мектеп, мектеп-интернаттары мен өзге де білім беру ұйымдарында профильдік бағыттағы пәндерді оқытқаны үшін;

Ауылды жерде және қалалық үлгідегі поселкілерде орналасқан мемлекеттік және ұлттық тілді оқытатын жалпы білім беретінмектептердің мұғалімдері мен оқытушыларына орыс тілі мен әдебиетінен жүргізетін оқу сағаттары үшін;

  • жалпы білім беретін орыс және өзге тілдімектептердің мұғалімдері мен оқушыларына мемлекеттік және ұлттық тілдер мен әдебиеттен жүргізетін оқу сағаттары үшін;
  • жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне араб, қытай және парсы

тілдерінен жүргізетін оқу сағаттары үшін;

  • жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын  оқу орындарындағы  (сыныптар, топтар)

профильдік бағыттағы пәндерді жүргізетін педагогикалық қызметкерлерге, инновация, тәжірибе жүйесінде жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарының (лицейлер, гимназияла, техникалық лицейлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу-тәрбиелеукешендері) директорлары мен орынбасарларына, педагогикалық қызметкерлеріне,  сондай-ақ балалар тәрбиесі шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне;

  • ауылды жерде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының мамандарына;
  • ерекше жағдайда тәрбиелеуді, ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға (тәрбиеленушілерге, балаларға) арналған екіден кем емес тобы (сыныбы) бар, арнайы емес, оқыту-тәрбиелеу ұйымының басшыларына;
  • оқыту мен даму мүмкіншілігі шектеулі, сондай-ақ ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдермен жұмыс үшін;
  • жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс үшін;
  • ереше жұмыс жағдайлары үшін;
  • және жоғарыда көрсетілгендерге үстемақылар.

6.10. Тараптар  педагогикалық қызметкерлерге оқушылардың күзгі, қысқы көктемгі және жазғы каникул кезеңдеріндегі  жұмыс уақыттары үшін еңбек ақы төлеу каникул алдындағы тарификацияда және (немесе) атқарылатын жұмыстың еңбек шартымен көзделген нақты көлемінен құралып белгіленген мөлшерде жүргізілетіні туралы келісімге келді.

6.11. Педагогикалық жұмысты штаттық лауазымнан тыс атқаратын педагогикалық қызметкерлерге (мұғалімдер, оқытушылар, тәрбиешілер және т.б.) оқу жылының басына тарификациялық тізімдер жасалады және бекітіледі. Тарификациялық тізімдерді білім беру ұйымдарына басшылары өз бұйрықтарымен,  оның құрамына міндетті түрде  бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің өкілдерін қатыстыра отырып, жасақтайтын тарификациялық комиссия жасайды.

6.12. Жұмыс берушілер еңбек ақы, демалыс  үшін ақы, жұмыстан босаған және қызметкерге тиесілі өзге де төлемдердің берілу мерзімі бұзылғанда, оның ішінде жұмыс тоқтап қалған жағдайда, аталған сомаларды ҚР Ұлттық банкінің міндеттемені орындау күніне белгіленген қаржыландырудың есептік ставкасы мөлшерінде әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін өсіммен төлейтіні туралы  міндеттеме алады.

6.13. Жұмыс берушілер әр ай сайын еңбек ақы төлеу күні жұмысшыларға жазбаша түрде еңбек ақы туралы, оның барлық құраушы бөлшектері көрсетілген, оның ішінде ұсталған сомалар мен зейнетақы жинақтаушы қорға аударылған зейнетақы жарналары, қолға берілетін жалпы сома көрсетілген мәлімет беріп отыруға міндеттенеді.

6.14. Жұмыс берушілер сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражат есебінен немесе қазыналық кәсіпорын үшін бекітілген смета бойынша, Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына үстеме ақы белгілеу, материалдық көмек көрсету,  сыйақы беру Ережелерімен белгіленген тәртіппен, қызметкерлерге сыйақы беруді, дербес төлем тағайындауды, материалдық көмек беруді қамтамасыз ету міндетін алады (5 қосымша).

6.15. Еңбек ақының өзгеруі келесі жағдайларда жүргізіледі:

— мамандық бойынша еңбек өтілі артқанда – сәйкес еңбек өтілі артқан күннен бастап, егер құжаттар мекемеде болса немесе еңбек ақы ставкасын (жалақыны) арттыру құқығын беретін еңбек өтілі туралы мәлімет тапсырған күннен бастап;

— білім алғанда немесе білім туралы құжатты қалпына келтіргенде – сәйкес құжатты тапсырған күннен бастап;

— педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаты берілгенде –кезекті оқу жылының басталуымен;

— «Еңбегі сіңген» атағы берілгенде – берілген күннен бастап;

— ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі берілгенде – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласына бақылау жүргізу жөніндегі Комитет алқасы немесе Президиумының диплом беру туралы шешімі шыққан күннен бастап. Мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамы тиісті мекеме басшысымен бекітіледі.

6.16. Қызметкердің еңбек ақысы мен (немесе) еңбек ақы ставкасы (лауазымдық жалақы) мөлшерін өзгерту туралы құқығы оның жыл сайынғы немесе өзге демалыста болған, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде пайда болса, жоғары разряд ставкасы (жалақысы) бойынша еңбек ақы төлеу демалыс немесе еңбекке жарамсыздық уақыты өткеннен кейін жүргізіледі.

6.17. Тараптар еңбек ақысы мөлшерлі оқу жүктемесімен айқындалатын мұғалімдердің, тәрбиешілердің, өзге де қызметкерлердің оқу жүктемесі мен тарификациялық тізімдері білім стандарттары және нормативтік құқық актілерге сәйкес белгіленген сыныптардың  (топтардың) шекті толымдылығын ескере отырып жасақталатыны туралы келісті.

6.18. Тараптар, Жұмыс берушілердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі  және жалпы орта білім беретін ұйымдардың әдіскерлерінің еңбек ақы мөлшерін анықтағанда, оларды В блогына (негізгі қызметтердің әдіскері) жататын қызметкерлер санатына жатқызып, буыны мен сатысы біліктілік деңгейі мен біліктілік санатына қарай белгіленетіні  туралы келісті.

      6.19. Тараптар, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарының зертханашыларының еңбек ақы мөлшерін анықтағанда, оларды В блогына жататын қызметкер санатына жатқызып, буыны мен сатысы біліктілік деңгейіне қарай, біліктілік санатын есепке алмастан белгіленетіні туралы келісті.

      6.20. Қызметкерлердің атқаратын жұмыстарын белгілі бір күрделілікке жатқызу мен біліктілік разрядтарын беру жұмыстар мен жұмысшы кәсіптердің бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптердің тарифтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

      6.21. Тараптар Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 123 б. сәйкес мүліктер мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім шарттар жасалуы мүмкін жұмыстар мен лауазымдар тізбесіне төмендегі қызметкерлер санаттары жататындығы туралы келісімге келді:

— білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;

— шаруашылық меңгерушісі;

-кассир;

-экспедитор;

-қойма меңгерушісі;

— қоймашы;

— аға шебері;

— кітапхана меңгерушісі (кітапханашы);

— медбике

Осы Ұжымдық шарттың тараптары қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы үлгілік шартты бекіткен (6 қосымша)

6.22.  Тараптар жұмыстың жұмысшы кінәсынан болмай тоқтап тұрған күндері үшін қызметкерлерге, көтермелер, қосымша және үстеме ақыларсыз ағымдағы жалақы мөлшерінде ақы төленетіндігімен келісті.

6.23. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы орыс, ағылшын және өзге тілдерді оқытушылардың (мұғалімдер) штаттық бірліктерін анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысын басшылыққа алып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі оқытушысы және сәйкесінше орыс, ағылшын және өзге тілдерді оқытушылардың  (мұғалімдер) штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді».

7 тарау

Кепілдіктер мен өтемақылар

7.Тараптар білім беру ұйымы келесі жағдайларды жүргізетіндігі туралы келісті:

7.1.1. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілгенде лауазымдық жалақы мөлшерінде емделу жәрдемақысының мөлшері оларға демалыс беру күніне сәйкес келетін нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Қызметтерді қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негізде тағайындалады және төленеді.

7.1.2. Қызметкерлер үшін қоғамдық тамақтануды (асханалар, буфеттер, тамақтану үшін бөлме (орын) ұйымдастырады.

7.1.3. ҚР заңдылығымен белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерге төмендегі кепілдіктер мен жеңілдіктер береді:

— мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағанда;

— дәрігерлік тексеруге жолданғанда;

— қызметтік іссапарға жолданғанда;

—  донор болып табылатын қызметкерлерге;

— жұмысты жоғалтумен байланысты;

— заңдылықпен көзделген өзге жағдайларда

7.2. Қызметкерді зейнеткерлік жасқа жетумен байланысты (ҚР ЕК 52 б. 1 т. 24т.т.) жұмыстан босатқанда, жұмыс беруші ҚР ЕК 53 б. 9 т. сәйкес өтемақы беруді жүзеге асырады.

Тараптар қызметкерді зейнеткерлік жасқа жетумен байланысты жұмыстан босатқанда берілетін өтемақының мөлшері лауазымдық жалақы көлемінде белгіленетіні туралы келісті.

Жұмысшыны зейнет жасына жетумен байланысты жұмыстан босатқан жағдайда берілетін өтемақы  тек бір рет, жұмысшымен еңбек шарты ҚР ЕК 52 б. 1т. 24т.т. көзделген негіз бойынша бұзылған жағдайда, төленеді.

Көрсетілген негіз бойынша қызметкермен еңбек шартын бұзу, Қазақстан Республикасын   «ҚР зейнетақылық қамсыздандыру туралы» Заңымен белгіленген  зейнет жасына жеткенде, қызметкерді еңбек шартын бұзу күнінен  бір ай бұрын хабарландыра отырып, жүргізіледі.

Қызметкерлерге еңбек шартын бұзу туралы хабарландыру зейнет жасына жеткеннен кейін, еңбек шартын бұзу күнінен бір ай бұрын жолдануы тиіс.

Зейнет жасына жеткен  педагогикалық қызметкермен  еңбек шарты, жоғарыда көрсетілген негіз бойынша, оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзылады.

7.3. Зиянды (қауіпті, ауыр) еңбек жағдайларында қамтылған қызметкерлермен, маусымдық қызметкерлерді қоса есептегенде, еңбек шартын бұзғанда нақты жұмыс атқарған мерзіміне тең пайдаланылмаған қосымша демалысы үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

7.4. Қызметкерлерге білім беру ұйымының кітапхана қорын қызметтік мақсатта тегін пайдалануын қамтамасыз етеді.

7.5. Білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілері мен өзге де жұмысшыларына лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны, жұмысты жоғары сапалы етіп орындағаны, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі үшін төмендегідей көтермелеу жолдары қолданылды:

1) азаматтық қызметте жоғарылау; 

2) ақшалай сыйлық беру;

3) алғыс жариялау;

4) грамотамен марапаттау.

8 тарау

                                               Еңбек пен денсаулықты қорғау        

8.1. Білім беру  ұйымы келесі міндеттемелер алады:

8.1.1. Қызметкерлердің оңтайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқығын, еңбек қауіпсіздігінің өндірістік жарақат пен кәсіби науқастанудың алдын алушы қазіргі заманауи құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді.

8.1.2. Жұмысқа жаңа түсіп жатқан, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлермен еңбек қорғау, балалар өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты қауіпсіз орындаудың әдіс-тәсілдері, жарақат алушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөнінде нұсқаулық өткізеді. Оқу жылының басында қызметкерлердің еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі білімін тексеруді ұйымдастырады.

8.1.3. Білім беру ұйымының есебінен еңбек қорғау жөніндегі нормативтік және анықтамалық құжаттар, ережелер, нұсқаулықтар, инструктаждық журналдар арнайы киімдермен, аяқ кииіммен және өзге де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді.

8.1.4.  Жұмыс беруші есебінен жеке қорғану құралдары, арнайы киім мен аяқ киімдерді сатып алу, сақтау, тазалау, кептіру, дезинфекциялау және жөндеуді қамтамасыз етеді.

8.1.5. Еңбек қорғау талаптарының жұмысшының кінәсінан болмаған бұзылу салдарынан еңбек заңдылығын сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары тарапынан жұмыстардың тоқтап қалу мерзіміне мекеме жұмысшыларының жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтайды.

8.1.6. Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес өндірісте болған жазатайым оқиғаларды мезгілінде тергеуді және олардың есебінен жүргізеді.

8.1.7. Жұмыс берушінің еңбек қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды орындау салдарынан жұмысшының өмірі мен денсаулығына қауіп туындау себебімен жұмыстан бас тарту жағдайында жұмысшыға, туындаған қауіп жойылғанша, басқа жұмыс береді немесе осы себептен тоқтаған жұмыс уақытына орташа жалақы мөлшерінде ақы төлейді.

8.1.8. Әрбір жұмыс орнына, кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірлейді және бекітеді.

8.1.9. Жұмысшылар тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің, талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

8.1.10. Білім беру ұйымында еңбек қорғау жөніндегі комиссия құрып, оның құрамына тең құқылы жағдайда кәсіподақ комитеті мүшелерінің кіруін қамтамасыз етеді.  (№12 қосымша).

8.1.11. Өндірістегі жазатайым оқиға  нәтижесінде қаза болған қызметкерлерді жерлеу, еңбек міндеттерін орындау барысында асыраушысынан айырылу салдарынан келтірілген залал үшін өтемақы алу құқығы бар тұлғаларға тиесілі шығындарын өтейді.

8.1.12. Кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып еңбек жағдайлары мен оны қорғауға, еңбек қорғау жөніндегі келісімнің орындалуына бақылау жүргізеді.

8.1.14. Білім беру ұйымдарының дәрігерлік тексеруден өтуге міндетті барлық қызметкерлерінің жұмыс берушінің есебінен тегін бастапқы және мерзімді міндетті дәрігерлік тексеруден (сараптамадан) өтуін және сол уақытқа жұмыс орындары  (лауазымдары) мен жалақыларының сақталуын қамтамасыз етеді.

