ҰБТ, ОЖСБ

2021 Түлектеріне маңызды ақпарат!

Кеше Ұлттық тестілеу орталығының директоры Смағұлов Дидар мырза атырау қаласында талапкерлерге семинар өткізді. Сол семинар барысында ҰБТ 2021 байланысты бірқатар өзгерістердің жобасын ұсынды.

Жоспарланған ең басты өзгеріс тестілеуді компьютерлік форматта өткізу.

Семинарда айтылған компьютерлік тестілеудің басты артықшылықтары:

⁃ Белгіленген жауапты өзгерту құқығы. Қағаз түрінде болса, белгілеп қойған жауабыңызды өзгерте алмайсыз. Ал компьютерлік форматта бұл мүмкіндік бар. Тестілеу уақыты бітпей тұрып кейбір тапсырманың жауабын өзгертем десеңіз, өз еркіңіз.

⁃ Өзіңе ыңғайлы күн мен уақыт таңдау құқығы. Өзіңізге ыңғайлы уақытты тест тапсыра аласыз. Кейбіреулер сәрсенбінің сәтінде тапсырамын десе, енді біреулер қасиетті жұмада тапсырамын деу мүмкін. Оған қоса таңертең ерте тұра алмаймын десеңіз, түстен кейін тапсыра аласыз. Керсінше таңертең миым жақсы жасайды десеңіз таңертең тынық мимен тапсырасыз.

⁃ Грантқа жарамды ҰБТ-ны 3 рет тапсыру құқығы. 1 наурыз бен 30 маусым аралығында ҰБТ-ны 3 рет тапсыра аласыз. Біреуі тегін, екеуі ақылы. Алғашқы тапсырғаныңызда жеткіліксіз балл алсаңыз, еш уайымдамай қайта дайындалып сәл кейінірек тапсырсаңыз болады.

⁃ Үшеуінің ең жақсы нәтижесімен грант конкурсына қатысу құқығы.
⁃ Ешкім көшіре алмайды. Арнай жабдықталған кабинеттерде өтеді. Әр талапкер үстінде арнайы камера болады. Күмәнді заттарды байқаса немесе артық іс әрекетті байқаса дереу бақылаушыларға хабарлама келеді. Мұны прокторинг жүйесі деп атайды.

⁃ Тест нәтижесі тест аяқтала салысымен шығады. Бұрынғыдай кешке дейін күтудің қажеті жоқ. Тест аяқталғанда нәтижеңіз экранға шығады және қателескен тапсырмалар көрсетіледі.

⁃ 30 мин ішінде апелляция беру құқығы. Бұрын апелляция беру үшін бір күн күту керек еді. Енді сол жерде тест біте салысымен қателескен тапсырмаларды қарап, егер оған келіспесеңіз не үшін келіспейтіндігіңізді жазып жібере аласыз.

Жалпы өзгерістер:
⁃ Оқу сауаттылығы — 20 балл (Өзгеріссіз)
⁃ Қазақстан тарихы — 15 балл (Бұрын 20 балл еді)
⁃ Математикалық сауаттылық — 15 балл (Бұрын 20 балл еді)
⁃ Бейіндік пәндер — 45 баллдан (35 тапсырма) (Бұрын 40 балл — 30 тапсырма еді)
⁃ Тестілеу уақыты азаяды, 205 — 220 мин болады. Бейіндік пәнге байланысты тестілеу уақыты әртүрлі. Есеп шығарып ұзағырақ уақыт талап ететін пәндерге ұзағырақ уақыт беріледі.
⁃ Қаңтардағы ҰБТ қағазбен. Наурыздан бастап электронды түрде болады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - 2019 ж.

Ұлттық бірыңғай тестілеу — ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ өткізіледі: ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына; республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне; республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне; республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне; республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға; ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға; ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау (ОЖСБ) бiлiм беру ұйымына тәуелсiз, оқыту сапасына мониторинг түрлерiнiң бiрi болып табылады.

Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын бағалау және бiлiм алушылардың негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттында көзделген оқу пәндерiнiң көлемiн меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Перейти к верхней панели