Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы
Барлық адам білім алуға құқылы. Еліміздің 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психолого – медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген. Елімізде мүмкіндігі шектелген балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде бірқатар заң мен тұжырымдама қабылданған. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады. Бұл бағдараламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Мұндай білім мүмкіндігі шектеулі балаларды өзге оқушылармен тең дәрежеде жалпы білім беру процесіне қатыстыруға жол ашады. Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады. Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет. Қазіргі таң да жоғары да аталған Қа зақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың жоспарын жүзеге асыру үшін, қалалық білім бөлімінің қолдауымен Қарағанды қаласының № 27 жалпы білім беретін орта мектебінде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін орта мектепте инклюзивті оқыту» эксперименті құрылды. Қазіргі уақытта аталған мектепте көптеген мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Мұндай балаларға әртүрлі категориялы балалар кіреді. Соның бірі психикалық дамуы тежелген балалар. Психикалық дамуы тежелген балалар – оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін инклюзивті мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмыс атқару қажет. Осы мақсатта Қарағанды қаласындағы №27 жалпы білім беретін орта мектепте ППҚ (психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету) қызметі құрылды. Онда ППҚ қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау ППҚ қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады: I. Диагностикалық бағыт: 
— баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау 
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау 
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу 
— жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау 
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу 
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу. Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі. Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді. Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді. Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады. Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып әрППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді: 
— Сенсорлы-перцептивті жағдай; 
— Зейіні; 
— Есте сақтауы; 
— Ойлауы; 
— Сөйлеу ерекшеліктері; 
— Өзін-өзі бағалауы; 
— Ерік-жігері; 
— Психомоторлық жағдайы; 
— Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы; 
— Оқу біліктілігі; 
— Еңбек біліктілігі; 
— Коммуникативтілігі; Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль тол- тырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді. Диагностика қорытындысы мектепішілік конси- лиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың дамуының мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол- жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете-дамыту бағдарламасын құрады. II. Түзете-дамыту бағыты бойынша: Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады. Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді: 
— сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; 
— кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; 
— пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; 
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; 
— зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; 
— көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; 
— психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді. III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: 
— ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу 
— баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; 
— оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; 
— эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу; 
— әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; 
— ата-аналармен жұмыс: 
— баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; 
— ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; 
— ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; 
-ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу. Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру. IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты 
— баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; 
— баланы шығармашылыққа тарту; 
— баланы мектепішілік, мектеп аралық мереке, ісшараларға қатыстыру; 
-баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; 
-мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету. Сонымен қатар баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда әлеуметтік-бейімдеу бағыты оқушылардың, қоғамның толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады. V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:  Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, ісшараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады: 
-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау. 
-оқушыға портфолио құрастыру Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім- білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе. ППҚ қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. ПДТ ба ланың танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт – мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады. Яғни, ол сыпайылық, педагогикалық әдеп, оқу процесінде балаға көмек қолын созу, сәтсiздiктердiң себептерi мен жетістіктерді ұғыну мен өз мамандығын сүю. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз. Қорыта келгенде баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары төмендегідей: 
-ППҚ қолдауының мақсаттылығы 
-ППҚ қолдаудың үздіксіздігі 
— ППҚ қолдаудың бірізділігі 
-ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы) 
— ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі.
Қолданылған әдебиеттер: 1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заң. 2002ж, 11 шілде. 2. Проект Концепции развития инклюзивного образования в Республике Казахстан на 2005-2010г. 3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.http://school15kaz.kz/%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%BB%D1%8E%D0%B7%D0%B8%D0%B2%D1%82%D1%96-%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80/?preview_id=2604&preview_nonce=fd69533ead&preview=true


Инклюзивті оқыту

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
  4. Барлық адам бір-біріне қажет.
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
  8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың топтары:

  1. Есту қабілеті нашар балалар (кереңдер, нашар еститіндер, саңыраулар).

2.Көру бұзылыстары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер, көру мүмкіндігінен кеш айырылғандар).

  • Қимыл-қозғалыс аппаратының функциясында бұзылыстары бар балалар.
  • Сөйлеутілінде,тіл мүкістігі бар балалар.
  • Ақыл-есі кем балалар.
  • Психикалықдамуытежелгенбалалар.
  • Іс-әрекетіндежәнеэмоционалдық-еріктікаймағындабұзылыстары бар балалар.
  • Күрделібұзылыстары бар балалар, соныменқатарсоқыр-естімейтіндер.

Инклюзивтібілім беру оқушылардың айырмашылықтарын мойындаудан басталады. Білім беру жүйесінің даму бұзылыстары бар балаларды жеке тұлға ретінде қабілеттерінің ашылып, барынша жетілуіне әсер ететін әлеуметтік-психологиялық оңалтуда үлкен мүмкіндіктері бар.

 Қазіргі таңда ерекше қажеттіліні бар оқушылармен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін бәрімізде түсінеміз. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі  мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің  жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық,  әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең  психологиялық жағынан  ауыр болады. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Ерекше қажеттілігі бар балалар өз құрдастарының ортасында еш кедергіні сезінбей ортада жүргені жақсы. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балалар бірге оқығанда олардың даму мүмкіндіктері жақсаратындығы туралы түсінік алады.Бұл оның дамуына, тез оңалуына әсер етеді.

Ол өзінен қабілеті жоғары оқушыларға еліктеп, өзгереді.  Олармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге әрекет етеді. Мұғалім барлық оқушыға бірдей қараған  жерде ерекше қажеттілігі бар балалардың дамып кетуі заңды құбылыс екенін жақсы білеміз. Ерекше қажеттілігі бар баланы зерделеудегі диагностикалық қадамдар:

— баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;

— баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау;

— баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау;

— мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін,ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу;

— жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау;

— компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;

— баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.http://school15kaz.kz/%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%BB%D1%8E%D0%B7%D0%B8%D0%B2%D1%82%D1%96-%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80/?preview_id=2604&preview_nonce=fd69533ead&preview=true

Перейти к верхней панели