8.1.15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №449 бұйрығымен бекітілген  «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары туралы» Ережелермен көзделген тұлғаларды жұмыс берушінің қаржысы есебінен оқыту және сол уақытта жұмыс орындары  (лауазымдары)  мен жалақыларының сақталуын қамтамасыз етеді.

8.1.16. Қызметкерлерді нормаларға және келісілген тізбеге сәйкес сабынмен, тазалаушы және залалсыздандырушы  заттармен тегін қамтамасыз етеді (8,9 қосымша).

8.1.17. Мекеме қызметкерлерінің демалуы үшін бөлме жабдықтау.

8.2. Кәсіподақ келесі міндеттеме алады:

-кәсіподақ мүшелері мен өзге де қызметкерлері үшін дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады.

— Кәсіподақ мүшелері-қызметкерлерін, қызметкерлердің балаларын сауықтыру жұмыстарын  жүргізеді.

9 тарау

Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері

9.1. Кәсіподақтың және оның құрылымдық бөлімшелерінің сәйкес сайланбалы кәсіподақ органдарының құқықтары  мен кепілдіктері Қазақстан Республикасының  «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жарғысмен анықталады және кәсіподақ бірлестігі, жұмыс берушілер бірлестігі  және Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы бас Ұжымдық шартты, осы Ұжымдық шартты есепке ала отырып іске асырылады.

9.2. Тараптар келесі жағдайлар бойынша өзара келісімге келді:

9.2.1. Кез-келген қызметкердің кәсіподақ мүшелігімен немесе кәсіподақтық қызметімен байланысты заңмен кепілдік етілген әлеуметтік – еңбек және өзге құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, күштеу, жұмыстан қуу немесе кері ықпал етудің өзге де әдіс-тәсілдері мен жолдары бойынша қарсылық етуге жол берілмейді.

9.2.2. Тараптар, жұмыс берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері төмендегідей міндеттеме алатындығына назар аударады:

9.2.3. Кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін сақтап, саланың мекемелері мен кәсіпорындарында кәсіподақ ұйымдарының ашылуы мен жұмыс жасауына қарсылық етпей, олардың заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектеуге жол бермей қызметіне септік етеді;

9.2.4. Жұмысшылар санына қарамастан сайланбалы кәсіподақ органына санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болатын, жылумен және жарықпен сайланбалы органның жұмысы мен жұмысшылардың жиналысын өткізуге қажетті жабдықтармен, сонымен қатар оргтехника, байланыс құралдарымен (оның ішінде компьютерлік құрал-жабдық, электрондық пошта және Интернет) қамтамасыз етілген тегін бөлме  (кемінде бір бөлме) және қажетті нормативтік құжаттар беріледі.

9.2.5 Сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдеріне кәсіподақ мүшелерінің жұмыс істейтін мекемелер мен құрылымдарда жарғылық міндеттері мен заңдылықпен берілген құқықтарын жүзеге асыруға қарсылық етпейді;

9.2.6. Кәсіподақ органына, олардың сұранысы бойынша, жұмысшылар мен білім алушылардың  жатақханада тұру жағдайлары, тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету, жалақы төлеу,  қоғамдық тамақтану мекемлерінің жұмыс, еңбек жағдайлары және өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мәліметтер мен түсіндірмелер, ақпараттар беріп отырады;

9.2.7. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері бар болған жағдайда, сонымен қатар Ұжымдық шарт күші таратылатын кәсіподақ мүшесі емес қызметкерлердің, тағайындалған айлық табысының 1% мөлшерінде, әр ай сайын мекеменің есеп шотынан Кәсіподақ ұйымының есепшотына қаржының тегін аударылып отыруын қамтамасыз етеді. Қаржы аудару толық көлемде және жалақы берілген уақытпен бір мезгілде жүзеге асырылады.

9.2.8. Кәсіподақтың өз мүшелері-сала қызметкерлерінің әлеуметтік –еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөніндегі қызметі туралы қызметкерлерді кеңінен ақпараттандыру үшін кәсіподақ органдарының салалық және жергілікті ақпараттық  жүйелерді пайдалануына ықпал етеді.

9.3. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған  (жіберілген) және негізгі жұмыстан босатылмаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, оның ішінде:

9.3.1. Кәсіподақ органының құрамына кіретін жұмысшыларды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босатуға, сәйкесінше еңбек шартына елеулі өзгерістер енгізу (жұмысшының кінәсінен болмаған оқу жүктемесі немесе өзге де жұмыс көлемінің өзгеруімен байланысты еңбек ақы мөлшерін азаюды, қомыша төлемдер мен үстеме ақылардың, өзге де ынталандыру және көтермелеу төлемдерін күшінің жойылуы) жұмыстан босатудың жалпы тәртібін сақтаумен қатар, сол жұмысшы мүшесі болып табылатын, кәсіподақ органының алдын-ала келісімі алынған жағдайда ғана жол беріледі. Ал бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері (орынбасарлары) – аумақтық кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша босатылады;

9.3.2. Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, кәсіподақ үйірмелерінің модераторлары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қажет жағдайда, ұжым мүддесі үшін атқарылатын қоғамдық міндеттерді орындағанда, қысқа мерзімді кәсіподақ оқуынан өткенде негізгі жұмысынан босатылады әрі орташа жалақысы сақталады.

Тараптар осы ереже бойынша ол күндердің жалпы саны Атқару комитетінің мүшесі болып табылатын және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитетінің төрағалары үшін жылына 14 жұмыс күнінен кем емес, сонымен қатар білім беру ұйымдарының екі жақты саласы комиссия ұжымдық келіссөздер жүргізу мен ұжымдық шарт жасау жөніндегі комиссия мүшелері болып табылатын қызметкерлері үшін – 10 жұмыс күнінен кем емес болып белгіленеді деп келісілді.

      9.4. Сайланбалы кәсіподақ органдарының білім беру ұйымдарындағы негізгі жұмысынан босатылмаған мүшелері Кәсіподақ шақыратын және ұйымдастырып, өткізетін съезд, конференция, пленум, президиум, жиналыс жұмысына қатысу үшін, осы форумдарды өткізуге қажетті уақытқа, негізгі жұмыстан босатылады.

9.5. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған  (жіберілген) босатылған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды:

9.5.1. Кәсіподақ органдарының сайланбалы лауазымдарына сайланған (жіберілген) қызметкерлерге, олардың сайланбалы өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін бастапқы жұмысы (лауазымы), ал ол болмаған жағдайда қызметкердің келісімі негізінде, сол немесе басқа білім беру ұйымынан сәйкес жұмыс  (лауазым) беріледі.

9.6. Қызметкерлердің кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланбалы лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы жұмысы білім беру ұйымының қызметі үшін мәнді деп саналады және қызметкерлерге сыйақы бергенде, оларды аттестациялағанда, басшы лауазымдарға конкурстық таңдауды жүзеге асырғанда ескеріледі.

9.7. Кәсіподақ органдарының құрамына сайланған қызметкерлерді олардың сайланбалы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, екі жыл ішінде жұмыс берушінің бастамасымен, мекеме толығымен жойылғаннан немесе қызметкер заңмен жұмыстан босату көзделген теріс әрекет жасалғаннан өзге жағдайларда жұмыстан босату Қазқстан Республикасының еңбек заңдылығымен белгіленген тәртіп бойынша, сәйкес кәсіподақ органының Ұжымдық шарті бойынша, сәйкес кәсіподақ органының Ұжымдық шарті бойынша жүзеге асырылады.

9.8. Тараптар, бірлесе отырып, сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрметті атақтар беру, ведомстволық ерекше белгілермен марапаттау туралы шешім қабылдай алады.

9.9. Білім басқармасы жұмыс берушілер өкілдерінің тарапынан кәсіподақ ұйымдары мен олардың органдарының жарғылық міндеттерін орындаумен байланысты қызметін жүзеге асыруға қиындық тудыратын әрекеттеріне жол бермеу шараларын қабылдайды.

9.10. Білім басқармасы еңбек заңдылығының орындалуы мен сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жүзеге асыруда Кәсіподаққа қарсылық етпейді. Кәсіподақ өз мамандарының күшімен білім беру ұйымдарында, күнтізбелік жыл бойында екі реттен жиі емес, қауіпсіздікті сақтау және еңбекті қорғау бойынша жоспарлы тексеру жүргізуге құқылы.

Тексерісжүргізу кезінде жұмыс беруші тексеру бойынша құжаттарды ұсынуға міндетті, соның ішінде: бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер мен қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты басқа да құжаттар.

9.11. Кәсіподақ комитетінің мүшелері білім беру ұйымының тарификациялық, педагогикалық қызметкерлерді  аттестаттау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбек қорғау жөніндегі, әлеуметтік сақтандыру  және өзге де комиссиялар құрамына енгізіледі. Осы ретте аталған комиссиялардағы мүшелік Кәсіподақ өкіліне осы комиссиялар қабылдайтын немесе келісу процедурасын өтетін шешімге қол қою құқығын береді.

10 тарау

Кәсіподақтың міндеттемелері

Кәсіподақ келесі міндеттемелер алады:

10.1. ҚР ЕК және ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік етеді және қорғайды.

10.2. Жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңдылығы мен еңбек құқығы нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауына қоғамдық бақылау жүргізеді.

10.3. Еңбек ақы төлемінің мерзімдеріне бақылау жүргізу.

10.4. Қызметкерлердің еңбек кітапшаларын дұрыс жүргізу және сақтау, қызметкерлерді аттестаттау нәтижесі бойынша біліктілік санатын беру кезінде оған жазбаларды уақтылы  енгізуді бақылауды іске асырады.

10.5. Жұмыс берушімен және жұмысшылармен бірлесе отырып қызметкерлердің жеке мәліметтерін қорғау жөніндегі шаралар жасайды (ҚР ЕК 22 б. 1 т. 24 т.т. және 23 б. 2т. 24 т.т. сәйкес).

10.6. Білім басқармасына білім беру ұйымы басшысының  ҚР ЕК нормалары мен еңбек туралы өзге де заңдылықтарды, ұжымдық шарттардың, шарттары мен тараптарын бұзғандығы туралы, оларға қатысты тәртіптік жаза қолдану жөніндегі талаптар мазмұндалған, ақпараттар жолдайды.

10.7. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын Ұжымдық шарт комиссиялары мен сотта танытады және қорғайды.

10.8. Зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы әрі толық аударылуына қоғамдық бақылау жүргізеді.

10. 9. Қызметкерлерге демалыстар мен оның төлемдерінің мезгілінде әрі дұрыс берілуіне бақылау жүргізеді.

10.10. Мекеменің тарификациялық, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау, жұмыс орындарын аттестаттау,  еңбек қорғау жөніндегі және өзге де комиссиялар жұмысына қатысады.

10.11. Біліктілік санатын беру бойынша аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады.

10.12. Сала ұйымдарында мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру –сауықтыру жұмыстарын жүргізу.

11 тарау

Білім беру ұйымдарын басқару, әлеуметтік әріптестің тиімділігін арттыру және жастар саясаты 

      Тараптар:

11.1.  Білім берудің басымдылықты ұлттық бағдарламаларының толық көлемде жүзеге асырылуына бірлесе ықпал етеді.

11.3. Бірлесе отырып  білім саласы қызметкерлерінің өмір сүру деңгейін, еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктерін арттыруға қол жеткізеді.

11.4. Жергілікті бюджетті жасақтау барысында, белгіленген тәртіп пен құзырет аясында, атқарушы және заңды билік органдарына төмендегі шараларға қаржы қарастыру туралы ұсыныстар әзірлейді және жолдайды.

— білім беру ұйымдарындағы еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне, жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;

— білім беру ұйымдары қызметкерлерін бастапқы  (жұмысқа қабылдау кезінде)  және мерзімді (еңбек қызметі барысында) міндетті дәрігерлік  тексеруден (сараптамадан) өткізу.

— педагогикалық және медициналық кадрлардың  даярлығы, қайта даярлығы  және біліктілігін арттыру.

-іссапармен байланысты шығындарды өтеу.

11.5. Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби жоғарлауына, шығармашылық дамуына септік етіп, «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі»,  «Ең үздік сынып жетекшісі» «Жыл адамы» және т.б. сынды шығармашылық байқаулардың ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

11.6.  Тараптар білім және ғылым ұйымдарына жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен қызметінің басымды бағыттары ретінде жастардың,  ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»  Заңымен көзделген, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету деп есептеледі.

11.7.Білім беру ұйымы Қазақстан Республикасы заңдылығымен бекітілген бюджеттік міндеттемелерінің көлеміне сәйкес толық әрі мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

11.8. Кәсіподақпен келісе отырып Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығымен көзделген еңбек жағдайларын немесе өзге де әлеуметтік-экономикалық жағдайларды белгілеу немесе өзгерту туралы шешімдерді қабылдацды.

11.9. Мекеме басшылары мен өзге қызметкерлерін еңбек және салалық заңнамаларды меңгертуге бағытталған жүйелі түрдегі оқытуларды ұйымдастырады.

11.10. Кәсіподаққа,  оның сұранысы бойынша, Ұжымдық шарт, оның орындалуын бақылау және ҚР Еңбек кодексімен, өзге де заңдармен және заңнамалық нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де сұрақтар бойынша қажетті ақпарат беріп отырады.

11.11. Кәсіподақпен әріптестік жүргізеді, конструктивті ұсыныстар мен өзара талаптарды дер кезінде қарастырады.

11.12. Кәсіподақ өкілдерінің өндірістік сипаттағы мәселелер қарастырылатын мәжілістерге, комиссиялар жұмыстарына және өзге де шараларға қатысуына қамтамасыз етеді.

11.13. Кәсіподақ өкілдерін Білім басқармасы алқасының аттестациялық комиссия, өзге комиссиялар және алқалық басқару органдарының құрамына енгізеді. ҚР ЕК және осы Ұжымдық шарт аясында көзделген ретпен қызметкерлердің білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуына жағдай жасайды.

