Жантану

Баланың күнделікті сабаққа дайындалуындағы ата-ана ескеретін жайттар (ата-аналарға)

Ең алдымен үйде балаңыздың тұрақты жұмыс орны, жинақы үстелі, бойына шақ орындығы болуы, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс. Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу үстеліне жақын сөреде болғаны жөн. Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз үстелінің маңындағы көрнекі жерге кестелер: сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыштар әзірлеген дұрыс.Бала мектептен шарашап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.
Екінші ауысымда оқитындарға да ұйқы ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады.
Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн.Оқушыны оқу еңбегіне дағдыландыру үшін оның оқу жұмысының алдында мынадай ережелерді іліп қою артық емес.

1. Бөлмені желдетіп алу.
2. Компьютерді, теледидарды, телефонды қолданбау.
3. Ертең қандай сабақтар болатынын анықтап үй тапсырмасын күнделігіңе жазып қою.
4. Үстел үстіндегі артық заттарды алып тастау.
5. Оқитын оқулығыңды, дәптер, қаламсабыңды т.б. ал да жазу үстеліңнің сол жағына реттеп қой.
6. Түзу отырып сабаққа кіріс.

Мектеп мұғалімдерінің психологиялық саулығын сақтау шараларын төмендегідей жүйеледік: (мұғалімдерге)

1. Дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтану дене дамуына жəне психологиялық дамуға əсер ететін фактор. Көп мөлшерде ауызсу ішу, керісінше, эмоцияны басқара алуға көмектеседі.
2. Белсенділік. Денсаулық психологиялық саулықпен тығыз байланысты. Күнделікті бір уақытта ұйқыға жатуға жəне таза ауада серуендеуге дағдыланған дұрыс.
3. Эмоцияны басқару. Негативті эмоцияны басқара алу іскерлігі – эмоциялық интеллект көрсеткіші. Конфликтілі жағдаяттар барысында сабыр сақтау, өз ойын дəлелді түрде ортаға сала білуге дағдыланған жөн.
4. Кемшілігін білу жəне саналы түрде мойындау. Мұғалім өзінің қандай жағдайда ашу шақыратынын, жағымсыз жағдайда қалатынын білуі керек.
5. Негативті ойды позитивке айналдыру. Мұғалім қажетсіз жағымсыз ақпараттарды қабылдамауға тырысуы керек. Күнделікті қарапайым құбылыстар мен оқиғаларға қуана білуге үйрену қажет.
6. Атқаратын кəсіби қызметін жəне еңбек демалысын жоспарлай білуі. Дұрыс жоспарлай алу мұғалімді артық қысымнан сақтайды.
7. Қызығушылыққа көңіл бөлу. Мұғалім өзінің жеке қызығушылығына көңіл бөлуі керек жəне дене жəне рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға уақыт тапқаны жөн.

ТҮЛЕКТЕРГЕ КЕҢЕС (емтиханға дайындық)
  • Сабаққа орын дайында; үстелдің үстінен керек емес заттарды алып таста, керек оқулықтарды, құралдарды, дәптерлерді, қағаздарды, қарындаштарды ыңғайлы орынға қой.
  • Бөлменің интерьеріне сары және күлгін түстерді еңгізіп қойыңдар (олар интеллектуалдік белсенділікті жоғарлатады). Осы үшін сурет немесе эстампа қажет. Сабақтың жоспарын жасаңыз. Біріншіден анықтаңыз: кімсіз- «үкі» немесе «бозторғай», осыған қарай таңертеңгі немес кешкі сағаттарын пайдаланып, әр күнге дайындау жоспарын жасағанда, бүгін не оқу қажет екенін анықтау керек.
  • Оқуды білмейтін материалдан, қиын саласынан бастаңыз. Егер сізге оқуды бастауға қиын болса, онда қызықты және ұнайтын материалдан бастаңыз. Оқу мен демалысты кезектеңіз: 40 минут сабақ, 10 минут үзіліс. Үзіліс кезінде гүлдерге су құюға, ыдыс-аяқты жууға, дене шынықтыру жаттығуларды жасауға, душ қабылдауға болады.
  • Пән бойынша әр түрлі жарияланған тестерді көп орындаңдар. Жаттығулар сізді тест тапсырмаларының құрылысымен таныстырады.
  • Жаттығуларды секундомер арқылы жасаңдар, тесті орындау уақытың белгіленіз (1 тапсырмаға ең көбі – 1,5 минут кетуге тиіс).
  • Емтиханға дайындалу барысында зор жетістікке жету суретін ойыңызға елестетіп отырыңыз. Ешқашанда тапсырманы орындай алмаймын деп, ойламаңыз. Қиын материалдарды қайталауға емтихан алдында бір күн қалдырыңыз.
Перейти к верхней панели