Мектеп тарихы

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ

ББМ ұйым. формасы Мекеме
Білім беру мекемесінің типі Жалпы орта білім беру ұйымдары
ББМ түрі Жалпы орта білім беретін мектеп
Ұйымд. құрылым Жеке мекеме
Меншік формасы Мемлекеттік мүлік
Сипаттама                                                        Мектеп тарихы
1965 жыл – мектептің ашылуы
1966 жыл – тұңғыш оқушылар түлегі
1978 жыл – математиканы тереңдетіп оқитын сыныптың ашылуы.
1985 жыл – тғжірибе – бақылау сыныбының ашылуы
1990-1991 жылы №12 орыс мектебінде мемлекеттік тілде оқытатын сынып ашылды.    Мектептің ашылуына бірден бір мұрындық болған Омар Төртбаев, 1990-1991 оқу жылына баратын балалардың тізімін алып, үйді үйге жүріп, үгіт-насихат жүргізді. Ақыр аяғы «ұлтымызды, тілімізді қайтарайық» деп қабат-қабат үйлерді жаяу аралаған Омар ата сол жылы он баланың басын қосып, ең алғашқы мұғалімі болған Әлия Әліпованың қолына табыс етті.
1993-1994 оқу жылында қазақ сыныптары №15 орта мектебінде жеке шаңырақ көтерді.
1997 жылы қайтадан орта мектептің ашылуы. Мектептің алғашқы директоры болып Зоя Көбейқызы Есмуханбетова тағайындалды. Мектептің алғашқы ұстаздары Байкенова Ғ.Қ., Қыстаубаева С.К., Бірімжанова А.К., Кенжетаева Ү.Ж.
2000 жылы мектеп директоры болып Серік Қайырқанұлы Мырзахметов тағайындалды.

2001 жылы мектеп бірінші түлектерін мектеп қабырғасынан шығарды. Ал Омар ақсақалдың жинаған алғашқы қарлығаштары бүгінде еліміздің Астана, Алматы сынды ірі қалаларында жұмыс жасауда (Б.Жұрқабаева, Е.Қалдыбиев, Қ.Қырықбаева).

2003 жылы мектептің он жылдығы тойланды.

2004 жылы мектеп директоры болып Қайыржан Рақымжанұлы Нұрмағанбетов тағайындалды. №15 қазақ орта мектебінің шаңырақ көтергеніне 15 жылдан асып барады.

2009 жылы мектеп директоры болып Қымбат Исламбекқызы Бірманова тағайындалды.

2006 жылы №15 орта мектепте қазақ мектебінің кірпішін қалауға негіз болған құдіретті азамат – Омар Төртбаевтың еңбегі өз бағасына ие болып, Омар Оспанұлына арналған ескерткіш тақта ашылды.
2011 жылы мектеп директоры болып Қайыржан Рақымжанұлы Нұрмағанбетов тағайындалды.  
Елді мекен Рудный (Қостанай облысы, Қазақстан)
Аумақтық бағыну Рудный (Қостанай облысы)
Басқарушы мекеме Центр информатизации
Қызметкер 83
Оқушы 1048