Кәсіподақ:

11.14. ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына Кәсіподақ Жарғысына сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік етеді және қорғайды.

11.15. Одақ мүшелеріне және жұмыс берушілер өкілдеріне еңбек заңнамалары арасындағы сұрақтар бойынша, жұмыс берушілер актілерін әзірлеуге, білім беру ұйымдарын оқытуға, сондай –ақ  жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі.

11.16. Тараптардың мүддесін ескеру мен ұжымдағы әлеуметтік қысымның алдын-алу мақсатымен келіссөздер процесінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

11.17. Ішкі еңбек тәртібінің, еңбек тәртібі мен қызметінің қызметкерлерімен – кәсіподақ мүшелерімен  уақытылы әрі сапалы орындалуы мен сақталуына ықпал етеді.

11.18. Жұмыс берушіге еңбекақы төлеу жүйесі мен нысанын әзірлеу, білім беру ұйымдарын басқару, Ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді жетілдіру бойынша келіссөздер жүргізу, әлеуметтік-экономикалық және кадрлық қызметкерлердің еңбек шарттары бойынша міндеттемелерін толық,сапалы орындауына ықпал ету бойынша ұсыныстар енгізеді.

11.19. Білім мекемелері мен ұйымдарында ұжымдық еңбек дауларының алдын алуға септік тигізеді.

11.20. Кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекциясының күшімен жұмыс берушілердің еңбек заңдылығы мен еңбек құқығы нормаларын қамтитын өзге де номативтік актілерді сақтауына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

12 тарау

Ұжымдық шарт тараптарының әлеуметтік-еңбек қақтығыстары мен ереуілдерді ескерту мен алдын-алу  бойынша қызметін үйлестіру.

12.1. Осы Ұжымдық шарттың тараптары өздеріне төмендегідей міндеттемелдер қабылдайды:

12.1.1. Әлеуметтік әріптестік одан әрі дамыту мақсатында бір-бірлеріне еңбек қатынастарының сұрақтары бойынша, саладағы әлеуметтік экономикалық жағдай туралы, осы Ұжымдық шартты реттеудің нысаны болып табылатын сұрақтар бойынша қабылданған шешімдер мен нормативтік құқықтық актілер жөнінде уақытында және толық ақпарат жіберу;

12.1.2. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің заңнамамен белгіленген тәртібін қадағалау, шиеленістік тудыруға әкеп соғатын себептерді болдырмау үшін,  оларды шешудің соңғы шарасы – ереуілді қызметкерлердің  пайдалануын ескерту мақсатында барлық мүмкіндікті пайдалану;

12.2. Қажет болған жағдайда, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық салалық комиссияның шешімімен тепе-теңдік бастамада:

-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Кеңес;

-ұжымдық еңбек дауларын ескерту және шешу мәселелері жөніндегі Кеңес;

— ұжымдық шарттар дайындау және қабылдауға қатысту үшін бақылаушылар топтары;

-кадрлық потенциалды және біліктіліктерін дамыту жөнінде үйлестіру орталығы құрылсын.

12.3.1. Кәсіподақтың өкілдерін алқалық басқарушы органдарға мемлекеттік малалық бағдарламалар жобаларын, еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық сұрақтармен байланысты нормативтік құқықтық актілерін дайындау жөніндегі комиссяиларға және басқа да жұмыс органдарына (топтарына) қоса.

12.3.2. Кәсіподақпен кеңес берулер жүргізеді, Кәсіподаққа оның сұратуы бойынша қызметкерлердің саны және құрамы, еңбекке ақы төлеу жүйесі, персоналдар санаты бойынша орташа жалақының мөлшері, еңбекті қорғау және оның жағдайлары бойынша көрсеткіштер, қызметкерлер саны (штаттарды) бұқаралық қысқарту жөніндегі шараларды жоспарлау және жүргізу, білім және ғылым саласында қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдер туралы ақпаратты, әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі басқа да қажетті ақпаратты ұсынады.12.3. Білім саласындағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының жобаларын дайындау кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік актілерді қабылдау кезінде, Кәсіподаққа бұл туралы алдын ала хабарлайды., Кәсіподақтың, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның пікірлерін ескереді.

12.3.4. Білім беру ұйымдары басқармасы органдарының жұмысына кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары өкілдерінің қатысуына мүмкіндік жасайды (ғылыми, қамқорлық, бақылау,педагогикалық кеңестер және т.б.) Білім беру ұйымдарының рейтингін анықтау кезінде, критерийлердің бірі ретінде ұжымдық шарттың  және онымен бекітілген әлеуметтік пакет құнының болуын ескереді.

12.4. Кәсіподақ:

12.4.1. Білім басқармасының сұратуы бойынша Кәсіподақтың саны мен құрылымы туралы, оның ұйымдары, еңбек заңнамасының орындалуына еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қорғау қоғамдық бақылаудың нәтижелері туралы, саладағы әлеуметтік әріптестіктің көрсеткіштері туралы статистикалық және басқа да ақпаратты ұсынады.

12.4.2. Жұмыс берушілердің өкілдерін еңбек заңнамасының, кәсіптік одақтар туралы заңнаманың негізінде, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестікті құқықтық реттеудің мәселелеріне белсенді оқытуды жүргізеді.

12.4.3. Бекітілген салалық аймақтық Ұжымдық шартдер мен ұжымдық шарттардың есепке алуын қамтамасыз етіп, оларға талдау жасап, әлеуметтік әріптестік саласындағы озық тәжірибелерді жинақтап, зерделеп  және сараптап таратады.

12.4.4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларынан шығатын әріптестік тараптарынан  басқа міндеттемелері, білім және ғылым ұйымдарында ұжымдық шарттарды жасау кезінде реттеледі және нақтыланады.

13  тарау

Ұжымдық шарттың орындалуына бақылау жүргізу. Тараптардың жауапкершілігі .

Тараптар Ұжымдық шарт шарттар бойынша өзара келісімге келді:

  1. Кәсіподақ Ұжымдық шартты оған қол қойылғаннан кейін 10 күн ішінде еңбек жөніндегі тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама сипатындағы тіркеуге жолдайды.
    1.  Осы Ұжымдық шартты орындау  бойынша сәйкес бірлескен іс –шаралар жоспарын жасайды.
    1.  Осы Ұжымдық шартпен оның  ережелерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға бақылау жүргізеді, бақылау нәтижелері бойынша  еңбек ұжымдары  өкілдерінің конференциясында жылына бір рет есепті жылдан кейінгі наурыздың 1-нен кешіктірмей есеп беріп отырады.
    1. Ұжымдық шартты орындаумен байланысты  туындаған келіспеушіліктер мен

дауларды бір апталық мерзімде қарайды.

  1. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің заңдылықпен белгіленген

тәртібін сақтап,  даудың өршу  себептерін жою, жұмысшылардың соңғы шара-ереуілдерге шығуын ескерту мақсатында даулардың туындауына әкелетін себептерді жою үшін  барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.

  1. Ұжымдық шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немес бұзылған

жағдайларда кінәлі тарап  немесе тұлғалар заңдылықпен  көзделген тәртіп бойынша  жауапкершілік алады.

  1. Осы Ұжымдық шарт 2019-2021 ж.ж. ағымында әрекет етеді.
    1.  Жаңа Ұжымдық шарт жасау бойынша келіссөздер осы Ұжымдық шарт күшінің аяқталуына екі ай мерзім қалғанда басталады.

Осы Ұжымдық шартқа 2019 жылғы «_____»_____________________________ қол қойылған.

  1. қосымша

Жұмыс беруші актілерін қабылдауда және жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты бұзылғанда сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірі мен келсімін ескерту тәртібі 

  1. Жұмыс беруші осы Ұжымдық шартмен, сондай-ақ осы Ұжымдық шарт тараптарына күші таратылатын келімідермен көзделген жағдайларда кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескеретін немесе оның Ұжымдық шарті қажет шешімді қабылдау алдында шешім жобасын және оның негіздемесін сәйкес кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына жолдайды.
  2. Кәсіподақ ұйымының  сайланбалы органы аталған шешім жобасын алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жоба бойынша жұмыс берушіге жазбаша түрде өзінің дәлелді пікірін жолдайды.
  3. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірі жұмыс беруші шешімінің жобасымен келіспеген мазмұнда немесе оны жетілдіру туралы ұсыныстармен берілген жағдайда, жұмыс беруші онымен келісуі мүмкін немесе бір күн ішінде дәлелді пікір  және негіздеме алып, өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында жобаны ҚР ЕК  156 б. 4 т. сәйкес тең құқылы негізде құрылған  комиссияға жолдауға міндетті.
  4. Ұжымдық шартқа келе алмаған жағдайда туындаған келіспеушілік хаттама түрінде рәсімделіп, соңынан жұмыс беруші өз шешімін қабылдауға құқылы. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы бұл шешім бойынша ҚР ЕК 159 б. тсәйкес тең құқылы негізде құрылған комиссияға, тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына  немесе сотқа шағым келтіруі мүмкін. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы, ҚР ЕК 163 б. белгіленген тәртіп бойынша ұжымдық еңбек дауы процедурасын бастаға құқылы.
  5. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдарының жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ –нің (бұдан әрі — Кәсіподақ) мүшесі болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылдау жағдайында жұмыс беруші өкілі  (бұдан әрі –Жұмыс беруші) сәйкес сайланбалы кәсіподақ органына  (бұдан әрі –Кәсіподақ комитеті)  бұйрық жобасын, сондай-ақ аталған шешімді  қабылдауға қажетті құжаттар көшірмесін жолдайды.
  6. Кәсіподақ комитеті  бұйрық жобасы  мен құжат көшірмелерін алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде аталған сұрақты қарап, Жұмыс берушіге жазбаша түрде өзінің дәлелді пікірін жолдайды. Бес күн мерзімде берілмеген немесе дәлелді емес пікірді жұмыс беруші есепке алмайды.
  7. Дәлелді пікір туралы шешімді Кәсіподақ комитеті алқалы түрде, өзінің кемінде

жартысынан аз болмайтын мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен қабылдайды.

  • Кәсіподақ комитетінің отырысы хаттама түрінде рәсімделіп, онда комитет құрамына сайланғандар саны, отырысқа қатысқандар  саны, мәжілістегілер келген ортақ шешім мен оның негіздемесі көрініс табуы тиіс.
  • Кәсіподақ комитеті өз пікірін негіздегенде қолданыстағы заңдылыққа, ұжымдық шартқа, Ұжымдық шартдерге, кейбір жағдайларда нақты қызметкерлердің еңбек шарттарына, сондай-ақ Жұмыс беруші мен Кәсіподақ шешім қабылдаған кезеңде білім беру ұйымында қалыптасқан нақты жағдайларға сілтеме жасай алады.
  • Жұмыс берушінің алдағы қабылдайтын шешімі бойынша кей тұстар мен  жағдайларды анықтау, нақтылау үшін Кәсіподақ комитеті өз отырысына Жұмыс беруші өкілдерін, өзге мамандар мен сарапшыларды шақыра алады.
  • Кәсіподақ комитеті жұмыс берушінің алдағы шешімімен келіспеушілік білдірген  жағдайда, ол бір жұмыс күні ішінде Жұмыс берушімен немесе оның өкілдерімен қосымша кеңесулер жүргізеді. Ол кеңесулер нәтижесі хаттама түрінде рәсімделіп, оған Жұмыс беруші мен Кәсіподақ  комитетінің төрағасы қол қояды.
  • Кеңесулер нәтижесі бойынша жалпы ортақ Ұжымдық шартқа келе алмаған жағдайда Жұмыс беруші, Кәсіподақ комитетіне бұйрық жобасы мен құжаттар көшірмелерін жолдаған күннен кейінгі  он жұмыс күнінен соң қорытынды шешім қабылдауға құқылы.
  • Жоғарыда көрсетілген процедураларды сақтау қызметкерді немесе оның мүддесін танытушы Кәсіподақты жұмыстан босату жағдайы бойынша келісу комиссиясына және сотқа шағым келтіру құқығынан айырмайды.

Жұмыс берушінің кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына дәлелді пікір сұрау немесе Ұжымдық шарт және негіздеме алу туралы сұраныс жолдау үлгісі

Құжаттың шығыс нөмірі және күні

_______________________________________________________________

(бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)

Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының Ұжымдық шарттың 1.16 т. сәйкес дәлелді пікір немесе Ұжымдық шарт  беру туралы

СҰРАНЫС

(ұйымның атауы)

(жұмыс беруші актісінің атауы)

жобасын және ол бойынша барлық құжаттары тіркелген негіздемені жолдайды.

Бес жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушінің  осы актісінің жобасы бойынша жазбаша түрде дәлелді пікір жолдауды  сұраймын.

Қосымша _____парақта.

Мекеме басшысы                               _______________________

                                                                            (қолы, аты-жөні)

Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірінің үлгісі

Құжаттың шығыс нөмірі және күні 

_________________________________________________________________

(ұйымының атауы)

_________________________________________________________________

(басшының Т. А. Ә.,  лауазымы)

_________________________________________________________________

(кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)

ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ

________________________________________________________________

(сұрақтың мазмұны, аталымы)

бойынша дәлелді пікір туралы

_________________________________________ өзінің өкілетті  құрамдағы

               (кәсіподақ органының атауы)

отырысында Жұмыс берушінің «___» ________20___ж.  №_____                 

 ________________________________________________________________

                                               (жұмыс беруші актісінің атауы)

________________________________________________________________

жобасы, оның негіздемесі және жұмыс берушінің нормативтік актісін қабылдау қажеттігі мен заңдылығын растайтын құжаттар бойынша.

_________________________________________________________________

(сайланбалы органның атауы)

  «___» ________20___ж. отырысында жұмыс берушінің ____________________________________________________________________

                      (жобаның атауы)

жобасын әзірлегенде ҚР Еңбек кодексімен және нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен және Ұжымдық шартдермен көзделген нормаларды сақтау жағдайы тексерілді.

Келесі мазмұндағы дәлелді пікір бекітілді:

_________________________________________________________________

(сайланбалы кәсіподақ органының атауы)

_________________________________________________________________

                                                             (жобаның атауы)

жобасы бойынша

ДӘЛЕЛДІ  ПІКІРІ

Жоба ҚР еңбек заңдылығымен, еңбек құқықтарын қамтитын, осы актіні қабылдауды реттейтін  өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттар және Ұжымдық шартдердің ______________ тармақтарында (баптарында) көзделген нормаларға сәйкес (сәйкес емес) және қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайды (нашарлатады).

Жобаның мазмұны, енгізу мерзімі, болатын өзгертулер бойынша өзге де ескертпелер мен толықтырулар көрсету қажет.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып __________________________                                                                                   (кәсіподақ органның атауы)

жұмыс берушінің _______________________________________________

(жобаның атауы)

қабылдауы мүмкін  (мүмкін емес) деп есептейміз.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы  ____________           __________________

                                                                  (қолы)                             (А.Ж.Т.)

Кәсіподақ органының дәлелді пікірін  «___» ________20___ж. _____________________________________________________________________ 

    (жұмыс берушінің А.Ж.Т.)

_______________________________________________________________алды.

  «___» ________20___ж.                               _____________________ 

  (қолы)

Жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына Ұжымдық шарттың 1.16 т. сәйкес қызметкерді жұмыстан босату бойынша дәлелді пікір сұрау үшін сұраныс жолдау үлгісі

Құжаттың шығыс нөмірі және күні  

_______________________________________________________

(кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)

Бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органынан дәлелді пікір беру туралы СҰРАНЫС

________________________________________________________________

(ұйымның атауы)

ҚР Еңбек кодексінің 52 б. 1 т. _____ т.т. негізінде ___________________________  

                                                                                                  (қызметкердің А.Т.Ж.)                                     

_____________________________________________________________________

      (жұмыстан босайтын тұлғаның лауазымы, мамандығы, жұмыс орны)

___________________ еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың жобасын және оның негіздемесі  бойынша төмендегі құжаттарды жолдайды:

_____________________________________________________________________

     (бұйрықты (өкімді) шығаруға құқықтық негіз болатын қосымша құжаттар тізбектеледі)

        Бес жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушінің  осы актісінің (бұйрық, өкім) жобасы бойынша жазбаша түрде дәлелді пікір жолдауды  сұраймын.

       Қосымша _____парақта.

            Мекеме басшысы                              _______________________

                                                                                       (қолы, аты-жөні)

Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының жұмыс берушінің бұйрық жобасы бойынша дәлелді пікірінің жобалық үлгісі

Құжаттың шығыс  нөмірі және күні

__________________________________________________________________

(ұйымының атауы)

_________________________________________________________________

(мекеме  басшысының А.Т.Ж., лауазымы)

_________________________________________________________________

(бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)

ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ

(жұмыс беруші актісінің жобасының атауы)

______________________________ өзінің өкілетті  құрамдағы отырысында

               (бастауыш кәсіподақ органының атауы)

жұмыс берушінің «___» ________20___ж.  №_____     _____________________________________________________________________

     (жұмыс беруші актісінің атауы)

___________________________________________________________________________________ жобасы, оның негіздемесі және жұмыс берушінің ол актіні қабылдау заңдылығын растайтын құжаттар.

_____________________________________________________________________________

(сайланбалы органның атауы)

 «___» ________20___ж. отырысында ұжымдық шарт негізінде жұмыс берушінің __________________________________________________________________________________

                                     (қызметкердің А.Т.Ж.)                                    

_____________________________________________________________________________

  (жұмыстан босайтын тұлғаның лауазымы, мамандығы, жұмыс орны)

еңбек шартын бұзу туралы бұйрық жобасын әзірлегенде қолданыстағы еңбек заңдылығының, барлық деңгейдегі Ұжымдық шартдердің нормаларын сақтау жағдайы тексерілді.

Келесі мазмұндағы дәлелді пікір бекітілді:

_________________________________________________________________

(сайланбалы кәсіподақ органының атауы)

_________________________________________________________________

                        (жұмыс берушінің  бұйрық  жобасының атауы)
жобасы бойынша

ДӘЛЕЛДІ  ПІКІРІ

Жұмыс берушінің __________________________________________________________

                                                    (қызметкердің А.Т.Ж., лауазымы)                      

еңбек шартын бұзу туралы ұсынған бұйрық жобасы мен оған тіркелген  құжаттар қабылданған актінің заңдылығын (заңсыздығын) растайды.

Бұйрық жобасы ҚР ЕК _____ баптарымен белгіленген талаптарға сәйкес (сәйкес емес), қызметкердің еңбек шартында көзделген нормаларды бұзбайды (бұзады).

Бұйрық жобасы жұмысшының ұйымдағы еңбек қызметімен байланысты, жұмыс берушінің _______________________________________  еңбек шартын

                                  (қызметкердің А.Т.Ж., лауазымы)

бұзу туралы бұйрық жобасын әзірлеуде ескермеген жағдайларды ескереді (ескермейді).

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып  жұмыс берушінің _________ ________________________________________________ҚР ЕК 52 б. 1 т. ___т.т.                      

(қызметкердің А.Т.Ж., лауазымы)                                    

сәйкес еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығару туралы шешім қабылдауы мүмкін (мүмкін емес) деп есептейміз.

Кәсіподақ органының төрағасы  _____________         _________________

                                                                    (қолы)                   (А.Ж.Т.)

Кәсіподақ органының дәлелді пікірін  «___» ________20___ж. __________________________________________________________________________________

                    (жұмыс берушінің немесе  оны өкілінің А.Ж.Т.)

_______________________________________________________________ алды.

  «___» ________20___ж.                            _____________________ 

                                               (қолы)

№2 қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің

жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі туралы

Е Р Е Ж Е

  1. Жалпы ережелер
    1. 1.1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі туралы Ереже (ары қарай – Ереже) әр түрдегі және нысандағы білім беру ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып  қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақыты режимдерін реттеу тәртібін белгілейді. 
    1. 1.2 Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі ұйым қызметінің режимін (оқушылардың, тәрбиеленушілердің  білім беру ұйымында тәулік бойы болуы, белгілі бір уақытта, маусымда, оқу сабақтарының  ауысымына сәйкес болуы   және білім беру ұйымы жұмысының өзге де ерекшеліктері)  ескере отырып анықталады, сондай-ақ   мекеме немесе кәсіпорынның Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, ҚР «Білім туралы» Заңына және өзге де  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, ұжымдық шартпен, осы Ережемен белгіленеді.
    1. 1.3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары басшыларының, олардың орынбасарларының, өзге  де басшы қызметкерлердің жұмыс режимі білім беру ұйымының қызметіне жетекшілікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жұмыс уақытының аптасына 40 сағатты құрайтын мөлшерлі ұзақтылығына қарай белгіленеді.
    1. 1.4. Өз міндеттерін жұмыс күнінің барысында  үздіксіз орындайтын  педагогикалық  қызметкерлер үшін тамақтануға үзіліс белгіленбейді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне тамақтану мүмкіндігі оқушылармен, тәрбиеленушілермен арнайы тамақтану үшін  белгіленген орындарда  бірге немесе бөлек беру қамтамасыз етіледі.

ІІ. Білім беру ұйымдарының мұғалімдері, оқытушылары, қосымша білім беру педагогтарының оқу жылы кезеңіндегі жұмыс уақытының режимі

2.1. Мұғалімдер, оқытушылар, қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық  жұмысты орындауы (ары қарай – оқытушылық жұмысты  атқаратын педагогикалық қызметкерлер) тек оқытушылық жұмыспен байланысты педагогикалық жұмысты орындау үшін белгіленген уақыт мөлшерінің  болуымен сипатталады. 

Оқытушылық жұмысты  жүргізуші педагогикалық қызметкерлердің педагогикалық  жұмыстың өзге бөлігін орындауы сағаттар саны бойынша нақтыланбаған жұмыс уақыты бойында жүзеге асырылады.

2.2. Оқытушылық жұмысты жүргізуші қызметкерлердің жұмыс уақытының мөлшерлі бөлігі астрономиялық сағаттармен анықталады және  өткізілетін сабақтар (ары қарай  — оқу сабақтары) олардың оқушылар үшін белгіленген ұзақтылығы мен әр сабақ арасындағы қысқа үзілістер, оның ішінде 1 сынып оқушылары үшін көзделген «икемді үзілістерге» де қарамастан қоса есептеледі. Сонымен қатар белгіленген оқу жүктемесінің сағаттар  саны осы қызметкерлер жүргізген, ұзақтылығы 45 минуттан аспайтын  оқу сағаттарының санына сәйкес болады.

Оқу сабақтарының, сондай-ақ олардың арасындағы үзілістердің  нақты ұзақтылығы жарғыға немесе білім беру ұйымының белгіленген тәртіппен бекітілген сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер ескерілген локальды (жергілікті) актілерімен көзделеді. Оқытушылық жұмысты орындау оқу сабақтарының кестесімен реттеледі. 

Қосарланған оқу сабақтары өткізілгенде белгіленбеген үзілістер жинақталып және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртіп ережелерімен көзделген рет бойынша өзге педагогикалық жұмысты орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

2.3. Оқытушылық жұмысты жүргізуші педагогикалық қызметкерлердің сағаттар санымен нақтыланбаған  жұмыс уақатын  қажет ететін өзге бөлігі білім беру ұйымының жарғысымен және ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, тарифтік-біліктілік сипаттамаларымен көзделген  лауазымдық міндеттерден туындайды және жұмыс кестелері әрі жоспарларымен реттеледі. Оның ішінде педагогикалық қызметкердің жеке жоспарымен реттеледі және ол төмендегі жұмыстармен сонымен қатар келесі әрекеттермен  (шаралармен, жағдайлармен) байланысты болуы мүмкін :

— педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмысына қатысумен, ата-аналар   жиналыстарын,  кеңестер беру, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасымен көзделген өзге де шараларды  өткізу жұмыстарымен;

— дәрігерлік қорытындыға сәйкес балалары үйде оқитын  отбасыларына, ата-аналарына немесе оларды алмастырушы тұлғаларға  әдістемелік, зерттеу және  кеңес беру көмектерін ұйымдастыру және жүргізу;

— оқушыларды, тәрбиеленушілерді  оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарға  даярлық, олардың жеке қабілеттерін,  қызығушылықтары мен бейімділіктерін , сондай-ақ  отбасы және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын  зерделеуге жұмсалатын уақытпен;

— білім беру ұйымындағы білім беру  процесінің барысында сабақтарды даярлау мен өткізу мақсатында ұйымдастырылуы мүмкін кезекшіліктер, белсенділік дәрежесі әртүрлі оқушылардың, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің режимін орындауын бақылау, олар үшін белгіленген сабақтар барысында, оның ішінде үзілістерде  тәртіп пен реттілікті сақтауын, тамақтануларын қамтамасыз ету;

— педагогикалық қызметкерлерге білім беру процесімен тікелей байланысты  қосымша жүктелген әрі сәйкес қосымша төлем жүргізілетін міндеттерді орындау жағдайлары (сынып жетекшілігі,  оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, оқу кабинеттеріне жетекшілік ету және т.б.) .

Білім беру ұйымдарының педагогикалық  қызметкерлерінің оқу сабақтары кезеңіндегі кезекшілік кестесін жасағанда, сабақ басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін мекеменің ауысымдылығы, әрбір педагогикалық  қызметкердің сабақ кестесіне сәйкес жұмыс уақыты, жалпы іс шаралар жоспары, жұмыстың өзге де ерекшеліктері ескеріледі. Ондағы басты мақсат педагогикалық қызметкерлердің шектен тыс ұзақ кезекшілігін, кезекшіліктің оқу жүктемесі аз немесе мүлдем жоқ күндерге қойылуын болдырмау.

Педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымы бойынша кезекшілікке тартылған күндері  оқу сабақтары басталғанға дейінгі 20 минуттан ерте емес және сабақ аяқталғаннан кейінгі 20 минуттан кеш емес мерзімге  жұмысқа қамтылады;

2.4. Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагогикалық қызметкерлер аптаның сабақ кестесі бойынша оқу сағаттарынан, жұмыс кестелері және жоспарларымен реттелетін өзге де міндеттемелерді орындаудан бос күндерін (білім беру ұйымы өз қызметін жүзеге асыратын уақыт кезеңін) біліктілігін  арттыруға, өзінің оқуға, сабақтарға даярлануға және т.б. жұмыстарға пайдалана алады.

2.5. Білім беру  ұйымдарындағы оқу жүктемесі оқу жылы барысында  оларға қатысты емес себептерден (оқу жоспары мен оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санының,  сыныптар, топтар мен т.б. қысқаруы) оқу жылының басындағы оқу жүктемесінен кеміп кеткен мұғалімдер,  оқытушылардың жұмыс уақытының  режимі оқу жылының соңына дейін бастапқы белгіленген оқу жүктемесіне және еңбек ақы мөлшеріне сәйкес сағат санымен, осы Ереженің 2.3 т. көзделген педагогикалық жұмысты орындауға қажетті уақытты ескере отырып анықталады.

ІІІ. Жұмыс күнін бөлшектеу

3.1. Педагогикалық және өзге де қызметкерлердің жұмыс кестесін жасағанда жұмыс уақытындағы демалумен және тамақтанумен байланысты  емес үзілістер беруге осы Ережемен көзделгеннен өзге жағдайларда жол берілмейді. 

3.2. Сабақ кестесін жасағанда жұмыс беруші оқытушылық  жұмысты жүргізетін педагогикалық  қызметкерлерге(айрықша жағдайларды қоспағанда), үздіксіз сабақтастық   пен сатылық бұзылмауы және ұзақ үзілістер болмауы үшін, ұтымсыз әрі тиімсіз уақыттарды алып тастауы керек. Себебі, ондай «терезе» деп аталатын ұзақ  үзілістер педагогикалық қызметкерлер үшін, оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін белгіленген сабақтар арасындағы қысқа үзілістермен салыстырғанда, жұмыс уақыты болып есептелмейді.

3.3. Бір күн барысында тәрбие және оқыту қызметі алмасып отыратын оқушылар, тәрбиеленушілердің білім беру  ұйымында тәулік бойы болатын жағдайларда,  жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, мектеп жасындағы тәрбиеленушілер топтарында жұмыс атқаратын тәрбиешілер   үшін, ұзақтылығы қатарынан  екі және одан артық сағатты құрайтын үзіліс бере отырып әрі мұндай қолайсыз жұмыс режимін Ұжымдық шартмен көзделген мөлшерде және  ретпен  сәйкес өтей отырып, жұмыс күнінің бөлшектелген режимін енгізе алады. Екі ауысым арасындағы үзіліс уақыты жұмыс уақытына есептелмейді.

Тәрбиешілердің педагогикалық жұмысты еңбек ақы ставкасы үшін белгіленген мөлшерден артық  орындауымен байланысты үзілістері жұмыс күнін бөлшектенген режиміне жатпайды.

3.4. Тәрбиешілердің уақытын  үнемдеу мақсатында жұмыс уақыты барысында 2 сағаттан астам үзіліс көзделген бөлшектенген режимнің орнына оқушылардың ертеңгі уақыттағы сабақтары басталғанға дейінгі және сабақтар аяқталғаннан кейінгі жұмыс уақытын қамтитын күн сайынғы әртүрлі ұзақтылықты жұмыс режимін, яғни жұмыс  уақытының  аптадағы (ай, тоқсан) жалпы ұзақтылығы есепті кезеңдегі сағаттардың  орташа айлық мөлшерінен аспайтын жұмыс уақытының жиынтық есебін пайдаланған оңтайлы болады.

ІV. Білім беру ұйымы қызметкерінің демалыс кезеңіндегі жұмыс

уақытының режимі

4.1. Білім беру ұйымдарының оқушылары, тәрбиеленушілері үшін белгіленген, қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы негізгі және қосымша демалыстарымен сәйкес келмейтін, күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кезеңдері  (ары қарай —  каникулдық кезең) қызметкерлер үшін жұмыс уақыты болып табылады.

4.2. Педагогикалық  қызметкерлер каникулдық кезеңде педагогикалық, әдістемелік, сондай-ақ білім бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты ұйымдық жұмыстарды олар үшін каникул басталғанға дейін белгіленген жұмыс уақытының мөлшерленген бөлігі шегінде (белгіленген оқу жүктемесі (педагогикалық жұмыс) аясында)   және белгіленген  ретпен еңбек ақысы сақтала отырып, осы Ереженің 2.3. тармағымен көзделген жұмыстарды орындауға қажетті уақыт шеңберінде жүргізеді.

Дәрігерлік қорытындыға сәйкес балаларды үйде  жеке оқытуды жүзеге асыратын  мұғалімдер каникулдық кезеңде педагогикалық (әдістемелік, ұйымдық) жұмысқа осы балаларды жеке оқыту үшін каникул басталғанға дейін белгіленген сағаттар санын ескере отырып тартылады.

4.3. Жұмысқа оқушылардың, тәрбиеленушілердің жазғы каникулы кезеңінде қабылданған педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі  еңбек ақының бір ставкасы үшін белгіленген оқытушылық (педагогикалық) жұмыстың бір аптадағы сағаттар мөлшерінің шеңберінде және өзге де лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті уақытпен белгіленеді.

4.4. Оқыту-жәрдем ету мен қызмет көрсету персоналының жұмыс уақытының режимі каникулдық кезеңде лауазымы бойынша бекітілген уақыт шеңберінде белгіленеді. Аталған жұмысшылар заңдылықпен белгіленген  тәртіп бойынша арнайы білімді қажет етпейтін шаруашылық жұмыстарына қамтыла алады.

4.5. Каникул кезеңінде барлық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі білім беру ұйымының жұмыс сипаты көрсетілген локальды актілерімен және жұмыс  кестесімен реттеледі.

  • Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің оқушылар, тәрбиеленушілер  үшін оқу сабақтарын (білім беру процесін) санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздер бойынша тоқтатқан жағдайдағы жұмыс уақытының режимі

5.1. Оқушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтары (білім беру процесі) санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздер бойынша тоқтатылған кезеңдер білім беру ұйымдарының педагогикалық  және өзге қызметкерлері  үшін жұмыс уақыты болып табылады.

5.2. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге негіздер бойынша жекеленген  сыныптарда (топтарда) немесе жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу сабақтары тоқтатылғанда мұғалімдер және өзге де педагогикалық қызметкерлер осы Ереженің ІV тарауында көзделген жағдайларда және тәртіп бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, ұйымдастыру жұмыстарына қамтылады.

  • Қызметкерлердің білім берудің сауықтыру ұйымдарында, жазғы саяжайларға шығатын және (немесе) жергілікті жерде немесе өзге өңірде жазғы демалыс ұйымдастырушы  білім беру ұйымдарындағы, сондай-ақ туристік сапарлар, экскурсиялар, экспедициялар, саяхаттар өткізудегі жұмыс  уақытының режимі

6.1. Педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалысымен бір айдан астам мерзімге сәйкес келмейтін кезеңге балалардың күндізгі уақытта қамтылатын  жергілікті жерде жалпы білім беретін мектептер негізінде каникул кезінде құрылатын сауықтыру лагерлеріне және білім берудің өзге де сауықтыру ұйымдарына жұмысқа тартылғандағы жұмыс уақытының режимі осы Ереженің ІV тарауымен көзделген тәртіп бойынша анықталады.

  •   6.2. Педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалысымен сәйкес келмейтін кезеңге сауықтыру лагерлеріне және білім берудің өзге жерде орналасқан сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тарту, сондай-ақ өзге аймақтарға ұзақ мерзімді саяхаттарға (бір күнде кері оралмайтын), экспедицияларға, экскурсияларға жетекші етіп жіберу тек қызметкердің Ұжымдық шарті бойынша жүзеге асырылады.

Аталған қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі орындалатын жұмыс ауқымы мен көлеміне қарай белгіленеді және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, жұмыс кесетелерімен анықталады.

VІІ. Білім беру ұйымдарының жекелеген педагогикалық

қызметкерлерінің жұмыс уақытын  реттеу

7.1. Педагог-психологтардың 36 сағаттық жұмыс аптасы шегіндегі жұмыс уақытының режимі білім мекемесінің ішкі еңбек тәртіп  ережелерімен төмендегі шарттар ескеріле отырып реттеледі:

— білім беру процесінің қатысушыларымен жалпы жұмыс уақытының апталық  ұзақтылығының жартысынан кем болмайтындай шекте жеке және топтық кеңес беру  жұмыстарын орындау;

— жеке және топтық кеңес беру жұмыстарына даяарлық, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және сараптау, есепті құжаттаманы толтыру, сондай-ақ өз біліктілігін арттыру;

Педагог-психолог аталған жұмыстарды қызметкердің қалауына қарай білім мекемесінде,  сондай-ақ  одан тысқары жерде жүзеге асыруы мүмкін.

7.2. Жұмыс уақытының режимі жұмыс уақытының жалпы ұзақтылығын ескере отырып, төмендегі мөлшерде белгіленеді:

Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру, жалпы орта және қосымша білім беру жүйесінің  педагогикалық қызметкерлердің лауазымдары бойынша:

  Жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, барлық типтегі интернаттық мекеме директоры —  аптасына 40 сағат;

Қосымша білім беретін мектептен тыс мекеме директоры – аптасына  40 сағат;

Оқу-сауықтыру орталығының директоры, оқу-сауықтыру лагері, еңбек пен демалыс лагері, маусымдық профильдік және өзге де типтердегі лагерлер бастығы – аптасына 40 сағат;

Жалпы білім беретін мектеп, мектеп-интернаты және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, қосымша  білім беру ұйымдары директорының (бастығының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат;

Мектепке дейінгі  білім беру ұйымының меңгерушісі – аптасына 40 сағат;

Барлық мамандықтардағы мұғалімдер – мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Логопед-мұғалім (білім мекемесіндегі логопед) — мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Мектепке дейінігі мекеме логопеді –аптасына 24 сағат;

Дефектолог-мұғалім — мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Қосымша білім  беру педагогы — мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес  (аптасына 18 сағат);   

Педагог-ұйымдастырушы – аптасына 36 сағат;

Педагог-психолог – аптасына 36 сағат;

Әлеуметтік педагог – аптасына 36 сағат;

Қосымша білім беру мекемесінің сүйемелдеушісі (аккомпаниатор) – аптасына 18 сағат;

Білім беру  ұйымының аға тәлімгері, тәлімгері – аптасына 36 сағат;

Білім беру ұйымының аға тәрбиешісі, тәрбиешісі – мөлшерлі жүктемеге сәйкес (мектепке дейінгі мекемелерде – аптасына 24 сағат; интернаттық мекемелерде  – аптасына 30 сағат.); арнайы (түзету) мекемелерде – аптасына 25 сағат;

Музыкалық жетекші (концертмейстер) – мөлшерлі  жүктемеге  сәйкес 18 сағат;

Білім беру ұйымының әдіскері – аптасына 36 сағат;

Мектепке дейінгі мекеменің әдіскері (аға тәрбиешісі) – аптасына 36 сағат;

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің музыкалық жетекшісі — мөлшерлі жүктемеге сәйкес  (аптасына 24 сағат);

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің хореографы — мөлшерлі жүктемеге сәйкес  (аптасына 24 сағат);

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің және өзге де қосымша пәндердің мұғалімдері — мөлшерлі жүктемеге сәйкес  (аптасына 24 сағат);

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің дене шынықтыру инструкторы — мөлшерлі жүктемеге сәйкес  (аптасына 24 сағат.)

Режим жөніндегі кезекші – аптасына 36 сағат;

Жатақхана бойынша кезекші – аптасына 36 сағат.

№3 қосымша

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы

Р. № Лауазымның атауы Демалыс күндердің саны
1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде: Барлы типтегі жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназия, интернаттық ұйымдардың директоры; Балалр үйі, Отбасылық типтегі балалар үйі, Отбасылық типтегі балалар ауылы, Жасөспірімдер үйі, Кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығы; Кәмелетке толмаған балаларға арналған баспаналар; Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің; Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің педагогикалық қызметкерлері;жалпы орта білім беретін мектеп, мектеп-интернат және негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар директорының (басшысының) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-тәрбие жұмысы, тәрбие жұмысы, бейінді оқыту жөніндегі орынбасары;Барлық мамандықтардағы мұғалімдер;Мұғалім-логопед;Мұғалім-дефектолог;Педагог-ұйымдастырушы;Педагог-психолог;Әлеуметтік педагог;Аға вожатый, білім беру ұйымының вожатыйы;Білім беру ұйымының әдіскері; 56
2. Мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының,  оқу-әдістемелікті қамтамасыз етуші ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде: қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымының директоры;оқыту-сауықтыру орталығының, оқыту-сауықтыру лагерінің, еңбек және демалыс лагерінің, маусымдық бейіндік және өзге типтегі лагерьлердің директоры;қосымша білім беру ұйымы директорының (басшысының) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы, бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары;мектепке дейінгі білім беру ұйымының меңгерушісі;мектепке дейінгі білім беру ұйымының логопеді;қосымша білім беру педагогы;мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагог-психологы;мектепке дейінгі білім беру ұйымының аккомпаниаторы;мектепке дейінгі білім беру ұйымының аға тәрбиешісі, тәрбиешісі;музыкалық жетекші (концертмейстер);мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскері;мектепке дейінгі балалар мекемесінің музыкалық жеткешісі;мектепке дейінгі білім беру ұйымының хореографы;мектепке дейінгі балалар мекемесінің орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің және өзге қосымша пәндердің мұғалімі;мектепке дейінгі балалар мекемесінің дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы. 42
3. Педагогикалық қызметкерлерге жатпайтын азаматтық қызметшілер, оның ішінде: Білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;Бас есепші;Бас үнемдеуші;Кітапхана меңгерушісі;Асхана меңгерушісі;Қойма меңгерушісі;Есепші;Үнемдеуші;Кітапханашы;Барлық мамандықтардағы дәрігерлер;Орта медициналық құрам (медбике және т.б.);Емдәмбике;Зертханашы;Іс жүргізуші;Кассир;Комендант;Инженер;Инспектор;Механик;Хатшы;Эскпедитор;Ғимараттар мен құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы;қазандық қондырғысының машинисті (оператор);бас аспазшы;аспазшы;автокөлік жүргізушісі;тәрбиешінің көмекшісі;электрик;ағаш шебері (балташы);слесарь-сантехник;кір жуу машиналарының операторы;тігінші;аяқ киім жөндеу шеберішаштараз 30
4. Азаматтық қызметшілерге жатпайтындар, оның ішінде: қызметтік бөлмелерді тазалаушы;вахта жұмысшысы; гардероб жұмысшысы;кастелянша;бағбан;қоймашы;аула сыпырушы;санитар;қарауылшы; от жағушы;асхана жұмысшысы;қосалқы жұмысшы 30

№4  қосымша

Зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларда еңбек еткені үшін жыл жайынғы қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы, бір аптадағы қысқартылған жұмыс уақытының мерзімі

Р. № Лауазымның атауы Демалыс күндерінің саны Бір аптадағы сағаттық  жұмыс уақыты
1. Білім беру ұйымының дәрігері 12 40
2. Білім беру ұйымының орта медициналық құрамы  12 40
3. Білім беру ұйымының кіші медициналық құрамы 12 40
4. Сұйық отын және газбен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы) 6 40
5. Қатты отынмен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы): қолмен жаққанда; механикалық жолмен жаққанда       12 6       40
6. Кір жуушы орын  жұмысшылары 6 40
7. Бас аспазшы 6 40
8. Аспазшы 6 40
9. Қызметтік бөлмелерді  тазалаушы 6 40
10. Электрдәнекерлеуші 6 40
11. Санаторлық мектеп-интернатының қызметкерлері кітапханашыдәрігерлеркастелянша кіші медициналық және қызмет көрсетуші персонал: санитар, буфетші, даяшы, ыдыс жуушы, моншашы, шаруа бикесі, күтуші, өндірістік бөлмелерді тазалаушы, шаштараз орта медициналық персонал   12 12   12     12   36 36   36     36

№5 қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйақы  беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемелердің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы»  №1193 Қаулысының 5 т. сәйкес қызметкерлердің өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін сәйкесінше орындағаны үшін, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің білім сапасын арттыруға, еңбек міндеттерін орындауға деген ынтасын  арттыру бойынша көтермелеу жүйесін реттеу мақсатында әзірленген.
  3. Осы Ереже Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының бағынысындағы білім беру ұйымдарының  қызметкерлеріне таратылады.
  •  Сыйақы беру шарттары
  • Қызметкерге сыйақы тағайындау құқығын беретін нәтижелерді сипаттаушы негізгі көрсеткіштер мыналар болып табылада:
  • еңбек тәртібін сақтау;
  • белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижесі;
  • лауазымдық міндеттерді мүлтіксіз орындау, жұмысқа шығармашылықпен қарау және еңбектегі өзге де жетістіктер;
  • мерейтойлық, мерекелік даталар;
  • қызметкерге жүктелген міндеттер мен функцияларды тиісті орындау.
  • Қызметкерге  сыйақы келесі жағдайларда берілмейді:
  • Оның жойылмаған (мерзімі өтпеген) тәртіптік жазасы болғанда;
  • Аталған мекемеде екі айдан кем жұмыс істегенде;
  • Сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
  • Лауазымдық жалақыға үстеме төлем тағайындау шарттары

5.Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстеме төлем тағайындау жұмысшының еңбектегі кәсіби  білімі және біліктілігімен үйлескен жеткілікті тәжірибесін (өтілін), оны күнделікті жұмыста  нәтижелі  қолдана білуі мен өзге де көрсеткіштерін ескере отырып, міндеттеме аясы артқанда жүргізіледі.

6. Сондай-ақ, үстеме төлем қызметкерді, оның еңбек жарақатын алуына, кәсіби науқасқа шалдығуына немесе жұмысшының осы мекемеде еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына өзге де нұқсан келумен байланысты, оның еңбек қабілеті толық қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенше, төмен ақылы лауазымға (жеңіл жұмысқа)  ауыстырған жағдайда тағайындалуы мүмкін.

7. Үстеме ақының ең жоғарғы мөлшері лауазымдық жалақының 100 пайызынан артық болмауы тиіс.

  • Материалдық  көмек көрсету шарттары
  • Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның күрделі материалдық жағдайына байланысты төмендегі кездерде жүргізілуі мүмкін:
  • оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, балалары) қазасына орай;
  • отбасын құрғанда;
  • бала туылғанда, ұл немесе қыз асырап алғанда;
  • қосымша қаржы шығындарын (10 күнтізбелік күннен асатын  стационарлық немесе амбулаторлық ем алу, шипажайда демалудан басқа) қажет ететін емделу жағдайында;
  • қызметкерге қатысты құқықбұзушылық әрекет жасау (тонау, қарақшылық және т.б.), табиғи апаттар (өрт, зілзала, су тасқыны және т.б.)  нәтижесінде мүліктік залал келтірілгенде.
  • Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстеме ақы тағайындау төлемдерін

бекіту мен төлеу тәртібі

  • Қызметкерлерге сыйақы беру мен лауазымдық жалақыға үстеме белгілеу білім беру ұйымының басшысының  бұйрығымен жүргізіледі.
  • Бұйрықта қызметкердің аты-жөні және лауазымы, сыйақы (үстеме ақы) белгілеу негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
  • Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты жұмысшының жазбаша өтініші негізінде білім ұйымының басшысыменшығарылады.
  •  Қаржыны үнемдеу есебінен сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және үстеме ақы белгілеу:

Білім кәсіпорны үшін:

  1. Жыл бойында, смета бойынша үнемделген қаржының жалпы көлемінің 30 пайызынан аспайтын мөлшерде, ал желтоқсан айында – жыл бойында үнемделген қаржының барлық  көлемінде төмендегі шығын түрлері бойынша жүргізіледі:
  2. іссапар шығындары;
  3. коммуналдық қызмет;
  4. электроэнергия;
  5. жылу;
  6. байланыс қызметі;
  7. көлік шығындары;
  8. негізгі құралдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары;
  9. негізгі құралдар бойынша жалдау ақысы;
  10. несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер)  төлеу бойынша шығындар;
  11. Смета бойынша үнемделген қаржының барлық көлемін келесі шығын түрлері  бойынша:
  12. еңбек ақы;
  13. салықтар мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер.

Өзге шығын түрлері бойынша смета бойынша үнемделген қаржыны сыйақы  беруге, материалдық  көмек көрсетуге және лауазымдық жалақы тағайындауға бағыттауға (жұмсауға) болмайды.

6 қосымша

Толық материалдық жауапкершілік туралы

ШАРТ

_______________________________________________________________________

(Мекеме атауы)

тиесілі құнды материалдардың  сақталуын қамтамасыз ету мақсатында директор__________

________________________________________________ атынан  әрі қарай «Жұмыс беруші»

(аты-жөні)

деп аталатын және әрі қарай «Жұмысшы» депаталатын_______________________________

_______________________________________________________________________________

                                                                              (өңір, мекеме  атауы, лауазымы,  аты-жөні)

төмендегі жағдайлар туралы осы шартты жасасты:

  1. Жұмыскер,______________________________________________________________ ,

(аты-жөні)

_______________________________________________________________________________

                                                    (өңір бойынша мекем атауы)

____________________________________________ бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен 

                                           (лауазымы)

есептесу және кәсіподақтық қызметті іске асыру үшін беруге арналған корпоративтік карточкаға немесе оның бөлімшесіндегі кассада сақталған  ақшалай қаражатқа материалдық жауапкершілікті қабылдайды және баяндалғандарға байланысты:

— берілген ақшаға ұқыпты қарау және келтірілетін залалдың алдын алу шарасын қабылдауды;

— сеніп тапсырылған ақша қаражатының сақталуына қауіп төндіретін барлық мән-жайларды дер кезінде Жұмыс берушіге хабарлауды;

— ақшалай қаражат қозғалысы мен қалдығы туралы белгіленген тәртіпте есеп жүргізу, құру және есеп беруді өз міндетіне алады.

2.  Жұмыс беруші міндетті:

— қалыпты жұмыс үшін Жұмысшыға қажетті жағдайды жасауға және сеніп тасырылған ақшалай қаражатты толық сақталуын қамтамасыз етуге;

— Жұмысшыны материалдық жауапкершілік туралы  қолданыстағы заңнамамен таныстыру;

— белгіленген тәртіпте ақшалай қаражаттарға түгендеу жүргізуге;

— қосымша есептер сұрауға.

3. Сеніп тапсырылған ақшалай қаражаттың сақталуы  Жұмысшының кінәсімен қамтамасыз етілмеген жағдайда мекемеге келтірілген залал мөлшері анықтау  және оны өтеу ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

4. Жұмысшы 2015 жылғы 13 қарашадағы №414-VҚР еңбек кодексіндегі 120-123 б. талаптарынмен танысты.

5. Осы шарттың әрекеті барлық жұмыс уақытына таратылады.

6 Осы шарт әр  тараптар үшін екі данада жасалған.

Жұмыс беруші: _____________                           Жұмысшы:___________________                     Мекен-жайы:______________________              ______________________________

__________________________________         ______________________________

Мекеме атауы: _____________________         жеке куәлік:____________________

__________________________________         Берілген күні:__________________

__________________________________         ЖСН: _________________________

БСН: ___________________                             Байланыс тел. нөмірі: ___________

ЖСН: ___________________________________________________

БСК: _____________________                          _______________________________

Банк атауы__________________

Екінші данасын алдым ___________________________«_____»________2018 ж.

№7  қосымша

Қызметкерлерге тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін беру НОРМАЛАРЫ мен оларды тарату шарттары

Р. № Тазалағыш және залалсыздандыру заттарының  түрлері Жұмыс пен өнідірстік фактор  түрлері 1 айға берілетін норма
1. Сабын   Ластанумен байланысты жұмысты 500г
2. Гидрофильдік әсер беруші қолға арналған қорғаныш крем Органикалық еріткіштермен жұмыс жасағанда 800 г
3. Қол арналған тазалаушы паста Техникалық майлар, майлы күйе, лак және сыр, смола, мұнай өнімдерімен жұмыс жасағанда 100 мл
4. Қолдың бүлінуін қалпына келтіретін крем Қатты, қиын жуылатын ластану; майлар, мұнай өнімдері, лактар, сырлар, смола, желімдегіш, битум, силикон заттарымен; қалпына келетін химиялық  заттармен жұмыс жасағанда 200 мл       100 мл

8  қосымша

Сабын, тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер

Т І З Б Е С І

Р. № Лауазымның атауы
1. Аға аспазшы, аспазшы
2. Қызметтік бөлмелерді тазалаушы
3. Сабақ уақытында  жұмысы қолдың ластануымен байланысты мұғалім, оқытушы,
4. Аула тазалаушы
5. Слесарь-сантехник
6. Слесарь-электрик
7. Медбике
8 Дәрігер
9 Зертханашы
10. Қазандық операторы
11. Тәрбиешінің көмекшісі
12 Қосалқы жұмысшы
13 Кешенді қызмет көрсету және ғимаратты жөндеу бойынша жұмысшы
14 Жүк тиеуші
15 Кітапханашы
16 Қоймашы
17 Сабақ уақытында  жұмысы қолдың ластануымен байланысты өндірістік оқыту шебері

№9  қосымша

Еңбек қорғау жөніндегі Ұжымдық шарт

Еңбек қорғау жөніндегі осы Ұжымдық шарт – білім беру  ұйымдарындағы еңбек қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен өткізудің құқықтық нысаны.

Еңбек қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби науқастануды ескертуге, қызметкерлердің еңбек жағдайлары   мен оны қорғауды, санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы Ұжымдық шарт ұжымдық шартқа қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Жұмыс беруші Ұжымдық шартде көрсетілген мерзімде келесі шараларды жүргізуге міндеттенеді:

Шаралардың аталымы Өткізу мерзімі
Ұйымдастыру шаралары
 Еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеру Норматив бойынша тұрақты
Қызметкерлерді  қауіпсіз жұмыс тәсілдері мен әдістеріне оқыту Тұрақты
Жұмыс түрлері бойынша және кәсіптер бойынша жеке дара еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеп, бекітіп және тарату. Нұсқаулықтарды кәсіподақ органдарымен келісу. Үш жылда 1 рет
Кіріспе нұсқаулықтарды және жұмыс орнындағы нұсқаулық жүргізудің   жеке дара бағдарламаларын әзірлеу және  бекіту. Үш жылда 1 рет
Бекітілген үлгі бойынша кіріспе және жұмыс орнындағы нұсқаулық жүргізуді тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету Жыл сайын, 10 қаңтарға дейін
Ұйымдарды еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету. Тұрақты
Ұйымдағы кәсіптер мен жұмыс түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту:Алдын-ала және мерзімді дәрігерлік тексеру жүргізу қажет қызметкерлер;Жоғары қауіпсіздік талаптары қойылатын  қызметкерлер;Арнайы киім, арнайы аяқ ким және өзге де жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілетін  қызметкерлер;қауіпті және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін өтемақы берілуі қызмкеткерлер;сабын және өзге де залалсыздандыру заттары берілуі тиіс қызметкерлер    Үш жылда бір рет
Ғимараттар мен өзге де құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жағдайына жалпы техникалық бақылау жүргізу Жылына 2 рет: наурыздың алғашқы10 күндігі, тамыздың 3 онкүндігі
Еңбек қорғау жөніндегі комиссия ұйымдастыру Жыл сайын, 1-ші тоқсан
Еңбек қорғау жөніндегі әкімшілік-қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу Жыл бойына тұрақты
Қызметкерлердің еңбек қорғау жөніндегі білімін тексеру комиссиясын ұйымдастыру. Әр жылдың  қаңтар айы
Техникалық шаралар  
Су және газды өндірістік коммуникациялар мен құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мен апаттылығынан қорғауды қамтасыз ету  мақсатында сақтандыру, қорғау және сигнал беру жабдықтарын орнату Үш жыл ішінде
Қызметкерлердің қауіпті және зиянды өндірістік фкторлардың әсерінен ұжымдық қорғану  жабдықтарын жетілдіру Тұрақты
Жұмыс орындарын, тұрмыстық бөлмелерді, жаппай өту орындарын, өндіріс аумағын жарықтандыру жөніндегі нормативтерді жақсарту мақстында жарық беруші арматура, қолдан жарықтандыру құрылғыларын  орнату Тұрақты
Өндірістік жабдықтарға, коммуникациялар мен өзге нысандарға сигналды түстер мен қауіпсіздік белгілерін түсіру 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығы
Өндірістік бөлмелер жұмысын механизациялау, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар көзі болып табылатын өндіріс қалдықтарын мезгілінде тазалау мен залалсыздандыру, ауа өтетін және желдеткіш құрылғыларын тазарту. Тұрақты
Нормативтік санитарлық талаптарды, құрылыс нормалары мен ережелерін орындау  мақсатында ғимараттарды (өндірістік,әкімшілік, қойма және т.б) жарақтандыру (модернизация) Тұрақты
Ғимараттардың электр жүйелерін қауіпсіз падалануға сәйкестігін   тексеру мақсатында желілерді изоляциялау және жерге тұйықтауға (заземление) сынақ жүргізу Нормативке  сай
Емдеу-сауықтыру және санитарлық-тұрмыстық шаралар  
Қызметкерлердің алдын–ала және мерзімді дәрігерлік тексеруден өтуі Жылына 1 рет,
Қызметкерлерге демалыс  бөлмелерін жабдықтау Үш жыл ішінде
Санитарлық бекеттерді жабдықтау  мен оларды  бастапқы дәрігерлік көмек аптечкаларымен қамтамасыз ету 2019 жылдың 2-ші  жарты жылдығы
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді жабдықтау мен қайта жарақтандыру (киім ілу орындары, санитарлық  жабдықтар, арнайы кіимдерді сақтау және тарату бөлмелері) Шарт күшінің әрекет ету  мерзімінде
Жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету шаралары  
4.1.                    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің  28 желтоқсан 2015 ж. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы»  №1054 бұйрығына сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім мен өзге де жеке қорғану құралдарын беру Нормативке сәйкес
Қызметкерлерді бекітілген нормаларға сәйкес сабын, тазалаушы және залалсыздандыру заттармен  қамтамасыз ету Нормативке сай
Электр тогынан сақтаушы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету (диэлектр қолғаптары, диэлектр төсеніштер, изоляциялық сапталған инструменттер) Нормативке сай
Көру органдарын қорғауды қамтамасыз ету (қорғану көзілдіріктері, бетті қорғау құралы) Нормативге сай
Тыныс органдарын қорғауды қамтамасыз ету (респираторлар, газға қарсы қорғану құралы) Нормативке сай
Есту органдарын қорғауды қамтамасыз ету (құлақ тығындары, құлаққа ұстағыш) Нормативке сай
Басты қорғауды қамтамасыз ету (каска, шлем, бас киім, берет, шляпа) Нормативке сай
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар  
Өрт қауіпсіздігінің ережелері негізінде кәсіподақ комитетімен келісе отырып өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту 2019 жылғы 1-ші тоқсан
Өртке қарсы нұсқаулық жүргізуді тіркеу, жұмыс орнындағы өртке қарсы нұсқаулық жүргізуді, сондай ақ өрт сөндірудің алғашқы құралдарын тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету Әр жылдың 10 қаңтарына дейін
Ұйымдардағы өрт жағдайында адамдарды сыртқа шығару нұсқаулықтары мен жоспар-схемасын әзірлеу және қамтамасыз ету. Жыл сайын, 1-ші тоқсан
Өрт сөндіру шкафтары мен оларды өрт сөндіру жабдықтармен қамту 2018 жыл
Ұйымдарды өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз ету (құм, су сорғыш, өрт сөндіргіш және т.б.) Тұрақты
Жұмысшылар, оқитындар мен  тәрбиеленушілерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және персоналды сыртқа тасымалдау шаралары бойынша жаттығу жүргізу Оқыту жоспарына сәйкес
Ағаш құрылғыларды өрттен қорғауды қамтамасыз ету 2018 жыл
Қосалқы шығу жолдарын жарамсыз жабдықты сақтаудан босату. Тұрақты

№10  қосымша

Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және

еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы Ереже (бұдан әрі – Өндірістік кеңес) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулықтарын сақтау жөнінде кәсіподақ органдарының, қызметкерлердің, жұмыс берушінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалды.

1.2. Өндірістік кеңес ұйым басшысының және (немесе) кәсіподақ комитетінің жазбаша ұсынысы бойынша құрылады.

1.3. Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдері тең негізде кіреді. Уәкілдік саны тараптар Ұжымдық шартімен анықталады. Тараптардың әрқайсысы өзінің өкілін Өндірістік кеңестің құрамынан орнын ауыстырып шақыра алады.

Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің өкілдерін тағайындау ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылса, қызметкерлердің өкілдерін тағайындау кәсіподақ комитетінің шешімімен іске асырылады.

Өндірістік кеңестің құрамына қызметкерлердің атынан міндетті түрде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қосылады.

1.4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңесті осы кеңестің мүшелері қатарынан кеңес мүшелерімен сайланған төраға басқарады. Кеңес мүшелері хатшыны сайлайды.

1.5. Өндірістік кеңестің жұмысы әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

1.6. Өндірістік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін, барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік туралы Ұжымдық шартдерді, ұжымдық шартты, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс берушінің локальдық актілерін басшылыққа алады.

1.7. Өндірістік кеңес мемлекеттік еңбек инспекциясымен, сондай-ақ кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясымен өзара іс-әрекет жасайды.

1.8. Өндірістік кеңес өз қызметін төрағамен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

1.9. Осы Ережемен және кеңес жұмысының жоспарымен көзделген міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі оқудан өту кезінде Өндірістік кеңестің мүшелері жұмыс берушінің шешімі бойынша негізгі жұмыстарын орындаудан жалақыларын сақтай отырып босатылады.

1.10. Өндірістік кеңес еңбек ұжымы жиналысының алдында атқарылған жұмыс туралы жылына кемінде бір рет есеп береді.

2. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

2.1. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және өзге де іс-шараларды келісу. Өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі болашақ және ағымдағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

2.2. Қызметкерлерге жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайы, денсаулыққа зиян келтіру тәуекелінің болуы, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін қызметкерлерге тиісті жәрдемақылар, жеке қорғаныс құралдары туралы тараптардың ақпараттар беруіне жәрдемдесу.

2.3. Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру мәселелерін келісу, жұмыс берушіге тексеру нәтижелері бойынша, еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

2.4. Жұмыс берушіге еңбекті қорғауға, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытуды ұйымдастыруға, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша белгіленген тәртіптегі нұсқаулықты өткізуді және еңбекті қорғау талаптарын білуді тексеруді ұйымдастыруға жәрдемдесу.

3. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

3.1. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі нұсқауларды жасау мақсатында жұмыс берушінің, қызметкерлердің ұсыныстарын қарау;

3.2. Қызметкерлерді еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы ақпараттандыру;

3.3. Қызметкерлерді жуу және залалсыздандыру құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оларды сақтауды, жууды, тазалауды, жөндеуді, залалсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтер туралы ақпараттандыру;

3.4. Жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті алдын ала және міндетті мерзімді медициналық тексеруді, медициналық тексерістер нәтижелерін есепке алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларға жәрдемдесу;

3.5. Зиянды (қауіпті) еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерге белгіленген тәртіпте сүттің және басқа бірдей азық-түліктің, емдеу-алдын алу тағамдарының уақытында тегін берілуіне жәрдемдесу;

3.6. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін қарауға, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды қысқарту жөніндегі ескерту шараларына бағытталған қаражаттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

3.7. Жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және ұсыну, еңбекті қорғау талаптарын адал орындаған қызметкерлерді марапаттау;

3.8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі локальдық актілер жобалары бойынша ұсыныстарды дайындау, аталған жобаларды әзірлеуге және тексеруге қатысу.

ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС:

4.1. Жұмыс берушіден жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулар туралы, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуы мен олардың әсерінен қорғау жөнінде қабылданған шаралар, денсаулыққа зиян келтірудің тәуекелі туралы ақпарат алуға;

4.2. Мәжілістерде қызметкерлерді жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайымен және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, олардың еңбекті қорғауға кепілдіктері мен құқықтарының қадағалану мәселелері бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, жұмыс берушінің және оның өкілдерінің хабарламаларын тыңдауға;

4.3. Мәжілістерде еңбекті қорғау талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді тыңдау, жұмыс берушіге оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4.4. Өндірістік кеңестің құзырлығындағы мәселелер бойынша еңбекті қорғау жөнінде ұжымдық шарттың (Ұжымдық шарттың) бөліміне ұсыныстар дайындауға қатысуға;

4.5. Жұмыс берушіге еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысқан қызметкерлерді ынталандыру туралы ұсыныстар енгізуге;

4.6. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы қолданумен, еңбек жағдайының өзгеруімен, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге заңнамамен көзделген кепілдіктер мен өтемақылардың берілуімен байланысты еңбек дауларын шешуге қатысуға құқылы.

№11 қосымша

Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі

техникалық инспектор туралы

ҮЛГІЛІ ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ұйымдастырушылық құрылымына кіретін білім ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы осыЕреже ХЕҰ-ның 1971 жылғы 23-маусымдағы «Кәсіпорындардағы қызметкерлер өкілдерінің құқығын қорғау және оларға мүмкіндік беру туралы» №135 конвенциясына, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР-ның «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жасалды.

1.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің өкілі болып, кәсіподақ комитетімен сайланады және ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңеспен бекітіледі.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Бақылаудың мақсаты — қызметкерлерге пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың дұрыс және уақытында тексерілуі мен есепке алынуын, қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттану немесе денсаулықтарына келтірілген басқа зақымдану кезінде толық көлемде шығынның өтелуін бақылау болып табылады.

1.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің мүшесі болып табылады.

1.4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар ретінде қажетті білімі мен икемі бар, өздерінің іскерлік қасиетімен білім ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс беруші мен оның өкілдерінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын тұлғалар бола алады.

1.5. Техникалық еңбек инспекторы өз қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекет жасайды.

2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің

негізгі міндеттері мен бағыттары

2.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметіндегі негізгі міндет- кәсіподақ мүшелерінің пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

2.2. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кәсіподақтардың құқықтарын орындауға жәрдемдесу.

2.3. Әлеуметтік әріптестік туралы Ұжымдық шартдер мен ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізуге қатысу.

2.4.Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауды, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен талаптарды орындауын, еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қадағалануын бақылауды жүргізу.

2.5. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қолдануға және еңбекті қорғау туралы Ұжымдық шартдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда, түрлі инстанциядағы соттарда кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру.

3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың негізгі

міндеттері мен құқықтары

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін орындай отырып,

3.1. — еңбекті қорғау туралы заңнаманың қадағалануын;

— ұжымдық шарт (Ұжымдық шарт) міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

3.2. — жұмыс берушінің лауазымды тұлғасынан өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар туралы мәліметтер, құжаттар, локальдық құқықтық актілер мен қоғамдық бақылау нысанына қатысты мәселелер бойынша өзге ақпараттарды сұратуға және алуға;

— жұмыс берушіге заңнамада, ұжымдық шартта (Ұжымдық шартде) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қарауға міндетті ұсыныстарды беруге;

— лауазымдық тұлғаларға жұмыс орнына алкогольдық, есірткі және уланғыш заттармен мас болу жағдайында келген, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін жеке қорғаныс құралдарын қолданбайтын, заңнамамен көзделген жағдай мен тәртіпте еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруден, нұсқаулықтан, медициналық тексерістен өтпеген қызметкерлерді тиісті күні жұмыстан босатуды ұсынуға;

— өндірістегі жазатайым оқиғаға, апатқа және басқа ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеліп соққан еңбекті қорғау талаптарын бұзушылық анықталған кезде, ұйым қызметкерлерінің еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруді және еңбекті қорғау бойынша кезектен тыс нұсқаулықты жүргізу туралы ұсыныстар беруге;

— лауазымды тұлғалардан қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбекті қорғау жөніндегі бұзушылықтарды шұғыл жоюды, ал олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, бұзушылықты жойғанға дейін жұмысты тоқтатуды талап етуге;

— өндірістік кеңес пен кәсіподақ комитетінің мәжілістеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау мәселелерін шығаруға;

— анықталған бұзушылықтар бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге;

— өндірістік кеңес пен кәсіподақ комитетінің отырысына қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шарттарын жасау жөнінде мәселелер мен ұсыныстар енгізу;

— лауазымдық тұлғалардан қызметкердің лауазымдық міндеттерін орындауымен байланысты денсаулығына келген залал салдарынан болған шығындарын, қызметкердің  лауазымдық міндеттерін орындауымен байланысты денсаулығына келген залал салдарынан кәсіби еңбек қабілетін  жоғалтуынан болған шығындарын өтеуді талап ету;

— еңбек заңнамасымен, ұжымдық шарттармен, Ұжымдық шартдермен көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқылы.

3.3. жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын;

— ауа тазарту және жарық беру қондырғыларының, жабдықтардың, құралдардың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, көлік және жүк көтергіш құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін;

— жұмысшылардың қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен уақытында қамтамасыз етілуін, оларды дұрыс пайдалануды және тиісті күтім жасауды (жөндеу, жуу және т.б.) ұйымдастыруды;

— еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықты жүргізу және жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз тәсіліне үйрету сапасы мен уақыттылығын;

— санитарлық-тұрмыстық үй-жай жағдайын, жұмысшыларды сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуді, ауыз су режимін ұйымдастыруды;

— жұмыс уақыты мен тынығу уақыты туралы заңнаманың қадағалануын;

— қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шарттарының сақталуын;

— қызметкердің лауазымдық міндеттерін орындауымен байланысты денсаулығына келген залал салдарынан болған шығындарының, қызметкердің  лауазымдық міндеттерін орындауымен байланысты денсаулығына келген залал салдарынан кәсіби еңбек қабілетін  жоғалтуынан болған шығындарының өтелуін    бақылайды.

3.4.  өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеруге;

— еңбекті қорғау мен еңбек жағдайының санитарлық-техникалық жай-күйлерін төлқұжаттауға;

— ғимараттар мен құрылыстардың пайдалануға дайындығын олардың еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына;

— еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу жөнінде іс-шаралардыдайындауға қатысады.


4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру  және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі

4.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз жұмысында заңнаманы, өндірістік кеңес туралы Ережені, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен нұсқаулықты, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін жұмыстың тікелей басшыларымен, мекемедегі (кәсіпорындағы) еңбекті қорғауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлермен, бастауыш кәсіподақ ұйымымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен байланыста құрады.

4.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбекті қорғау жөніндегі заңнама бұзушылықты, ұжымдық шарттың (Ұжымдық шарттың) орындалмауын анықтаған жағдайда:

— бұл туралы жұмыс берушіге хабарлап, бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдауды ұсынады;

— ұжымдық шарттағы (Ұжымдық шартдегі), заңнамалық актілердегі анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар береді.

4.4. Нұсқаулықтар екі данада жасалады: бір данасы жұмыс берушіге тапсырылады (жіберіледі), екіншісі – бақылауды жүргізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторда бақылау үшін қалады.

4.5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы:

— оларды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен ақпараттандыруды, бақылау нысанына жататын нормативтік құжаттар және нұсқаулықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

— еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөнінде енгізілген ұсыныстарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

— еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың болымды жұмыс тәжірибелерін жинақтап, оның таратылуын қамтамасыз етеді;

— еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыруды қарастырады.

4.6. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін жұмыс берушінің лауазымды тұлғалары заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

№12 Қосымша

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады және жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Әр тарап өкілдерінің саны еңбек ұжымының санына сәйкес  белгіленеді. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша Ұжымдық шартде не ұжымдық шартта белгіленеді. Комиссия құрамының мейлінші тиімді ара-қатынасын жасақтау мақсатында келесі сандық құрам ұсынылады:

— қызметкерлер саны 50-ге дейінгі еңбек ұжымдарында – әр тараптан екі өкілден;

— — қызметкерлер саны 50-ден 150 дейінгі еңбек ұжымдарында – әр тараптан үш өкілден;

— қызметкерлер саны 150-ден аса еңбек ұжымдарында – әр тараптан төрт өкілден;

2. Кәсіподақ мүшелерінің қатарынан кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдері – ұйым басшысының бұйрығымен бөлінеді.

Келісу комиссиясының құрамы және ол туралы Ереже қызметкерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге орналастырылады.

3. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы  әлеуметтік әріптестік тараптарының Ұжымдық шартдерімен  әкімшілік аумақтық бірліктер  бойынша – аудан, қала, облыс  деңгейінде құрылуы  мүмкін. Олар нақты мекемеде (ұйымда) құрылған  келісу комиссиялары құрылатын негізде жасақталады және жұмыс атқарады.

4. Барлық санаттағы жеке еңбек даулары, еңдек дауы тарапының өтініші бойынша, білім беру ұйымында құрылған  келісу комиссиясында, сондай-ақ білім бөлімінің (білім басқармасы) деңгейінде құрылған келісу комиссияларында да қаралуы мүмкін. Еңбек дауы тараптарының тиісті деңгейдегі комиссияны таңдау бойынша пікірлері сәйкес келмеген жағдайда, басымдық  қызметкердің таңдауына беріледі.

5.  Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы 3 жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзіміне құрылады. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады.   

6.  Келісу комиссиясының әрбір отырысында төраға мен хатшының міндеттерін кәсіподақ комитетінің өкілі мен жұмыс берушінің өкілі кезектесіп атқарады. Бір отырыстағы төраға мен хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері атқара алмайды. 

Комиссияның әрбір отырысында тараптармен келесі отырыстың төрағасы мен хатшысы тағайындалып, оларға отырысқа дайындық пен шақыру жүктеледі.

7. Еңбек даулары жөніндегі комиссияны техникалық қамтамасыз етуді (іс жүргізу, істерді сақтау, мәжіліс хаттамаларынан көшірмелер дайындау мен беру және т.б.) жұмыс беруші жүзеге асырады. Ұйым басшысы өз бұйрығымен комиссияны техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүктелетін қызметкерді тағайындайды.  

8. Келісу комиссиясының іс жүргізуі жалпы іс жүргізуден бөлек істер номенклатурасының ерекше бөлімінде жүргізіледі. 

II.  Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер 

9. Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган болып табылады.  Келісу комиссиясы ешбір ерекшеліксіз туындаған барлық жеке еңбек дауларын қарауға міндетті.

10. Келісу комиссиясы қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, Ұжымдық шартдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен қатысты, соның ішінде:

1) еңбекке ақы төлеу;

2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру;

3) еңбекке ақы төлеу, соның ішінде лауазымдарды қоса атқару, уақытша орнында жоқ қызметкерді ауыстыру кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу;  

4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы;

5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру;

6) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару;

7) еңбек демалыстарын беру;

8) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану; 

9) амалсыз бос жүрген уақытына жалақы төлеу немесе заңсыз ауыстырумен байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу;

10) еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген үстеме ақыларды қосқанда жалақыны өндіру;

12)  тәртіптік жаза қолдану;

13) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе;

14) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту;

15) келтірілген материалдық шығынды өтеу;

16) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін қадағалау;

17) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою туралы мәселелерді қарайды.     

Келісу комиссиясы еңбек заңнамасын, ұжымдық және еңбек шарттарын, жұмыс берушінің актілерін қолдануға байланысты басқа да жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі міндетті орган болып табылады.

Сонымен қатар  келісу комиссиялары еңбек заңнамасын қолдану, еңбек қатынастарын, еңбекпен байланысты  қатынастарды реттеу барысында, әлеуметтік әріптестік сұрақтары, сондай-ақ еңбек  қорғау мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша туындайтын жеке  еңбек дауларын қарайды.

Егер жұмыс беруші немесе қызметкер еңбек қатынастарының болғанын құжат негізінде дәлелдей алмаған жағдайда, тараптар арасындағы еңбек қатынастарының болуы немесе болмауы туралы дау, келісу комиссиясына жүгінбестен, сот тәртібімен шешілуі мүмкін.

Еңбек дауының тарапы ретінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған қызметкер, сондай-ақ, еңбек шарты бұзылған қызметкерлер және жұмыс беруші тарапынан жұмысқа қабылдаудан бас тартылған үміткер де болуы мүмкін.

III.  Еңбек даулары жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі 

11. Егер қызметкер ұйым әкімшілігімен тікелей келіссөздер барысында келіспеушілікті реттемеген болса, еңбек дауы комиссиямен қаралады. 

12. Комиссияға түсетін өтініштерді қабылдауды және тіркеуді жұмыс беруші жүргізеді, еңбек даулары бойынша комиссияның атынан азаматтармен және ұйымдармен жүргізілетін қатынас хаттар жұмыс беруші есебінен және оның бланкілерінде (шақыртулар жіберу, жауаптар беру және т.б) жасалады.  Комиссия жұмысының барлық шығындарын Жұмыс беруші өтейді.

13. Қызметкерлер келісу комиссиясына еңбек даулары бойынша жүгіне алады: 

— жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша — жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап бір ай өткенге дейін; 

— басқа еңбек даулары бойынша — қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл ішінде.

Жеке еңбек дауларын қарау жөнінде органдарға жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан жеке еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясының оны құрғанға дейін болмауы жағдайында тоқтатыла тұрады.

 Белгіленген мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда еңбек даулары жөніндегі комиссия оны қайтадан белгілей алады. Жеке еңбек дауы тарапының,  ҚР ЕК 160 б. көзделген, келісу комиссиясына өтініш білдіру мерзімі өтіп кеткенде, келісу комиссиясы өтінішті, кейіннен осы шешіммен келіспейтін тарап өзінің сотқа жүгіну құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретіндей мазмұнда қарап шешім шығаруы тиіс.

Осы ретте, бұл мерзімнің өтіп кетуі келісу комиссиясына даудың мән-жайларын талықламастан өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дербес шешім қабылдауына негіз бола алады. 

14. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы еңбек дауларын арыз тіркелген күннен бастап 15 күндік мерзімде қарауға міндетті.  Қарау мерзімі объективті себептерге байланысты және тараптардың бірінің өтініші бойынша ұзартылып, ол туралы жеке  шешім шығарылуы тиіс. Комиссияның себептердің объективтілігі және мерзімін ұзарту туралы шешімі дауыс беру арқылы қабылданады.

15. Арызы бойынша еңбек дауы қаралып жатқан қызметкер комиссия отырысына үш күннен кешіктірілмей шақырылады.  

16. Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырыстары комиссия мүшелері, мүдделі қызметкер, сондай-ақ куәгерлер және шақырылған мамандар мен сарапшылар мәжіліске өздеріне қолайлы мезгілде қатыса алатындай уақытта өткізіледі. 

 17. Барлық дауларды арыз беруші қызметкердің қатысуымен еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қарайды. Дауды сырттай қарауға тек қызметкердің жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі.

Қызметкер комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, оның арызын қарау кейінге қалдырылады. Қызметкер дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, комиссия мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды. 

18. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыруға, жеке тұлғаларға техникалық және бухгалтерлік тексерулер жүргізуді тапсыруға, әкімшіліктен құжаттар мен есептерді көрсетуді талап етуге, сұраныстар жіберіп, мемлекеттік және жоғарғы кәсіподақ органдарының кеңестерін қолдануға құқылы.    

19. Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырысының басында мүдделі қызметкер отырысқа қатысып отырған кез-келген комиссия мүшесіне дәлелді наразылық білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда дауды қарау комиссиямен белгіленген басқа уақытқа ауыстырылады. 

20. Наразылық білдіруді қанағаттандыру мәселесі:

а) әкімшілік өкіліне қатысты болса – ұйым басшысымен;

б) кәсіподақ өкіліне қатысты болса – кәсіподақ комитетімен шешіледі. 

Басшы бұйрық шығарады, ал кәсіподақ комитеті наразылық білдіру туралы арыз қанағаттандырыла ма әлде жоқ па, сол туралы шешім қабылдайды. Тағайындалған комиссия мүшесінің орнына басқа өкіл бөлінуі мүмкін.

Наразылық білдіру тек сол қызметкердің арызын қарау жөніндегі комиссия отырысы үшін жарамды.

21. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа барлық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда, шешім қабылдауға құқылы.  Бұл ретте міндетті түрде тараптардың теңдігі сақталуы тиіс.

Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан барлық әкімшілік өкілдері мен кәсіподақ комитетінің өкілдері арасында Ұжымдық шарт бойынша қабылданады, міндетті күші бар және қандай да бір бекітуді талап етпейді.  

Комиссияның шешімдері қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық және еңбек шарттарымен, Ұжымдық шартдермен, ережелермен, қағидалармен, нұсқаулықтармен дәлелденіп және негізделуі тиіс.

Ақшалай талаптар бойынша комиссия шешімдерінде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуі қажет. 

Келісу комиссиясының шешімі екі жұмыс күні ішінде
Жұмыс берушіге және арыз берушіге  жіберіледі.

22. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның әрбір отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамаға отырыс аяқталған соң төраға мен хатшы қол қояды. Ұжымдық шартқа қол жетпеген жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында әрбір тараптың ұсыныстары баяндалады және Ұжымдық шартқа келмегені туралы жазылады.

Хаттамаға тексерулер материалдары, жазбаша түсініктемелер, қорытындылар, қатынас хаттар және дауды қарау барысында комиссиямен алынған өзге де құжаттар тіркеледі.

23. Егер еңбек даулары жөніндегі комиссияда дауды қарау кезінде кәсіподақ комитетінің өкілі мен әкімшілік өкілінің арасында Ұжымдық шартқа қол жеткізілмесе, онда қызметкер дауды шешу туралы арызымен сотқа жүгінуге құқылы.  

24. Егер жеке еңбек дауының тарапы келісу комиссияның шығарған шешімімен толық немесе жартылай келіспеген жағдайда, дау реттелмеген болып есептеледі де, шешіммен келіспеген тарап, келісу комиссиясының шешімін орындамаған жағдай сияқты, еңбек дауын шешу туралы арызымен сотқа жүгіне алады.  

Сонымен қатар егер комиссия мүшелері даудың бір тарапының пайдасына қатысты біржақты шешімге келе алмағана, қарама-қарсы  пікірідегілердің дауыстары тең болған жағдайда да жеке еңбек дауы реттелмеген болып есептеледі.

IV. Еңбек даулары жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалу тәртібі 

25. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдерін ұйым әкімшілігі онда белгіленген мерзімде орындауға тиіс. Жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.

26. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы кезінде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.

27. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кешіктірген жағдайда, келісу комиссиясы қызметкерге шешімнің орындалуы кешіктірілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.

V. Жеке даулар бойынша шешімдерді шығару мен олардың

орындалу тәртібі 

28. Заңсыз ауыстыру, көшіру, еңбек жағдайларын елеулі өзгерту немесе жұмыстан шеттету жағдайында қызметкер бұрынғы жұмысына, бұрынғы жұмыс орнына қайта алынып, оған бұрынғы елеулі жұмыс жағдайлары қайта беріледі.

Көшіруге өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептер негіз болуы тиіс.

Қызметкерді ауыстыру және көшіру, соның ішінде ол қызметкердің Ұжымдық шартімен жасалса, егер бұл оған медициналық қорытындыға немесе заңнама талаптарына сәйкес (қызметкерлердің жеке санаттарының, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдануға тыйым салу) денсаулық жағдайына байланысты қарсылық тудыратын болса, заңсыз болып есептеледі.

Қызметкер заң бұзушылықпен  ауыстырылған жұмысына шығудан бас тартса, ол дәлелсіз жұмыстан қалған болып есептелмейді. 

Негізделген өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептерді растайтын дәлелдер болмаған жағдайда, еңбек жағдайын елеулі өзгерту заңсыз болып табылады.  

29. Еңбек даулары жөніндегі комиссия жұмысқа қайта алу туралы шешім шығарған кезде, қызметкерге  амалсыз бос жүрген уақытына орташа жалақы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу туралы шешімді де қатар қабылдайды.

30. Қызметкерге тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы дауды шеше отырып, еңбек даулары жөніндегі комиссия заңсыз салынған немесе теріс қылықтың қатаңдығына сәйкес келмейтін жазаны жоя алады. 

Дегенмен комиссия бір жазаны екінші жазалау шарасымен алмастыра алмайды, өйткені ҚР ЕК 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза шараларын таңдау құқығы Жұмыс берушіге тиесілі.

31. Басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс. 

32. Ақшалай соманы өтеу туралы дауды қарау кезінде еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қызметкерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім қабылдай алады. 

33. Жұмыс берушіден өндірілген сомалар қызметкерге комиссия шешім шығарғаннан кейінгі жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімге жақын уақытта төленеді.

VI. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелері жұмысының кепілдіктері

34. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның құрамына сайланған қызметкерлерге комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады.

35. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерін (егер олар кәсіподақ мүшелері болса) жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға және тәртіптік жаза қолдануға тек кәсіподақ комитетінің алдын ала Ұжымдық шартімен ғана жол беріледі.

Перейти к верхней панели